Алматы, 12 сәуір 2021 – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell», «Кселл» немесе «Компания») (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор 2021 жылғы 9 сәуірде өткен Компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының (АКТЖЖ) қорытындыларын туралы хабарлайды.
АКТЖЖ күн тәртібі мыналарды қамтыды:
- GDR бағдарламасының тоқтатылуын, бағалы қағаздардың делистингін және Deposit Agreement бұзуды мақұлдау туралы.
АКТЖЖ дауыстардың көбісімен келесі шешімдерді қабылдады:
- Мақұлдансын:
- Біріккен Корольдіктің Қаржылық реттеу және бақылау басқармасының ресми тізімінен Жаһандық депозитарлық қолхаттарды («GDR») алып тастау және Лондон қор биржасындағы (LSE) сауда-саттыққа, сондай-ақ Халықаралық биржадағы сауда-саттыққа жіберуді тоқтату үшін «Кселл» АҚ-ның GDR шығару және айналымға түсіру бағдарламасын тоқтату
- Лондон қор биржасында (LSE) және «Астана» халықаралық қаржы орталығының (AIX) биржасында «Кселл» АҚ GDR ерікті делистингі;
- 2017 жылғы 17 желтоқсандағы қосымша келісімді қоса алғанда, 2012 жылғы 23 қазандағы «Кселл» акционерлік қоғамының жай акцияларына жаһандық депозитарлық қолхаттарға қатысты «Кселл» АҚ мен Дойче Банк Траст Компани Америкас (Deutsche Bank Trust Company Americas) арасындағы Депозитарлық шартты («Депозитарлық шарт») бұзу
- «Кселл» АҚ Директорлар кеңесіне белгіленген тәртіппен Депозитарлық шартты бұзу, сондай-ақ Лондон қор биржасында (LSE) «Кселл» АҚ GDR делистинг рәсімдерін қамтамасыз ету және «Астана» халықаралық қаржы орталығының (AIX) биржасында, «Кселл» АҚ-ның GDR бағдарламасын тоқтату шеңберінде GDR иелерімен өзара әрекеттестікте, оның ішінде «Кселл» АҚ акцияларына GDR айырбастауға қатысты және (немесе) осы шешімге байланысты «Кселл» АҚ акционерлерінің талаптары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында және «Кселл» АҚ Жарғысында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен акцияларды сатып алу жөнінде қажетті шешімдер қабылдау тапсырылсын.
2021 жылғы 25 ақпандағы Компания циркулярына (оған циркуляр сілтемесі арқылы қол жеткізуге болады) («Циркуляр») сәйкес Компания акционерлері және жаһандық депозитарлық қолхаттардың («ЖДҚ») иелері 2021 жылғы 9 сәуірден бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында және Компанияның жарғысында белгіленген тәртіппен және шарттарда АКТЖЖ-да қабылдаған шешімдерге байланысты олардың жай акцияларын немесе ЖДҚ-ларды сатып алуды талап етуге құқылы («Сатып алуды талап ету құқығы»). Сатып алуды талап ету құқығы акционерлерге және/немесе ЖДҚ иелеріне Компанияның акцияларын және/немесе ЖДҚ Акциялардың құнын айқындау әдістемесіне сәйкес айқындалған баға бойынша сатып алуын талап етуге мүмкіндік береді. Сатып алуды талап ету құқығы Циркулярда, атап айтқанда, Циркулярдың III бөлiмiнiң 3.4-тармағында баяндалған.
Құқықтарды іске асыруға қатысты кез келген мәселелерді мына мекенжайға жіберу қажет: Investor_relations@kcell.kz
Компанияның акциялары ЖДҚ Ресми тізімнен шығарылғаннан және Лондон қор биржасындағы сауда-саттыққа рұқсат беруді тоқтатқаннан, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасындағы сауда-саттыққа ЖДҚ жіберуді алып тастағаннан және тоқтатқаннан кейін Қазақстан қор биржасында сауда-саттықты жалғастырады.
Бұдан әрі хабарландыру қажеттілігіне қарай жасалады.
Анықтама үшін:
Kcell | |
Инвесторлармен байланыс | |
Ирина Шоль | Tel: +7 727 2582755 ішкі тел. 1002Investor_relations@kcell.kz |
Шетел БАҚ | |
College Hill | Tel: +44 207 457 2020 |
Кей Ларсен, Галина Кулачек |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
Алдағы уақытта Компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.