ҚР өнеркәсібі Кселлмен кооперацияда 4.0 Индустриясына көшуде

                                                                                                                                             Қостанай қ.

Еліміздің жетекші мобильді операторы Кселл IT және телеком-шешімдерді енгізу арқылы Қазақстанның ірі өнеркәсіптік нысандарын цифрландыруды қолға алды. Бүгінде оператор түрлі IoT-шешімдерді қолдану арқылы Private LTE (жеке желілер) технологиясын белсенді енгізуде. Елдің тау-кен секторының ірі өкілдері- Polymetal International және KAZ Minerals-пен қатар ұялы байланыс компания ұсынған жеке желіні немесе private LTE-ні Eurasian Resources Group та таңдады. Кеше Қостанай облысындағы ERG объектілерінде -ССТБӨБ және Качары Кенінде, Кселл өндірістік компанияның ішкі желісінің жабын аймағын кеңейтіп, қосымша 4G базалық станцияларын орнатты.

Айта кетейік, Кселлдің жоспарында пайдалы қазбаларды өндіру мен қайта өңдеудің технологиялық процестерінің тиімділігін арттыру және жалпы кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру үшін тау-кен өндіру және қайта өңдеу салаларындағы өнеркәсіптік алаңдарды Private LTE/5G жеке желілерімен жабу бар. Мәселен, Kcell ТМД-дағы алғашқы операторлардың бірі және Қазақстанда алғашқы болып KAZ Minerals өндірістік алпауыты үшін LTE толық ауқымды жеке меншік желісін өрістетті. «Мыс компаниясында» Private LTE енгізудің табысты кейсі операторға еліміздің басқа да өнеркәсіптік алаңдарында, атап айтқанда, Polymetal International фабрикалары мен кен орындарында қызметті ауқымдауға мүмкіндік берді. Бүгінде жеке желілерді қолданудың белсенді жақтаушыларының қатарында Eurasian Resources Group та бар, оның карьерлерінде Kcell 30-дан астам базалық станцияны орнатып, LTE технологиясы негізінде ішкі және оқшауланған желіні іске қосты.

««Біз Kaz Minerals Group алаңында – Ақтоғай кенішінде міндеті маңызды қолданбалы бағдарламалар үшін тұрақты, ақауларға төзімді және қауіпсіз деректерді беру ортасын құру болып табылатын Қазақстандағы бірінші жеке желіні іске қостық. Біз 5G көшуге бейімделген 19 базалық станцияны іске қостық. Кселлдің Private LTE желісі кәсіпорынға карьерлік көліктің тұрып қалуын 50% -ға қысқартуға, деректерді беру желісінің инфрақұрылымын жөндеу мен техникалық қызмет көрсету шығындарын едәуір азайтуға, кеніште жаңа цифрлық сервистерді іске қосуға мүмкіндік берді. Ал ERG жеке меншік желісіне келетін болсақ, ол үш облыста – Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында бірден 6 кәсіпорынды біріктіретін республикадағы ең үлкен жабын. ERG нысандарында іске асырылған Private LTE желісі – бұл тау-кен өндіру және көлік кешендерін басқарудың автоматтандырылған жүйесі үшін деректерді берудің тұрақты ортасы, сондай-ақ тау-кен өндіру жабдығының жалпы тиімділігін 10% -ға арттыру», – деп атап өтті «Кселл» АҚ басқарма төрағасы Асхат Узбеков.

Айта кетейік, бүгінгі таңда ERG нысандарында Кселл 34 базалық станция орнатып, private LTE желісін өрістетті, бұл компанияға бірден бірнеше міндеттерді шешуге мүмкіндік береді – бірқатар бизнес-процестерді автоматтандыру, машинааралық коммуникацияларды жолға қою, IoT-қадағалар арқылы деректер алмасуды, Push to Talk тұйық радиобайланысын іске асыру, цифрлық бейнебақылау, қауіпсіздік жүйесін біріктіру және тағы басқалар, бұл ретте осы сервистердің бір бөлігін Кселлдің қолдауымен жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл компанияға болашақта кеңейтуге және жаңа сервистер мен құралдармен толықтыруға болатын өзінің жеке экожүйесін іске қосуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, оператор ERG басқа нысандарында тағы да 8 базалық станцияны іске қосып, өндірістік алыптың жеке желісін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Сарбай карьері өзінің көлемі мен кен массасының көлемі мен тереңдігі жағынан тек Қазақстандағы ғана емес, сондай-ақ әлемдегі ең ірі кен карьерлерінің бірі болып есептеледі. Качары карьері де ауқымды болып көрінеді, оның жобалық тереңдігі 720 метрден асады. Қазір кеншілер 475 метр тереңдіктен өтті. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, бұл – Алматыдағы Көктөбедегі теледидар мұнарасының биіктігі. Және ERG үшін үлкен аумақтағы жұмыстың басым бөлігін автоматтандыру маңызды болды, онда кенді екі қабатты үй көлеміндей 220 тонналық өздігінен жүретін алып жүккөтергіштер тасиды. Және бұл алыптарды келешекте 4G-ден 5G-ге дейінгі қолданыстағы байланыс технологиясын жаңарту есебінен қашықтықтан басқаруға болады.

Кәсіпорын мамандары өндірісті цифрландыру және автоматтандыру өнімділікті арттырудан бастап private LTE-ге интеграцияланған IoT жүйелері мен қадағалар есебінен ұжымда қолайлы ахуалды қолдауға дейін өндірістік базаның, техника мен жабдықтың жай-күйін бақылау, сондай-ақ жүктеме мен жұмыс көлемін дұрыс бөлуге көмектесе алатын әр қызметкердің денсаулық жағдайы мен эмоциялық аясын бақылау сияқты бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік береді дейді.

«ССТБӨБ және Качары Руда алаңдарында базалық станцияларды орнату – карьерлерді цифрландыру жөніндегі ERG ауқымды жобасының бір бөлігі. Бұған дейін біз Кселлмен бірлесіп Шұбаркөл көмір, Қазақстан алюминийі және ЕЭК кәсіпорындарымызда LTE желілерін салу бойынша үлкен жұмыс атқардық. Демек, бұл кәсіпорындарда ондаған тау-кен көлігі техникасы корпоративтік ақпараттық жүйелерге тұрақты қосылумен қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда заманауи технологиялардың арқасында жүктиегіштер мен экскаваторлардың жұмысы туралы нақты ақпарат алуға болады, демек өндірістік процесті тиімді басқаруға болады. Біз жобаны 2019 жылы бастадық, ал биыл 216 шаршы шақырым private LTE желілерін қамтыдық. Салыстыру үшін бұл Тараз, Семей, Түркістан сияқты қалалардан асып түседі. Біздің желіге өнеркәсіптік жабдықты, техниканы, өндірістік персоналды қосу деректермен нақты уақытта жұмыс істеуге және қазіргі және болашақ цифрлық өнімдерден тікелей пайда табуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті бас директордың АТ және ERG цифрландыру жөніндегі орынбасары Еркін Шназбаев.

Жеке меншік желі немесе Private Network немесе private LTE – бұл белгілі бір ұйым немесе кәсіпорын үшін қауіпсіз және басқарылатын байланыс құралын ұсынатын тәуелсіз, жабық ұялы байланыс желісі. Ол жалпыға бірдей қолжетімді ұялы байланыс желілерінен ерекшеленеді және бірқатар артықшылықтар береді. Атап айтқанда, бұл өткізу жолағын басқаруды қоса алғанда, өзінің жеке желісін толық бақылау, желінің қауіпсіздігі мен конфигурациясымен, нақты қосымшалар мен құрылғылар үшін басымдықтарды реттеу және қызмет көрсету сапасын кепілдендіру мүмкіндігімен, сыни операциялар, желіні жабуды оңтайландыру және оның сенімділігі үшін маңызды әсіресе алыс немесе күрделі ортада, деректердің кідіруін төмендету, бұл роботтар мен автономды құрылғыларды басқару сияқты нақты уақыттағы қосымшалар үшін маңызды.

«Бүгін біз 5 жылдан астам уақыт бойы жүргізілген жұмыстың көлемі мен ауқымын бағалай алдық, Қазіргі заманда және жаңа технологиялардың көмегімен біз ең ауыр және қауіпті жұмысты машиналар мен техникаларға бере аламыз, процесті қауіпсіз әрі тиімді ете аламыз. Қазір біз елімізде белсенді түрде 5G іске қосып жатырмыз және бесінші буын желісінің нағыз пайдасы мен артықшылықтарын өндірісте көрсете алатынымызға сенімдімін. Мобильді компаниялар қазақстандық экономика үшін аса маңызды ірі шикізат өндірістері үшін цифрландырудың жолсерігі болып табылады. Операторлар ешбір көмексіз дербес түрде цифрландырудың жаңа деңгейіне шығуға, түрлі компаниялар мен кәсіпорындарға Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге көмектесетін деңгейге жетті. Барлық шикізат секторының даму жылдамдығы жергілікті сараптамаға, оның ішінде мобильді операторлардың осындай жобаларды іске асыру мүмкіндігіне аса байланысты деп есептеймін», – дейді «Кселл» АҚ бизнес-нарықты дамыту департаментінің директоры Динара Қасымова.

Өздеріңізге белгілі, Индустрия 4.0 – бұл төртінші өнеркәсіптік революцияны білдіретін термин, ол заманауи цифрлық технологиялардың өндірістік процестерге кірігуімен сипатталады және өндірістік салалардың қазіргі заманғы технологиялық трансформациясы контекстінде кеңінен қолданыла бастады.

Сонымен қатар, Кселлде private LTE-ны Қазақстанда таратуда пионер ретінде жеке сымсыз желілерге сұраныс 5G инфрақұрылымының дамуымен бірге едәуір өседі деп есептейді. Дәл осы pLTE компанияларды цифрлық түрлендіруге, түрлі цифрлық сервистер мен технологияларды – Заттардың интернетін, жасанды интеллект, үлкен деректер, бұлттық есептеулер, робототехника және өндірістік инфрақұрылым аясындағы процестерді автоматтандыру, смарт-фабрикалар, цифрлық телқосақ құру және тағы басқаларды таратуға және интеграциялауға негіз бола алады.

«Кселл» АҚ баспасөз қызметі

Scroll to Top

Басқарма мүшесі, Бас қаржы директоры

Муллашев Дамир Шамильевич 2003 жылы Қазақстандық Менеджмент, Экономика және Болжамдау институтын (ҚМЭиБ) бітірген. Мамандығы бойынша жалпы жұмыс өтілі - қаржы саласында 20 жыл, оның ішінде 13 жыл басқарушы позицияларда. Мансабын банк секторында бастаған, 2007 жылдан бастап инвестициялық банкте және 2013 жылдан бастап тікелей инвестициялар қорында жұмыс істеген. Телекоммуникация саласындағы жұмыс тәжірибесін 2016 жылы «Қазақтелеком» АҚ Сыртқы активтерді басқару қызметінің басшысы қызметінен бастады. M&A мәмілелерін жасау, телекоммуникациялық активтерді басқару және борыштық және үлестік қаржыландыруды тарту бөлігінде корпоративтік қаржыда үлкен тәжірибесі бар. Дамир Шамильевич Kcell-ге 2022 жылдың қыркүйегінде Бас қаржы директорының орынбасары ретінде қосылды, ал 2022 жылдың желтоқсанынан бастап Бас қаржы директоры міндетін атқарды.

Басқарма мүшесі, Бас коммерциялық директор

Цой Ольга Вячеславовнаның ҚМЭиБ-де алған жоғары білімі және іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесі бар. Жалпы жұмыс өтілі - коммерциялық секторда түрлі салаларда 17 жыл, оның ішінде 13 жыл басқару позицияларында: 3 жыл FMCG және retail, 8 жыл телекоммуникация саласында, 3 жыл консультациялық бизнесте (FinTech және InsuranceTech) және 3 жыл банкте. 2023 жылдан бастап «Кселл» АҚ Бөлшек бизнес департаментінің директоры қызметіне тағайындалды.

Ибраев Данияр Кадылханович – ҚР ҰҚК Әскери институтының (қазіргі уақытта - ҰҚК Шекара қызметінің академиясы) «Электр байланысы инженері» мамандығы бойынша түлегі, оны 2000 жылы бітірген, әрі қарай 2007 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітіріп, «құқықтану бакалавры» біліктілігіне ие болған. 2020 жылдан бастап «Кселл» АҚ-да Стратегиялық даму департаментінің кеңесшісі, одан кейін Қауіпсіздік департаментінің бас сарапшысы лауазымдарында жұмыс істеді. 2017 жылдан бастап «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-да еңбек еткен, бұл кезеңге дейін мемлекеттік органдарда жұмыс істеді.

Страшенко Кирилл Валерьевич 2004 жылы Алматы Энергетика және Байланыс институтын (АЭБИ), электрбайланыс инженері мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылдан 2016 жылға дейін «Кселл» АҚ-да деректерді беру жүйелерінің инженерінен бастап деректерді беру жүйелері бөлімінің бастығына дейін түрлі қызметтерді атқарды. 2016-2018 жылдар аралығында желі және АТ инфрақұрылымы менеджері қызметін атқарды, сондай-ақ «Кар-Тел» ЖШС-мен бірлескен LTE желісі құрылысының жобалық жетекшісі лауазымына тағайындалды. 2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін техникалық директордың орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдан 2022 жылдың мамырына дейін Желіні дамыту менеджері қызметін атқарды. 2019 жылы «Құрметті Байланысшы» мемлекеттік марапатына ие болды.

Бас корпоративтік директор

Азамат Уйсумбаев соңғы 12 жыл бойы «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобында түрлі позицияларда жұмыс істеді, оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ Басқарушы директоры - Қаржы бақылаушысы және «KT Cloud Lab» ЖШС коммерциялық директоры. Телекоммуникация саласына келгенге дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында жұмыс істеді. Экономика және заң мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Мәскеу қаласындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының МРА&МВА магистр дәрежесіне ие. «Цифрлық Трансформация көшбасшылары» қосымша кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша Мәскеу «Сколково» басқару мектебінде біліктілікті арттыру курсын табысты аяқтады. Қазіргі таңда Nazarbayev University-де Executive MBA бағдарламасы бойынша білім алуда.

Басқарма мүшесі, Цифрлық даму жөніндегі бас директор

Амардинов Малик Алимжановичтің2 жоғары білімі бар 2008 жылы «Алатау» Қазақстан университетінің Банк ісі академиясын, Қаржы факультетін, 2016 жылы Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ЕТжБҚ факультетін бітірген. Жалпы жұмыс өтілі - АТ-да 16 жыл, оның ішінде 12 жыл банк секторында басшы орындарда. Соңғы атқарған қызметтері - Fortebank атқарушы директоры және Fortebank Бас АТ сәулетшісі.

Басқарма Төрағасы, Бас атқарушы директор

Узбеков Асхат Архатович 2000 жылы «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша оқуын аяқтаған «Тұран» университетінің түлегі болып табылады. Ол 2022 жылы London Business School-да Executive MBA алды. 2005 жылға дейін Асхат Узбеков «Эрнст энд Янг Қазақстан» ЖШС Салық салу және аудит бөлімдерінде жұмыс істеді, келесі жеті жыл ішінде, 2012 жылдың басына дейін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Қазынашылық департаментінде түрлі лауазымдарды атқарды, содан кейін 2 жыл бойы, 2014 жылдың желтоқсанына дейін, «KMG EP International» (Нидерланды) компаниясында қаржы директоры болып жұмыс істеді.

Асхат Узбеков «Қазақтелеком» АҚ жүйесіне 2015 жылдың қаңтарында келіп, қызметін еліміздің ең ірі телекоммуникациялық операторында қаржы департаментінің директоры қызметінен бастады, 2015 жылдың наурыз айында «Қазақтелеком» АҚ Басқарушы директоры - бас қазынашысы болды. 2016 жылғы қаңтарда Узбеков мырзаның лауазымдық өкілеттіктеріне «Қазақтелеком» компаниялар тобының қаржылық бақылаушысы міндеттері қосылды, ал 2016 жылғы қыркүйектен бастап осы уақытқа дейін ол компанияның бас қаржы директоры лауазымын атқарды. 2018 жылы «Кселл» АҚ акцияларының 75%-ын сатып алу бойынша мәміле оның қатысуы арқылы жүзеге асырылды.

Кишкимбаева Алия 2022 жылғы 19 мамырдан бастап «Кселл» Директорлар кеңесінің құрамында.

Акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі

2019 жылдан бастап Кишкимбаева ханым «Қазақтелеком» АҚ Құқықтық мәселелер және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры болып табылады. Кишкимбаева ханым «Әділет» Жоғары құқық мектебін «Құқықтану» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақ Мемлекеттік Әлемдік тілдер университетінің ағылшын тілі факультетін бітірген.  

Кишкимбаева ханымның телекоммуникация саласында, сондай-ақ мұнай инфрақұрылымы саласында мол тәжірибесі бар.  Бұрын «Кселл» АҚ, ПетроҚазақстан Инк., "AralParker” ҚАСП ЖАҚ-та жұмыс істеген.

Лезговко Александр 2022 жылғы 19 мамырдан бастап «Кселл» Директорлар кеңесінің құрамында.

Акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі

А. Лезговко мырзаның телекоммуникация саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар. 1999 жылдан «Қазақтелеком» АҚ-да жұмыс істеді. 2007 жылдан 2021 жылға дейін «Қазақтелеком» АҚ Бас техникалық директоры қызметін атқарды.  

А.Лезговко мырза Алматы энергетика институтын «Автоматты электр байланысы» мамандығы бойынша бітірген.

2005 жылы «Құрметті байланысшы» атағына ие болды.

2012 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.

Пиетари Кивикко 2022 жылғы 19 мамырдан бастап «Кселл» Директорлар кеңесінің құрамында.

Тәуелсіз директор

Кивикко мырзаның телекоммуникация саласында көп жылдық тәжірибесі бар, ол TeliaSonera және Tele2 басшылық қызметтерде жұмыс істеді. Ол сондай-ақ Ресейдегі Paroc Owens Corning Insulation Materials басқарушы директоры болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта Fexcon Consulting компаниясының басқарушы директоры. 

Кивикко мырзаның Экономика және іскерлік әкімшілендіру мектебінің (University of Turku) Түрку, Финляндия, басқару есебі, коммерциялық құқық және маркетинг мамандығы бойынша Магистр дәрежесі бар.

2020 жылғы 15 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Тәуелсіз директор.

Калмис мырза дамушы нарықтарға ерекше назар аудара отырып, телекоммуникация және көтерме-бөлшек сауда саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесіне ие. 2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың маусымына дейін ол Metro Cash & Carry ресейлік бөлімшесінің бас директоры болды. Бұған дейін Калмис мырза телекоммуникация секторында түрлі басшылық лауазымдарды атқарды, оның ішінде Ресей Tele2 бас директоры, WorldTelecomunicazioni басқарушы директоры, «VEON» ААҚ Мәскеу кеңсесінің басқарушы директоры қызметтерін атқарды. Калмис мырза Бэйтс университетінің (Мэн штаты, АҚШ) саясаттану және экономика саласында бакалавр дәрежесіне ие, сондай-ақ Уортон бизнес-мектебінің (Wharton School of Business) басшы кадрларын даярлау бағдарламасынан өткен.

2019 жылғы 25 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Диекторлар кеңесінің төрағасы.

Буянов мырза сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ тәуелсіз директоры және Bengala Investments директоры. 2002-2014 жылдар аралығында ол аға вице-президент және бас қаржы директоры қызметін атқарды, сондай-ақ акциялары Лондон қор биржасында бағаланатын инвестициялық қор - «Система» ААҚ Басқармасының құрамына кірді.
2014 жылдан 2016 жылға дейін Redline Capital Management S.A. инвестициялық комитетінің басқарушы директоры және басшысы болды. Буянов мырза Мәскеу физика-техникалық институтын (MFTI) «қолданбалы физика және математика» мамандығы бойынша аяқтаған, сондай-ақ Оксфорд университетінің Саид бизнес мектебінің (Said Business School) Oxford Fintech Programme түлегі болып табылады.