Алматы, 13 сәуір 2021 жыл – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор, Қоғам Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 24 мамырда сағ.15:00-де (Алматы уақыты бойынша) келесі мекенжайда «Кселл» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы шешімін хабарлайды: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әлімжанов к-сі, 51 Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеуді бастау. 14:00 Алматы уақыты бойынша.
Қоғамның Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы көзбе-көз тәртіпте өткізіледі.
Егер жиналыс аталған күні өткізілмесе, ол 2021 жылдың 28 мамыры, Алматы уақыты бойынша. сағат 15:00-ге ауыстырылады.
Жылдық жалпы жиналысқа қатысу құқығына 2021 жылдың 30 сәуірдегі қалпында (Алматы уақытымен 00:00) Бағалы қағаздар орталық депозитариімен бағалы қағаздарды ұстаушы тізілімінде акционер ретінде тіркелген акционерлер ие.
Тіркелу үшін қатысушыларға жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну қажет. Сенім білдірілген тұлғалар дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға берілген сенімхатты көрсетуі қажет.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының ұсынылатын күн тәртібі:
- «Кселл» АҚ 2020 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
- «Кселл» АҚ есептік қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы
- «Кселл» АҚ Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту туралы.
- Акционерлердің «Кселл» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар
Қоғам акционерлері акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен сұраным мен акционердің мәртебесін растайтын құжаттарды: materialsgm@kcell.kz электронды мекенжайына немесе «Кселл» АҚ атқарушы органының орналасқан жері бойынша: Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Самал-2 ықш., 100-үй. мекенжайына жолдау арқылы таныса алады. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен акционерлер жиналысты өткізу күніне дейінгі 10 күннен кешіктірмей таныса алады. Акционердің сұранымы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар оған сұраным алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жолданады. Құжаттардың көшірмелерін жасау және құжаттарды жеткізу шығыстарын акционер көтереді.
Байланыс деректері | |
Инвесторлармен байланыс | |
Ирина Шоль | Тел: +7 727, 2582755, ішкі 1002Investor_relations@kcell.kz |
Халықаралық БАҚ | |
Instinctif PartnersКей Ларсен, Галина Кулачек | Тел: +44 207 457 2020 |
Компания туралы
Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта Компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.