Алматы, 4 қараша 2021 – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») (KASE, AIX: KCEL), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші операторларының бірі, Қоғам Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 6 желтоқсанда сағ.11:00-де (Алматы уақыты бойынша) келесі мекенжайда «Кселл» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешімін хабарлайды: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әлімжанов к-сі, 51 Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеу Алматы қ. уақыты бойынша сағат 10:00 басталады.
Компания Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы көзбе-көз тәртіпте өткізіледі.
Егер жиналыс аталған күні өткізілмесе, ол 2021 жылғы 7 желтоқсан, Алматы уақыты бойынша. сағат 11:00-ге ауыстырылады.
Кезектен тыс жалпы жиналысқа қатысу құқығына 2021 жылғы 6 қарашадағы қалпында (Алматы уақытымен 00:00) Бағалы қағаздар орталық депозитариімен бағалы қағаздарды ұстаушы тізілімінде акционер ретінде тіркелген акционерлер ие.
Тіркелу үшін қатысушыларға жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну қажет. Сенім білдірілген тұлғалар дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға берілген сенімхатты көрсетуі қажет.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының ұсынылатын күн тәртібі:
- «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар
Компания акционерлері Кезектен тыс жалпы жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарымен materialsgm@kcell.kz электрондық мекенжайына сұраным мен акционердің мәртебесін растайтын құжаттарды жолдау арқылы немесе «Кселл» АҚ атқарушы органы орналасқан жері бойынша ала алады: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әлімжанов к-сі, 51 Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен акционерлер жиналысты өткізу күніне дейінгі 10 күннен кешіктірмей таныса алады. Акционердің сұранымы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар оған сұраным алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жолданады. Құжаттардың көшірмелерін жасау және құжаттарды жеткізу шығыстарын акционер көтереді.
Байланыс деректері | |
Инвесторлармен байланыс жөніндегі сарапшы | |
Ирина Шоль | Тел: +7 727, 2582755, ішкі 1002Investor_relations@kcell.kz |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта Компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
Алдағы уақытта Компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендтерінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.