2023 жылғы 16 қарашада Алматыда өткен «Қаржы нарығын трансформациялаудағы биржалардың рөлі» атты халықаралық форумда Қазақстан қор биржасы «Кселл» АҚ-ға «Акциялар нарығының көшбасшысы», сондай-ақ «Қазақстандық капитал нарығын дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациялары бойынша марапаттарды табыстады.
Халықаралық биржа форумы аясында 30 жыл бойы елеулі үлес қосқан қаржы ұйымдарының, қаржы секторының сарапшылары мен мамандарының, сондай-ақ қазақстандық қор нарығының үздік өкілдерінің, листингтік компаниялардың, жетекші қаржыгерлердің, БАҚ өкілдері мен KASE серіктестерінің «Қор нарығын дамытуға қосқан үлесі үшін» және «Ұзақ мерзімді ынтымақтастығы үшін» марапаттау рәсімдері өтті.
Қазақстан қор биржасынан алынған марапатар Kcell үшін алғашқы емес.
2016 жылы KASE алаңында сауда жасайтын жүздеген компанияның ішінен Kcell ашықтық пен ақпаратты ашудың жоғары деңгейі үшін «Ашықтыққа ұмтылу» санатында үздік деп танылды.
Анықтама үшін:
Биржамен жұмыс жөніндегі уәкілетті тұлға
Дамир Муллашев
investor_relations@kcell.kz
Компания туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс және тіркелген байланыстың конвергентті қызметтерін (FMC), деректерді беру және Интернетке қолжетімділікті, қаржы сервистерін, цифрлық сервистерді және мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграция, заттар интернеті, машинааралық өзара іс-қимыл саласындағы ат-шешімдерді (machine to machine) ұсыну, ірі телекоммуникациялық қызметтерді жинау және өңдеу, деректер және бұлтты есептеу жөніндегі қазақстандық оператор. Смартфон+тариф сервисін көрсететін Қазақстандағы жетекші оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдерді әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ең ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Компания В2В нарығында тік, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен жетекші орын алады. 4G/LTE желісінің қамту аймағы Қазақстан Республикасы халқының 67,5%-ды қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Компания Kcell және activ брендтерімен ұсынылған, олар тұтынушыларға қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында бәсекеге қабілетті телекоммуникация нарықтарында жақсы жұмыс істеді. Нақты мультибрендтік архитектураның арқасында Kcell пакеттік қызметтерге, клиенттік базаның рентабельділігін басқаруға және желі сапасына қатысты оңтайлы баға белгілеу есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттырады.