Алматы, 8 қаңтар 2021 – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі Kcell немесе Компания) (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL .Y) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы оператор, 2021 жылдың 6 ақпанында компанияның Директорлар кеңесі Харламов Юрий Евгеньевичті сайланған күннен бастап бір жыл өкілеттік мерзімімен 2021 жылдың 6 ақпанынан бастап «Кселл» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындау туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.
Харламов Юрий Евгеньевичтің телекоммуникациялық салада, соның ішінде басқарушылық салада 20 жылдан астам тәжірибесі бар. 2020 жылғы наурыздан бастап «Кселл» АҚ Бас қаржы директоры және 2020 жылғы маусымнан бастап Басқарма мүшесі болып табылады.
Харламов Юрий Евгеньевич Мәскеу Электронды Техника Институтын «Менеджмент» мамандығы бойынша және Бирмингем Университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген. MBA – London Business School дәрежесіне ие.
Директорлар кеңесі Юрий Евгеньевич «Кселл» АҚ Бас атқарушы директоры және Басқарма Төрағасы рөлінде Компанияның стратегиясы мен операциялық өзгерістеріндегі сабақтастықты қамтамасыз етеді деп пайымдайды.
Анықтама үшін:
Kcell | |
Инвесторлармен байланыс | |
Ирина Шоль | Tel: +7 727 2582755 ішкі тел. 1002Investor_relations@kcell.kz |
Шетел БАҚ | |
Instinctif Partners | Tel: +44 207 457 2020 |
Кей Ларсен, Галина Кулачек |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
2012 жылғы желтоқсан айында Kcell Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.
2018 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ Kcell-дің Telia Company және Fintur Holdings B.V. компанияларына тиесілі 75% акциясын сатып алды.
Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.