«Кселл» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

Алматы, 2021 жылғы 13 шілде –  «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») (KASE, AIX: KCEL), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор, Қоғам Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 23 қыркүйекте сағ.11:00-де (Алматы уақыты бойынша) келесі мекенжайда «Кселл» АҚ Акционерлерінің  кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешімін хабарлайды: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әлімжанов к-сі, 51 Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеу Алматы қ. уақыты бойынша сағат 10:00 басталады.

Компания Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы көзбе-көз тәртіпте өткізіледі.

Егер жиналыс аталған күні өткізілмесе, ол 2021 жылғы 27 қыркүйек, Алматы уақыты бойынша. сағат 11:00-ге ауыстырылады.

Кезектен тыс жалпы жиналысқа қатысу құқығына 2021 жылғы 23 шілдедегі қалпында (Алматы уақытымен 00:00) Бағалы қағаздар орталық депозитариімен бағалы қағаздарды ұстаушы тізілімінде акционер ретінде тіркелген акционерлер ие.

Тіркелу үшін қатысушыларға жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну қажет.  Сенім білдірілген тұлғалар дауыс беру құқығымен жиналысқа  қатысуға берілген сенімхатты көрсетуі қажет.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының ұсынылатын күн тәртібі:

  1. «Кселл» АҚ Есеп комиссиясының сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін анықтау туралы.
  2. «Кселл» АҚ Жарғысына өзгерістер енгізу туралы

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар

Компания акционерлері Кезектен тыс жалпы жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарымен materialsgm@kcell.kz электрондық мекенжайына сұраным мен акционердің мәртебесін растайтын құжаттарды жолдау арқылы немесе «Кселл» АҚ атқарушы органы орналасқан жері бойынша ала алады:  Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Самал-2 ықш., 100-үй Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен акционерлер жиналысты өткізу күніне дейінгі 10 күннен кешіктірмей таныса алады. Акционердің сұранымы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар оған сұраным алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жолданады. Құжаттардың көшірмелерін жасау және құжаттарды жеткізу шығыстарын акционер көтереді. 

Байланыс деректері 
Инвесторлармен байланыс жөніндегі сарапшы 
Ирина ШольТел: +7 727, 2582755, ішкі 1002Investor_relations@kcell.kz
  
  

 Компания туралы

Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын  қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.

Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің  жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.

Scroll to Top

Басқарма мүшесі, Бас қаржы директоры

Муллашев Дамир Шамильевич 2003 жылы Қазақстандық Менеджмент, Экономика және Болжамдау институтын (ҚМЭиБ) бітірген. Мамандығы бойынша жалпы жұмыс өтілі - қаржы саласында 20 жыл, оның ішінде 13 жыл басқарушы позицияларда. Мансабын банк секторында бастаған, 2007 жылдан бастап инвестициялық банкте және 2013 жылдан бастап тікелей инвестициялар қорында жұмыс істеген. Телекоммуникация саласындағы жұмыс тәжірибесін 2016 жылы «Қазақтелеком» АҚ Сыртқы активтерді басқару қызметінің басшысы қызметінен бастады. M&A мәмілелерін жасау, телекоммуникациялық активтерді басқару және борыштық және үлестік қаржыландыруды тарту бөлігінде корпоративтік қаржыда үлкен тәжірибесі бар. Дамир Шамильевич Kcell-ге 2022 жылдың қыркүйегінде Бас қаржы директорының орынбасары ретінде қосылды, ал 2022 жылдың желтоқсанынан бастап Бас қаржы директоры міндетін атқарды.

Басқарма мүшесі, Бас коммерциялық директор

Цой Ольга Вячеславовнаның ҚМЭиБ-де алған жоғары білімі және іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесі бар. Жалпы жұмыс өтілі - коммерциялық секторда түрлі салаларда 17 жыл, оның ішінде 13 жыл басқару позицияларында: 3 жыл FMCG және retail, 8 жыл телекоммуникация саласында, 3 жыл консультациялық бизнесте (FinTech және InsuranceTech) және 3 жыл банкте. 2023 жылдан бастап «Кселл» АҚ Бөлшек бизнес департаментінің директоры қызметіне тағайындалды.

Ибраев Данияр Кадылханович – ҚР ҰҚК Әскери институтының (қазіргі уақытта - ҰҚК Шекара қызметінің академиясы) «Электр байланысы инженері» мамандығы бойынша түлегі, оны 2000 жылы бітірген, әрі қарай 2007 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітіріп, «құқықтану бакалавры» біліктілігіне ие болған. 2020 жылдан бастап «Кселл» АҚ-да Стратегиялық даму департаментінің кеңесшісі, одан кейін Қауіпсіздік департаментінің бас сарапшысы лауазымдарында жұмыс істеді. 2017 жылдан бастап «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-да еңбек еткен, бұл кезеңге дейін мемлекеттік органдарда жұмыс істеді.

Страшенко Кирилл Валерьевич 2004 жылы Алматы Энергетика және Байланыс институтын (АЭБИ), электрбайланыс инженері мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылдан 2016 жылға дейін «Кселл» АҚ-да деректерді беру жүйелерінің инженерінен бастап деректерді беру жүйелері бөлімінің бастығына дейін түрлі қызметтерді атқарды. 2016-2018 жылдар аралығында желі және АТ инфрақұрылымы менеджері қызметін атқарды, сондай-ақ «Кар-Тел» ЖШС-мен бірлескен LTE желісі құрылысының жобалық жетекшісі лауазымына тағайындалды. 2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін техникалық директордың орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдан 2022 жылдың мамырына дейін Желіні дамыту менеджері қызметін атқарды. 2019 жылы «Құрметті Байланысшы» мемлекеттік марапатына ие болды.

Бас корпоративтік директор

Азамат Уйсумбаев соңғы 12 жыл бойы «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобында түрлі позицияларда жұмыс істеді, оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ Басқарушы директоры - Қаржы бақылаушысы және «KT Cloud Lab» ЖШС коммерциялық директоры. Телекоммуникация саласына келгенге дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында жұмыс істеді. Экономика және заң мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Мәскеу қаласындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының МРА&МВА магистр дәрежесіне ие. «Цифрлық Трансформация көшбасшылары» қосымша кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша Мәскеу «Сколково» басқару мектебінде біліктілікті арттыру курсын табысты аяқтады. Қазіргі таңда Nazarbayev University-де Executive MBA бағдарламасы бойынша білім алуда.

Басқарма мүшесі, Цифрлық даму жөніндегі бас директор

Амардинов Малик Алимжановичтің2 жоғары білімі бар 2008 жылы «Алатау» Қазақстан университетінің Банк ісі академиясын, Қаржы факультетін, 2016 жылы Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ЕТжБҚ факультетін бітірген. Жалпы жұмыс өтілі - АТ-да 16 жыл, оның ішінде 12 жыл банк секторында басшы орындарда. Соңғы атқарған қызметтері - Fortebank атқарушы директоры және Fortebank Бас АТ сәулетшісі.

Басқарма Төрағасы, Бас атқарушы директор

Узбеков Асхат Архатович 2000 жылы «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша оқуын аяқтаған «Тұран» университетінің түлегі болып табылады. Ол 2022 жылы London Business School-да Executive MBA алды. 2005 жылға дейін Асхат Узбеков «Эрнст энд Янг Қазақстан» ЖШС Салық салу және аудит бөлімдерінде жұмыс істеді, келесі жеті жыл ішінде, 2012 жылдың басына дейін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Қазынашылық департаментінде түрлі лауазымдарды атқарды, содан кейін 2 жыл бойы, 2014 жылдың желтоқсанына дейін, «KMG EP International» (Нидерланды) компаниясында қаржы директоры болып жұмыс істеді.

Асхат Узбеков «Қазақтелеком» АҚ жүйесіне 2015 жылдың қаңтарында келіп, қызметін еліміздің ең ірі телекоммуникациялық операторында қаржы департаментінің директоры қызметінен бастады, 2015 жылдың наурыз айында «Қазақтелеком» АҚ Басқарушы директоры - бас қазынашысы болды. 2016 жылғы қаңтарда Узбеков мырзаның лауазымдық өкілеттіктеріне «Қазақтелеком» компаниялар тобының қаржылық бақылаушысы міндеттері қосылды, ал 2016 жылғы қыркүйектен бастап осы уақытқа дейін ол компанияның бас қаржы директоры лауазымын атқарды. 2018 жылы «Кселл» АҚ акцияларының 75%-ын сатып алу бойынша мәміле оның қатысуы арқылы жүзеге асырылды.

Кишкимбаева Алия 2022 жылғы 19 мамырдан бастап «Кселл» Директорлар кеңесінің құрамында.

Акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі

2019 жылдан бастап Кишкимбаева ханым «Қазақтелеком» АҚ Құқықтық мәселелер және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры болып табылады. Кишкимбаева ханым «Әділет» Жоғары құқық мектебін «Құқықтану» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақ Мемлекеттік Әлемдік тілдер университетінің ағылшын тілі факультетін бітірген.  

Кишкимбаева ханымның телекоммуникация саласында, сондай-ақ мұнай инфрақұрылымы саласында мол тәжірибесі бар.  Бұрын «Кселл» АҚ, ПетроҚазақстан Инк., "AralParker” ҚАСП ЖАҚ-та жұмыс істеген.

Лезговко Александр 2022 жылғы 19 мамырдан бастап «Кселл» Директорлар кеңесінің құрамында.

Акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі

А. Лезговко мырзаның телекоммуникация саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар. 1999 жылдан «Қазақтелеком» АҚ-да жұмыс істеді. 2007 жылдан 2021 жылға дейін «Қазақтелеком» АҚ Бас техникалық директоры қызметін атқарды.  

А.Лезговко мырза Алматы энергетика институтын «Автоматты электр байланысы» мамандығы бойынша бітірген.

2005 жылы «Құрметті байланысшы» атағына ие болды.

2012 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.

Пиетари Кивикко 2022 жылғы 19 мамырдан бастап «Кселл» Директорлар кеңесінің құрамында.

Тәуелсіз директор

Кивикко мырзаның телекоммуникация саласында көп жылдық тәжірибесі бар, ол TeliaSonera және Tele2 басшылық қызметтерде жұмыс істеді. Ол сондай-ақ Ресейдегі Paroc Owens Corning Insulation Materials басқарушы директоры болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта Fexcon Consulting компаниясының басқарушы директоры. 

Кивикко мырзаның Экономика және іскерлік әкімшілендіру мектебінің (University of Turku) Түрку, Финляндия, басқару есебі, коммерциялық құқық және маркетинг мамандығы бойынша Магистр дәрежесі бар.

2020 жылғы 15 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Тәуелсіз директор.

Калмис мырза дамушы нарықтарға ерекше назар аудара отырып, телекоммуникация және көтерме-бөлшек сауда саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесіне ие. 2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың маусымына дейін ол Metro Cash & Carry ресейлік бөлімшесінің бас директоры болды. Бұған дейін Калмис мырза телекоммуникация секторында түрлі басшылық лауазымдарды атқарды, оның ішінде Ресей Tele2 бас директоры, WorldTelecomunicazioni басқарушы директоры, «VEON» ААҚ Мәскеу кеңсесінің басқарушы директоры қызметтерін атқарды. Калмис мырза Бэйтс университетінің (Мэн штаты, АҚШ) саясаттану және экономика саласында бакалавр дәрежесіне ие, сондай-ақ Уортон бизнес-мектебінің (Wharton School of Business) басшы кадрларын даярлау бағдарламасынан өткен.

2019 жылғы 25 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Диекторлар кеңесінің төрағасы.

Буянов мырза сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ тәуелсіз директоры және Bengala Investments директоры. 2002-2014 жылдар аралығында ол аға вице-президент және бас қаржы директоры қызметін атқарды, сондай-ақ акциялары Лондон қор биржасында бағаланатын инвестициялық қор - «Система» ААҚ Басқармасының құрамына кірді.
2014 жылдан 2016 жылға дейін Redline Capital Management S.A. инвестициялық комитетінің басқарушы директоры және басшысы болды. Буянов мырза Мәскеу физика-техникалық институтын (MFTI) «қолданбалы физика және математика» мамандығы бойынша аяқтаған, сондай-ақ Оксфорд университетінің Саид бизнес мектебінің (Said Business School) Oxford Fintech Programme түлегі болып табылады.