«Кселл» АҚ
ТИІСТІ ЮРИСДИКЦИЯ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН КЕЗ КЕЛГЕН НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН ЮРИСДИКЦИЯҒА ТОЛЫҚ КӨЛЕМДЕ НЕМЕСЕ ІШІНАРА ЖАРИЯ ЕТУГЕ, ЖАРИЯЛАУҒА НЕМЕСЕ ТАРАТУҒА ЖАТПАЙДЫ
Акционерлердің Кезектен тыс Жалпы Жиналысы және Циркулярдың Жариялануы туралы хабарламалар
Алматы, 25 ақпан 2021 – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор, Компанияның 2021 жылғы 24 ақпандағы хабарландыруының жалғасы ретінде Компания бүгін Компанияның Лондон қор биржасында («ЛҚБ») және Astana International Exchange-де («AIX») жаһандық депозитарлық қолхаттар («ЖДҚ») листингінің тоқтатылуына және Компанияның ЖДҚ бағдарламасының тоқтатылуы қатысты толық ақпаратты («Ұсыныстар») қамтитын Акционерлердің Кезектен тыс Жалпы Жиналысы («АКТЖЖ») және циркуляр («Циркуляр») туралы хабарлама жариялағанын мәлімдейді.
Акционерлердің Кезектен тыс Жалпы Жиналысы
АКТЖЖ 2021 жылғы 9 сәуірде сағат 15: 00-де (Алматы уақыты бойынша) мына мекенжай бойынша өткізіледі: үй 2Г, Тимирязев көшесі, Алматы қаласы, 050013, Қазақстан Республикасы. АКТЖЖ қатысушыларын тіркеу сағ.14:00-де (Алматы уақыты бойынша) басталады.
АКТЖЖ күндізгі тәртіпте өткізілетін болады. Егер АКТЖЖ аталған күні өткізілмесе, ол 2021 жылдың 13 сәуірінде, Алматы уақыты бойынша. сағат 15:00-ге сол мекенжай бойынша ауыстырылады: үй 2Г, Тимирязев көшесі, Алматы қаласы, 050013, Қазақстан Республикасы.
АКТЖЖ-ға қатысу және дауыс беру құқығына 2021 жылдың 2 наурыздағы қалпында (Алматы уақытымен 00:00) Бағалы қағаздар орталық депозитариімен бағалы қағаздарды ұстаушы тізілімінде акционер ретінде тіркелген акционерлер ие.
Тіркелу үшін қатысушыларға жеке басын куәландыратын құжаттарды, ал сенімгерлік басқарушылар мен сенім білдірілген өкілдерге дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға сенімхатты ұсыну қажет.
АКТЖЖ ұсынылатын күн тәртібі:
- GDR бағдарламасының тоқтатылуын, бағалы қағаздардың делистингін және Deposit Agreement бұзуды мақұлдау туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша циркуляр және материалдар
Бүгін Компания Ұсыныстар туралы қосымша мәліметтерді қамтитын Циркуляр жариялады.
Циркулярды Компанияның веб-сайтынан мына сілтеме бойынша табуға болады: https://investors.kcell.kz/ru. Бұл веб-сайттың мазмұны осы хабарландыруға қосылмаған және оның бөлігі болып табылмайды.
Компания акционерлері сондай-ақ жоғарыда аталған АКТЖЖ материалдарымен акционердің мәртебесін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, materialsgm@kcell.kz электрондық мекенжайына сұраным жіберу жолымен немесе Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қаласы, Самал-2 ықшам ауданы, 100 мекенжайы бойынша Компанияның атқарушы органының орналасқан жері бойынша таныса алады. АКТЖЖ материалдарымен акционерлер жиналысты өткізу күніне дейінгі 10 күннен кешіктірмей таныса алады. Акционерлер материалдарды осындай сұраным алынған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оларға жіберуді сұрата алады. Құжаттардың көшірмелерін жасау және құжаттарды жеткізу шығыстарын акционерлер көтереді.
Сұраныстар:
Kcell
Инвесторлармен байланыс жөніндегі сарапшы Тел: +7 727, 2582755, ішкі 1002
Ирина Шоль Investor_relations@kcell.kz
Халықаралық БАҚ
Instinctif Partners
Кей Ларсен, Галина Кулачек Тел: +44 207 457 2020
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
2012 жылғы желтоқсан айында Kcell Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.
2018 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ Kcell-дің Telia Company және Fintur Holdings B.V. компанияларына тиесілі 75% акциясын сатып алды.
Алдағы уақытта Kcell желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.