Алматы, 20 мамыр 2022 жыл – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell», «Компания» немесе «Қоғам») (KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы операторлардың бірі, ағымдағы жылдың 19 мамырында өткен «Кселл» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының («АЖЖЖ») отырысында 2021 жылдың қорытындысы бойынша пайданы дивидендтерге бөлуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылданғаны туралы хабарлайды.
АЖЖЖ-да «Кселл» АҚ ірі акционері – Қоғамның 51% акциясына ие «Қазақтелеком» АҚ осындай ұсыныс жасады. Еліміздің телеком-операторы өзінің ұстанымын тұрақсыз экономикалық ахуалмен, валюталық тәуекелдермен және «Кселл» АҚ-ның капекс бағдарламасына (capital expenditure) – капитал шығындарға шоғырлану қажеттігімен дәлелдеді. «Кселл» АҚ-ның ағымдағы қызметіне әлемдегі қазіргі тұрақсыз экономикалық жағдай зор әсер етті. «Кселл» АҚ бизнесті жылдам қалпына келтіре алды және негізгі қаржылық көрсеткіштердің өсуін көрсетуді жалғастырды, бірақ қазір компания үшін жаңа сыртқы тәуекелдерді алып тастау мүмкін емес.
Осыған байланысты дивидендтерді төлеу мерзімін ауыстыру ұсынылды және «Кселл» АҚ Директорлар кеңесіне 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Компания қызметінің қорытындылары бойынша 2022 жылдың 15 қыркүйегіне дейінгі мерзімде өткен кезеңдердің бөлінбеген пайдасын бөлу бойынша ұсыныстар беру тапсырылды. Бұл ретте осы мақсатқа арналған қаражат Компанияда оларды жаңа жобаларға, бірінші кезекте ауыл тұрғындарының кең жолақты интернетке қол жеткізуін қамтамасыз ету, жаңа базалық станциялар мен өзге де инфрақұрылым салу, сондай-ақ байланыс сапасын жақсарту бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларға инвестициялау ұсынысымен қалады.
«Геосаяси және экономикалық жағдайды назарға ала отырып, біз Компанияның оны одан әрі дамыту жөніндегі жоспарлары оған тәуелді емес факторларға байланысты тәуекелге ұшырайтын жағдайдың алдын алғымыз келеді», – деді АЖЖЖ-да «Қазақтелеком» АҚ Сыртқы активтерді басқару қызметінің басшысы Дамир Муллашев. – Айта кетерлігі, біз қазіргі жағдайда жаңа жобаларға қажетті қаржылық негіз құру үшін төлемдерді бірнеше айға кейінге қалдыруды ұсынамыз».
«Кселл» АҚ «250 +» бағдарламасының белсенді қатысушыларының бірі болып табылады, оның аясында республиканың ауылдық елді мекендерінде мобильді интернетпен қамту желілері ашылады. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Компания ауылдық елді мекендерді қамтитын 300 жаңа станцияны іске қосты. Бұл ретте бұрын мобильді байланыспен қамтамасыз етілген 42 ауылда байланыс сапасын арттыру үшін қосымша 3G/4G базалық станция іске қосылды.
«Мұның барлығы дамуға бағытталған үлкен күрделі салымдармен қатар жүреді, осыған байланысты ақшаны әзірге Компанияның иелігінде қалдыру ұсынылады», – деп атап өтті Дамир Муллашев. – Бұл ретте, барлық акционерлердің мүдделерін есепке алу мақсатында «Кселл» АҚ Директорлар кеңесіне Компанияның 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындылары бойынша өткен кезеңдердің бөлінбеген пайдасын бөлу бойынша ұсыныстар беру тапсырылды. Күзге қарай елде де, шетелде де экономикалық ахуал тұрақтанады деп күтеміз, бұл Компания менеджментіне 2021 жылға арналған даму үшін де, дивидендтерді жоспарланған көлемде төлеу үшін де қажетті бюджетті қалыптастыру тәсілдерін қайта қарауға мүмкіндік береді», – деп түйіндеді «Қазақтелеком» АҚ Сыртқы активтерін басқару қызметінің басшысы.
Анықтама үшін:
Инвесторлармен байланыс | |
Ирина Мартинез | Тел: +7 701 211 1202Investor_relations@kcell.kz |
Жұртшылықпен және БАҚ-пен байланыс | |
Гульназ Абдували | Тел: +7 701 211 8680 |
pressa@kcell.kz |
Компания туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын ұлттық қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Компания сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTE желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 67,5% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Компания клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.