Проспектінің осы мәтіні оның ағылшын тілінен қазақ тіліне аудармасы болып табылады. Дәлсіздіктер және ағылшын мәтінімен сәйкессіздіктер болған жағдайда проспектінің ағылшын тіліндегі мәтіні қазақ тіліндегі мәтінге қарағанда басым күшке ие болады. Проспект төменде көзделгеннен өзгеше берiлмейдi немесе таратылмайды және қандай да болмасын түрде қайта шығарылмайды.
Осы құжат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат етілген шамада Қазақстанда таратуға ғана арналған және кеңінен таратуға арналмаған. Осы құжат ақпараттық мақсатта қызмет етеді және Лондон қор биржасында осы құжатта көрсетілген жаһандық депозитарлық қолхаттардың ұсынысы мен листингі мақсаттары үшін дайындалған Проспектінің аудармасы болып табылады. Осы құжатты алушы оны басқа тұлғаларға бермеуге тиіс және онда қамтылған ақпараттың құпиялылығын сақтауға тиіс. Осы құжатты өзіне алып, сақтай отырып, алушы осы құжаттың өзіне ақпараттық мақсатта берілгенін, осы құжатты тарату қазақстандық заңнамамен шектелуі мүмкін екенін және алушыға қолданыстағы құқықтық шектеулер белгілі екенін түсінетінін мәлімдейді. Credit suisse, ubs және renaissance capital Қазақстанда бағалы қағаздарды қандай да бір ұсыныстарды, жарнамаларды, жылжытуды, орналастыруды немесе сатуды жүзеге асырмайды.
Әдістемесі
1. Жалпы ережелер
- 1.1. Осы құжат өзгерістері мен толықтырулары ескерілген Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-И “Акционерлік қоғамдар туралы” заңына (бұдан ары “Заң”), Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілеріне және «Кселл» АҚ (бұдан ары «Қоғам»)Жарғысына сәйкес әзірленген.
- 1.2. Осы құжатта қолданылатын терминдердің келесі мағыналары бар
- 1.3. Осы құжаттың ережелері Қоғам акцияларды сатып алған жағдайда олардың құнын белгілеу үшін қолданылады: (а) Қоғамның осындай Акцияларды қайта сату мақсатында немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның Жарғысына қайшы келмейтін өзге мақсаттарда Қоғамның бастамасы бойынша немесе (б) Заңда көзделген жағдайларда Акционердің талап етуі бойынша.
2. Тәсілдері
- 2.1. Акцияларды Қоғамның бастамасы бойынша сатып алу Қоғамның бастамасы бойынша Қоғамның Акцияларды сатып алуы Директорлар кеңесі тиісті шешім қабылдағанға дейін кем дегенде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Қоғамның өз қалауы бойынша тағайындаған тәуелсіз бағалаушының белгілеген бағасы бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
- 2.2. Акцияларды Акционердің талап етуі бойынша сатып алуы акциялардың теңгерімдік құны бойынша жүзеге асырылады. Әр Акцияның теңгерімдік құны мына формула бойынша есептеледі:
- BV = (Е – L)/ N, мұндағы:
- BV әр Акцияның теңгерімдік құны;
- Е есептеу жүргізілген тоқсанның басындағы Қоғам акционерлік капиталының теңгерімдік құны;
- L есептеу жүргізілген тоқсандағы Қоғамның болжамды шығындары;
- N Қоғам сатып алған Акцияларды қоспағанда, есептеу жүргізілген күнгі барлық орналастырылған жай (дауыс беретін) акциялардың жалпы саны.
Жаһандық депозитарлық қолхаттарды (ЖДҚ) ұстаушылардың назарына
ЖДҚ-ға инвестицияланған қаражатты қайтаруға қатысты ЖДҚ ұстаушылардан келіп түскен сауалдарға байланысты «Кселл» АҚ келесіні хабарлайды:
Лондон қор биржасында (LSE) ресми тізімге және саудаға және Астана халықаралық биржасында (AIX) листинг пен саудаға ЖДҚ жіберуді тоқтату және 2021 жылғы 7 шілдеде депозитарлық бағдарламаның тоқтатылуы себебінен «Кселл» АҚ циркуляр шығарды және ЖДҚ ұстаушыларының назарына орналастырылды https://investors.kcell.kz.
Циркулярда депозитарлық бағдарламаның тоқтатылуына байланысты ЖДҚ ұстаушыларының іс-әрекеттері көзделген. Мәселен, 1.1-тармаққа сәйкес. Циркулярдың 4-бөлігі, егер ЖДҚ ұстаушы депозитарлық бағдарлама тоқтатылғанға дейін, яғни 2021 жылғы 7 шілдеге дейін оған ЖДҚ ұсынған акцияларды беру үшін жүгінбесе, депозитарий ЖДҚ ұстаушының атынан акцияларды сатады, ал сатудан түскен таза түсім ЖДҚ ұстаушыға өзінің ЖДҚ тапсырған кезде қайтарылады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ЖДҚ тапсыру және ақша қаражатын алу мәселесі бойынша Сіз депозитарийге жүгінуіңіз керек:
Deutsche Bank Trust Company Americas, 60 Wall Street, Нью-Йорк, NY 10005, Америка Құрама Штаттары, телефон: +1 212-250-9100 және ал. пошта: adr@db.com
Сонымен қатар, биржалық тізімнен шығарылғаннан кейін «Кселл» АҚ LSE және AIX сауда-саттықтарына жіберілген компанияларға қолданылатын нормативтік және заңнамалық режимнің қолданысы қолданылмайтынын хабарлаймыз. Тиісінше, «Кселл» АҚ-ның ЖДҚ-ға қатысты ешқандай өкілеттіктері мен міндеттемелері жоқ.
Архив
Акцияға ЖДҚ айырбастауды жүргізу жөніндегі нұсқаулық
Лондон қор биржасында (LSE) Kcell ЖДҚ делистингіне және Астана халықаралық қаржы орталығының (AIX) биржасына және Kcell ЖДҚ бағдарламасының жабылуына байланысты ұстаушыларға оларға тиесілі ЖДҚ-ларды жай акцияларға айырбастау ұсынылады.