Компания туралы

Компания тарихындағы негізгі оқиғалар

  • 1 маусым  – «GSM (Джи Эс Эм) «Қазақстан ААҚ» ЖШС құрылуы.
  • 8 маусым – Компания GSM стандартындағы ұялы байланыс қызметтерін ұсынуға мерзімсіз мемлекеттік лицензия алды.
  • 7 ақпан – Kcell брендін іске қосу.
  • 9 қыркүйек – activ брендін іске қосу.
  • 18 қыркүйек – Компания Қазақстан Республикасындағы мобильді құрылғылардан Интернет желісіне қолжетімділігі бар алғашқы мобильді байланыс операторы болды.
  • Қыркүйек – мультимедиялық хабарламаларды (MMS) тарату қызметінің іске қосылуы.
  • 13 қыркүйек – Компания GPRS-роуминг қызметін ұсынатын алғашқы қазақстандық оператор болды.
  • 26 тамыз – Компанияның лицензиясы қайта қаралды және GSM-1800 желісін пайдалану құқығымен толықтырылды.
  • 1 желтоқсан – Астана және Алматы қалаларында 3G желісін коммерциялық пайдаланудың басталуы.
  • 2 ақпан – «Қазақтелеком» АҚ-ның Sonera Holding B.V. қатысу үлесін сату бойынша мәмілені аяқтауы.
  • 27 тамыз – Компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрылуы және атауын «Кселл» АҚ-ға ауыстыруы.
  • 29 қараша – KASE-те «Кселл» АҚ жай акцияларының айналысының басталуы.
  • 13 желтоқсан – LSE-де жаһандық депозитарлық қолхаттар листингінің аяқталуы.
  • 15 сәуір – «Кселл» АҚ Қазақстандағы iPhone ресми дистрибьюторы болды.
  • Қыркүйек – activ сауда маркасының ауқымды ребрендингінің басталуы.
  • 16 қараша – Kcell/activ мобильді қосымшасының іске қосылуы.
  • Жыл қорытындысы бойынша Компания Қазақстанның қаржылық емес компаниялары арасындағы салық түсімдерінің көлемі бойынша көшбасшы болды.
  • Ақпан – activ сауда маркасының ребрендингін аяқтау.
  • Наурыз – Алматыда алғашқы activ брендтік дүкеннің ашылуы.
  • 5 қаңтар – Компания ел аумағындағы байланысты жақсарту және сол жылы орын алған 4G және LTE сервистерін іске қосуға дайындалу үшін 700/800 МГц және 1800 МГц диапазонында қосымша жиіліктерді пайдалану құқығына ие болды.
  • 1 наурыз – Қазақстанда LTE желісі іске қосылды.
  • Маусым – Алматы мен Шымкентте 4G + (LTE Advanced) желісі іске қосылды;
  • 1 қараша – Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі Компанияға тұрақты болжамы бар «BB» эмитенті дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін берді.
  • 16 қаңтар – Компания 4,95 млрд теңге сомасына KASE облигацияларын орналастырды.
  • 21 желтоқсан – «Қазақтелеком» АҚ Telia Company және Fintur Holdings B.V.-ден Компанияның айналыстағы акцияларының 75% -ына ие бола отырып, «Кселл» АҚ акциялар пакеттерін сатып алды.
  • 10 қаңтар – «Фридом Финанс» АҚ «Кселл» АҚ акцияларының 10,46% шоғырландырылғанын мәлімдеп, Компанияның ірі қатысушыларының қатарына енді.
  • Пандемия кезеңінде 3,5 мың дәрігерге дауыстық байланыс пен интернет-трафик тегін берілді.
  • Абоненттерге қашықтықтан оқытудың 400-ден астам веб-сайтына және онлайн-банкингке арналған 27 мобильді қосымшаға тегін қол жеткізу мүмкіндігінің ұсынылуы.
  • 16 сәуір – жаңа SIM-карталарды сатып алу және ескі SIM-карталарды ауыстыру, теңгерімді толықтыру және телефонға eSIM орнату кезінде биометрикалық сәйкестендіруді пайдаланатын симкоматтарды (өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын) орнату жобасы іске қосылды.
  • 14 маусым – LSE және AIX-те жаһандық депозитарлық қолхаттардың делистингін аяқтау.
  • Шілде – «First Heartland Jusan Bank» АҚ және Mastercard халықаралық төлем жүйесімен бірлесіп OGO Finance қаржылық қызмет көрсету желісін іске қосу.
  • 30 қыркүйек – «Қазақтелеком» АҚ KASE-те «Кселл» АҚ акцияларының 24% -ын сатты.
  • 5 қаңтар – абоненттерді үздіксіз байланыспен қамтамасыз ету және Үкіметке жәрдем көрсету мақсатында шешімдерді уақтылы қабылдау үшін жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты төтенше жағдай енгізілген кезеңге жедел штаб құру
  • 25 ақпан – Nexign Converged BSS биллинг жүйесін енгізудің екінші кезеңінің аяқталуы.
  • 12 желтоқсан – Fitch Ratings «Кселл» АҚ эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «Тұрақты» болжамымен «BB +» деңгейінде растады.
  • 16 желтоқсан – «Кселл» АҚ «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-мен консорциумда 5G желілерін пайдалануға конкурсты жеңіп алды.
  • Желтоқсан – Nexign Converged BSS биллинг жүйесін енгізудің екінші кезеңінің аяқталуы.
  • 2023 жылғы 12 наурызда – Алматыда, ал 2023 жылғы 15 наурызда Шымкент қаласында 5G желісі ресми коммерциялық іске қосылды. 5G желісі мынадай жиіліктерде іске қосылды: 3700 – 3800 МГц.
  • 2023 жылдың 1 қыркүйегі – клиентке үйдегі интернет қызметін жоғары жылдамдықта 5G желісінде толық жайлылықпен пайдалануға мүмкіндік берген және керексіз кәбіл төсеусіз «Kcell Auleti» тіркелген үй интернеті қызметі іске қосылды.
  • 2023 жылдың желтоқсанында– Kcell Ookla Speedtest марапаттары бойынша Қазақстандағы ең жылдам желі атанды.
  • Наурыз 2024 – 5G Кселл қызметтері ҚР-ның 629 орында қолжетімді.
  • Мамыр 2024 – ұшу кезінде интернетті пайдалануға мүмкіндік беретін әуе кемелерінде «Air Data» жаңа роуминг-пакеті іске қосылды
  • Шілде 2024 – теңіз кемелерінде жаңа Сruise Data роуминг пакеті іске қосылды
  • Қазан 2024 – Kcell телеком операторларының арасында бірінші болып метро станцияларында 5G технологиясымен байланысты іске қосты.
  • Тамыз 2025 – Қазақстанда цифрлық сервистерді дамытуға бағытталған Aitu ұлттық суперқосымшасымен стратегиялық жоба іске қосылды
  • Қыркүйек 2025 – Kcell компанияның корпоративтік клиенттер үшін Big Data саласындағы барлық қызметтері жинақталған bigdata.kcell.kz жаңа сайтын таныстырды.
  • Желтоқсан 2025 – Қоғам ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін құру, енгізу және жетілдіру процестерін регламенттейтін жетекші әлемдік стандарт – ISO/IEC 27001:2022 сертификатын алды.
  • Желтоқсан 2025 – «Кселл» АҚ ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің жыл сайынғы науқанының қорытындысы бойынша «2025 жылдың үздік салық төлеушісі» болып танылды.

Бизнес-обзор

  • Ookla® рейтингі бойынша Қазақстандағы ең жылдам мобильді интернет ретінде Kcell бірінші орынды алғанын 
  • «Kcell Auleti» тіркелген үй интернеті қызметін іске қосу
  • Ericsson негізгі өңірлерде, соның ішінде Алматы, Шымкент және басқа облыстарда Kcell-дің негізгі серіктесіне айналды
  • Алматы және Шымкент қалаларында 3700-3800 МГц жиіліктерде 5G желісінің ресми коммерциялық іске қосылуы өтті
  • «Кселл» АҚ «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-мен консорциумда 5G желілерін пайдалануға арналған конкурсты жеңіп алды
  • Fitch Ratings «Кселл» АҚ эмитентінің ұзақ мерзімді дефолт рейтингін «BB +» деңгейінде растады, болжамы – «Тұрақты»

81,97%

Деректер трафигінің жалпы көлемінен LTE трафигі

​72,55%

Халықты LTE байланысымен қамтамасыз ету

​91,02%

Халықты 3G байланысымен қамтамасыз ету

1. Жалпы ережелер
  • 1.1.«Кселл» акционерлік қоғамының (бұдан әрі «Қоғам») осы Жарғысы оның атауын, орналасқан орнын, оның органдарының құрылу тәртібі мен құзыретін, оның қызметін қайта ұйымдастыру және тоқтату талаптарын және Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін басқа да ережелерін белгілейді.
  • 1.2. Қоғамның толық атауы: қазақ тілінде «Кселл» акционерлiк қоғамы.
  • 1.3. Қоғамның қысқартылған атауы: қазақ тілінде: «Кселл» АҚ.

Дивидендтік саясат

Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғам Жарғысына және осы Саясатқа сәйкес Қоғамның Директорлар кеңесі Қоғамның тиісті кезеңдегі аудиттелген қаржылық есептілігінің нәтижелеріне сүйене отырып, өткен қаржы жылындағы, тоқсандағы немесе жартыжылдықтағы Қоғамның таза кірісін бөлу тәртібі және жыл, тоқсан немесе жартыжылдықтағы дивиденд мөлшері туралы ұсыныс дайындайды.
Дивиденд төлеу және бір жай акцияға шаққандағы дивидендтерді бекіту туралы шешімді Акционерлердің жалпы жиналысы қабылдайды.
Қоғамның жай акциялары бойынша жылдық дивиденд мөлшері кемінде 50% және Қоғамның өткен қаржы жылындағы таза ақша ағынының 100% -ынан аспайды (Операциялық және инвестициялық қызметтен түскен ақша ағындары).
Дивидендтерді төлеу Компанияның кредиторлар алдындағы қаржылық ережелерінің бұзылуына әкелмеуі тиіс.
Дивидендтердің ең аз мөлшері операциялық және инвестициялық қызметтен түскен ақша ағынын ескере отырып, өткен қаржы жылындағы таза пайданың 20% (жиырма пайызын) құрауға тиіс.

1. Жалпы ережелер
  • 1.1. «Кселл» АҚ дивиденд саясаты (бұдан әрі – Саясат) Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Кселл» АҚ Жарғысына, «Кселл» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне және Қоғамның басқа да ішкі құжаттарына сәйкес әзірленген.
  • 1.2.Қолданылатын анықтамалар
  • Қоғам – «Кселл» акционерлік қоғамы;
  • Акционерлер – Акцияларға иелік ететін тұлға;
  • Акция – «Кселл» АҚ жай акциясы/ғаламдық депозитарлық қолхат;
  • Дивидендтер – Қоғам акционерінің өзіне тиесілі акциялар бойынша Қоғам төлейтін
  • кірісі;
  • Акционерлердің жалпы жиналысы – Қоғамның жоғарғы органы;
  • Тіркеуші – Қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйесін жүргізу бойынша кәсіби қызметпен айналысатын ұйым.
  • 1.3. Акционерлерге дивиденд төлеу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қоғам Жарғысымен, Қоғам акцияларын шығару проспектісімен, сондай-ақ Акционерлердің жалпы жиналысының тиісті шешімдерімен реттеледі.
Scroll to Top

Басқарма мүшесі, Бас қаржы директоры

Сабигат Маратович Қазақстандық Менеджмент, Экономика және Болжау институтын (ҚМАЭБИ) қаржы мамандығы бойынша үздік бітірді.

Қаржы және инвестициялар, бірігу және сіңіру, қаржы-экономикалық талдау, мәмілелерді құрылымдау және халықаралық портфельдік инвестицияларды басқаруды қоса алғанда, активтер портфелін басқару саласында 13 жылдан астам тәжірибесі бар.

Еңбек жолын 2011 жылы PricewaterhouseCoopers&Advisory (PWC) ЖШС-те бастаған. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да 6 жылдан астам жұмыс істеді, онда инвестициялар және бизнесті қолдау департаментінің директоры лауазымына дейін өсті.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Румынияның Бухарест қаласындағы International N.V KazMunayGaz Инвестициялар және стратегия тобының директоры болып жұмыс істеді.

Страшенко Кирилл Валерьевич 2004 жылы Алматы Энергетика және Байланыс институтын (АЭБИ), электрбайланыс инженері мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылдан 2016 жылға дейін «Кселл» АҚ-да деректерді беру жүйелерінің инженерінен бастап деректерді беру жүйелері бөлімінің бастығына дейін түрлі қызметтерді атқарды. 2016-2018 жылдар аралығында желі және АТ инфрақұрылымы менеджері қызметін атқарды, сондай-ақ «Кар-Тел» ЖШС-мен бірлескен LTE желісі құрылысының жобалық жетекшісі лауазымына тағайындалды. 2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін техникалық директордың орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдан 2022 жылдың мамырына дейін Желіні дамыту менеджері қызметін атқарды. 2019 жылы «Құрметті Байланысшы» мемлекеттік марапатына ие болды.

Басқарма мүшесі, Корпоративтік мәселелер жөніндегі бас директор

2016 жылы Қазақстан-Британ Техникалық Университетінде магистратураны бітіріп, Чикаго Университеті жанындағы Booth School of Business-те MBA дәрежесін алды.

Қаржы нарықтарының, корпоративтік қаржының, тәуекелдерді басқарудың, операциялар мен сатып алулардың әртүрлі салаларында 15 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Өзінің еңбек жолында корпоративтік стратегияларды ойдағыдай әзірлеп, енгізді, компаниялардың қаржылық портфельдерін жақсартты және пайданың өсуіне ықпал ете отырып, операциялық процестерді оңтайландырды.

Даурен Мухамедкалиевич мансабын 2008 жылы Eurasian Capital JSC компаниясында Қазақстанның бағалы қағаздар нарығындағы жетекші брокер позициясынан бастады. 2018 жылы «Кселл» АҚ қаржы директорының орынбасары қызметін атқарды. 2023 жылдан бастап «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ (Астана, Қазақстан) Басқарма Төрағасы орынбасары басшылық позициясында болды.

Басқарма төрағасы, Бас атқарушы директор

Асқар Серікұлы 2024 жылғы 15 шілдеден бастап «Кселл» АҚ Бас атқарушы директоры, Басқарма Төрағасы лауазымына сайланды.

Алматы энергетика және байланыс институтының «Көп арналы телекоммуникациялық жүйелер» мамандығы бойынша түлегі, Манчестер университетінің «Менеджмент және ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистр дәрежесі және «Саид» бизнес-мектебінің ұйымдастырушылық көшбасшылық бойынша дипломы бар.

Өз мансабын «Эйр Қазақстан» әуекомпаниясында байланыс техникасынан бастаған, бірнеше жыл «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-де (Tele2/Altel) инженер болып жұмыс істеген, «HSBC Қазақстан банкінде» жұмыс істеген, онда стратегиямен, бизнес-процестерді трансформациялаумен айналысқан, BI Group еншілес компаниясы «Beintech» ЖШС-те де осындай қызметтермен айналысқан, «Qazkom» АҚ Клиенттік тәжірибені дамыту департаментіне басшылық етті, «Қазақстанның Даму банкінде» жұмыс істеді, онда әртүрлі басшылық лауазымдарды атқарды, елдің Ұлттық Банкінің төлем жүйелерін басқару және дамыту департаменті директорының орынбасары болды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі ретіндегі соңғы лауазымында мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауға, бизнес-процестерді реинжинирингтеуге және деректерді басқаруға жауапты болды.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ірі акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесіне 2024 жылғы 26 қыркүйекте Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында сайланды.

Алибек Индыкбаева қаржы және телекоммуникация саласында екі жоғары білімі және 19 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар.

Өзінің мансабын 2005 жылы ақпараттық технологиялар саласында бастаған, кейіннен «KazTransCom» АҚ сияқты ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған, «Altyn Bank» АҚ ІТ бойынша басқарма төрағасының кеңесшісі рөлінде болған.

Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» АҚ басқарма мүшесі, сондай-ақ Корпоративтік бизнес бойынша дивизионның Бас директоры позициясында.

2008 жылы Тұран университетін «Қаржы» мамандығы бойынша және 2018 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша бітірген.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ірі акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесіне 2024 жылғы 26 қыркүйекте Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында сайланды.

Мейрамов Ержан Болатович еңбек жолын 2004 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде бастады, Қазақстан Даму Банкінде, «Астана ЭКСПО- 2017» Ұлттық компаниясы» АҚ, Qazkom, «Fincraft» инвестициялық үйі» АҚ, «Кселл» АҚ-да басшылық қызметтерді атқарды.

2021 жылы ҚР Цифрлық Даму және Аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникация комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Ержан Болатович Лондон корольдік колледжін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірді.

14.10.2022 жылы «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды.

2025 жылғы 27 мамырдан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Тәуелсіз директор

Сергей Валерьевич «Кселлдің» тәуелсіз директоры және 2025 жылдың 27 мамырында Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында 3 жылға сайланды.

Ельцов мырза заң құқығы және корпоративтік басқару саласында айтарлықтай үлкен тәжірибеге ие. 2008 жылдан бастап ол «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ, «БТА Банк» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ қоса алғанда, бірқатар жетекші қазақстандық компанияларда басшылық қызметтерді атқарды.

2017 жылғы қарашадан 2022 жылға дейінгі кезеңде «Қазақалтын» ТМК» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болды.

Сергей Валерьевич Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «халықаралық заңгер» мамандығы бойынша бітіріп, Алматы экономика және статистика академиясында экономикалық білім алды. 2007 жылы «Компанияларды басқару: ең жаңа технологиялар» MBA Executive education бағдарламасынан өтті.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ірі акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесіне 2025 жылғы 14 қарашада Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында сайланды.

Каиров Аскар Жалелович экономика, қаржы және коммуникация саласында 22 жылдан астам тәжірибеге ие.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Халықаралық Бизнес Академиясының Магистр дәрежесі (корпоративтік менеджмент), сондай-ақ Cambridge Regional College-де (Ұлыбритания, 2016 жыл) алған Business and Finance сертификаты бар.

«Транстелеком» АҚ-да, «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС, «Самұрық Қазына» АҚ-да басшылық қызметтерін атқарған. 2025 жылдың қыркүйегінде «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік бизнес жөніндегі дивизионының бас директоры болып тағайындалды.

2025 жылғы 27 мамырдан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Тәуелсіз директор

Өтемұрат мырза «Кселлдің» тәуелсіз директоры ретінде 2025 жылдың 27 мамырында Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында 3 жылға сайланды.

Өзінің мансабын 2003 жылы Ernst&Young Kazakhstan компаниясында аудит бойынша қызметкер болып бастаған. 2008 жылдан бастап «Қазына» орнықты даму қорында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында, Қазақстанның Даму банкінде, БТА Банкте және басқаларында басшылық орындарда болды.  Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясын басқарған.

ҚМЭБИ-ді «Іскерлік әкімшілендіру және бухгалтерлік есеп» (қаржы) мамандығы бойынша үздік бітірген. 2013 жылы ол Лондон бизнес мектебінде (London Business School) Sloan бағдарламасы бойынша магистр дәрежесін алды.

2025 жылғы 27 мамырдан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Тәуелсіз директор

Миржан Елдесович «Кселлдің» тәуелсіз директоры және 2025 жылдың 27 мамырында Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында 3 жылға сайланды.

Қарақұлов мырза әр түрлі жылдары ҚР Ұлттық банкінде, «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да басқарма төрағасының тәуекел-менеджмент бағыты бойынша орынбасары болды, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-да Тәуекелдерді басқару департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің тәуелсіз бағалау бөлімшесінің консультанты.

Қарақұлов мырза Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының (ҚМЭБИ) түлегі, «Болашақ» халықаралық президенттік бағдарламасының стипендиаты, Vanderbilt University (АҚШ) экономика саласындағы магистр дәрежесімен үздік бітірді. 2022 жылы Гарвард университетінің Джон Ф.Кеннеди атындағы басқару мектебінде (Harvard Kennedy School) мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алды.

2025 жылғы 27 мамырдан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Диекторлар кеңесінің төрағасы

Артур Викторович Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады және «Кселл» тәуелсіз директоры. 2025 жылғы 27 мамырда Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында 3 жылға сайланды.

Неупокоев мырза өзінің телекоммуникация саласындағы мансабын 1994 жылы Алматы қаласындағы Халықаралық қалааралық телефон станциясының өндірістік зертханасының инженері қызметінде бастады. «Қазақтелеком» АҚ-да 20 жылдан астам басқару тәжірибесі бар, онда корпоративтік сатуды дамытумен айналысқан.

2023 жылдың шілдесінен бастап «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде кіреді.

Артур Викторович Қазақ политехникалық институтын «Металлургия процестерінің физика-химиялық зерттеулері» мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы Қазақстан Республикасының «Үздік байланысшы» салалық құрметті марапатымен марапатталған.

Басқарма мүшесі, Бас техникалық директор

Затилда Керей Жұмабекұлы Алматы энергетика және байланыс университетін екі мамандық бойынша бітірді: «Көп арналы телекоммуникациялық жүйелер» және «Байланыс кәсіпорнындағы экономика және менеджмент», тиісінше «Электр байланысы инженері» және «Инженер-экономист» біліктіліктеріне ие болды.

Еңбек жолын 2004 жылы «Кселл» АҚ-да бастады, онда 17 жыл ішінде инженерден аймақтық техникалық департаменттердің басшысына дейін көтерілді. Қазақстанның түрлі өңірлерінде жұмыс істей отырып, ол телекоммуникациялық желілерді, соның ішінде 2G, 3G, 4G және WIMAX технологияларын пайдалану мен дамыту саласында бай тәжірибе жинақтады. Сондай-ақ, радио желілерін жоспарлауда, мердігерлік ұйымдарды басқаруда және техникалық командаларға басшылық жасауда айтарлықтай тәжірибесі болды.

2021-2023 жылдар аралығында «Қазтелерадио» АҚ басқарма төрағасының орынбасары - техникалық директоры қызметін атқарды. Осы позицияда ол телерадио хабарларын тарату желілерін дамыту жөніндегі стратегияларды іске асыруға, инновациялық технологияларды енгізуге және мемлекеттік жобаларды орындауға жетекшілік етті.

2023 жылдың маусым айында Затилда Керей Жұмабекұлы «Мемлекеттік Радиожиілік қызметі» РММ бас директорының орынбасары болып тағайындалды. Осы лауазымында ол радиожиілік спектрінің мониторингі бойынша жұмыстарды ұйымдастырды, радиоэлектрондық құралдарды пайдаланудағы бұзушылықтарды анықтады және байланыс сапасын талдаумен айналысты.

Затилда Керей Жұмабекұлының еңбек өтілі 20 жыл, оның ішінде 15 жылдан астам басшылық қызметте болды. Осы уақыт ішінде ол күрделі техникалық жобаларды іске асыруға және елдің телекоммуникациялық инфрақұрылымын жаңартуға елеулі үлес қосты.

Байланыс саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген байланысшысы» құрметті атағымен марапатталды.

Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Басқарма мүшесі, Бас коммерциялық директор

Қазбек Бекжанович коммерциялық секторда 27 жылдан астам тәжірибесі бар, оның ішінде 23 жылы басшылық қызметте болды. Оның кәсіби жолы бірнеше саланы қамтиды: FMCG және бөлшек сауда саласында 10 жыл, телекоммуникация саласында 14 жыл және дағдарыс-менеджментке маманданған консультациялық бизнесте 3 жыл.

Шаимов мырза С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің түлегі. «Кселл» компаниясындағы мансабы 2008 жылы Бөлшек сауда бөлімі басшысының позициясынан басталды. Компанияның Семей, Ақтөбе және Астанада филиалдарын басқарған. Оның тәжірибесі бөлшек және бизнес-сегменттер үшін жаңа өнімдерді табысты іске қосуды, сондай-ақ сату процестерін оңтайландыруды және шалғайдағы да, сондай-ақ оффайн-арналарда да клиенттерге қызмет көрсетуді жақсартуды қамтиды.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ірі акционер KC Holding Ltd-нің өкілі.

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесіне 2023 жылғы 29 қарашада Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында сайланды.

Керейбаев мырзаның ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар, экономикалық талдау және жоспарлау, қаржы салаларында үлкен тәжірибесі бар.

2018-2021 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ цифрландыру және трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

2021 жылы «Қазақтелеком» АҚ-да модернизация бағдарламасы бойынша басқарушы директор болып жұмысқа ауысып, кейін көмекші функцияларды дамыту жөніндегі директор болып тағайындалды.

Керейбаев Даурен Жумагалиевич Новосібір Мемлекеттік Университетін механика және қолданбалы математика мамандығы бойынша (1992) және Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын қаржы және кредит мамандығы бойынша (1998) бітірген.

2018 жылы The University of Chicago Booth-да (АҚШ) Executive MBA бағдарламасы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Еңбек сіңірген қаржы маманы» қоғамдық орденімен марапатталған.

Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

2023 жылдың 29 қарашасынан бастап «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамында.

Жамалов мырза қаржы саласында, оның ішінде «Қазкоммерц Секьюритиз» АҚ,  ING Bank N.V. Лондон кеңсесінде және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде, сондай-ақ Қазақстандағы ING Bank N.V. өкілдігінде қомақты тәжірибеге ие.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Орталық Азиядағы Mastercard Бас директоры қызметіне тағайындалды, сондай-ақ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Bolashaq Investments» тәуелсіз директоры; «Республикалық физика-математика мектебі» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры; «Отбасы банк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры; Директорлар кеңесінің мүшесі, «Jusan Invest» АҚ тәуелсіз директоры ретінде тағайындалған. Телекоммуникация саласына 2014 жылы «Қазақтелеком» АҚ жобалық қаржыландыру департаментінің бас менеджері лауазымына келді, сондай-ақ «KazSatNet» ұлттық компаниясы» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болды.

Жамалов мырзаның Кембридж Университетінің (Ұлыбритания) Executive MBA дәрежесі, Ньюкасл Университетінің (Ұлыбритания) халықаралық қаржылық талдау бойынша магистр дәрежесі және Карл Университетінің (Чех Республикасы) қаржылық математика бакалавры дәрежесі бар. Беделді CFA қаржылық сертификатына және Institute of Directors (Ұлыбритания) берген тәуелсіз директордың (Certificate in Company Direction) сертификатына ие.

Тәуелсіз директор

2024 жылдың 28 мамырынан бастап «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамында.

Абдуалиев мырзаның TASKRABBIT, INC. стратегия және даму жөніндегі басшы позициясында, MCKINSEY&COMPANY аға консультант позициясында шетелде, сондай-ақ «Алматы қаласының даму орталығы» АҚ-да Басқарма төрағасының орынбасары ретінде табысты тәжірибесі бар.

Қазіргі уақытта Кремний алқабында (Пало Альто, АҚШ) орналасқан Silkroad Innovation Hub-тың негізін қалаушы және бас директоры.

Абдуалиев мырзаның Кеннеди Гарвард мектебінің мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі және Стэнфорд университетінің Жоғары бизнес мектебінің іскерлік әкімшілендіру және менеджмент саласындағы ғылым магистрі дәрежесі бар.

Абдуалиев мырза сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ тәуелсіз директоры және American University of Central Asia, «Best for Kids» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып табылады.

2020 жылғы 15 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Тәуелсіз директор.

Калмис мырза дамушы нарықтарға ерекше назар аудара отырып, телекоммуникация және көтерме-бөлшек сауда саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесіне ие. 2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың маусымына дейін ол Metro Cash & Carry ресейлік бөлімшесінің бас директоры болды. Бұған дейін Калмис мырза телекоммуникация секторында түрлі басшылық лауазымдарды атқарды, оның ішінде Ресей Tele2 бас директоры, WorldTelecomunicazioni басқарушы директоры, «VEON» ААҚ Мәскеу кеңсесінің басқарушы директоры қызметтерін атқарды. Калмис мырза Бэйтс университетінің (Мэн штаты, АҚШ) саясаттану және экономика саласында бакалавр дәрежесіне ие, сондай-ақ Уортон бизнес-мектебінің (Wharton School of Business) басшы кадрларын даярлау бағдарламасынан өткен.

2019 жылғы 25 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің құрамында.

Диекторлар кеңесінің төрағасы.

Буянов мырза сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ тәуелсіз директоры және Bengala Investments директоры. 2002-2014 жылдар аралығында ол аға вице-президент және бас қаржы директоры қызметін атқарды, сондай-ақ акциялары Лондон қор биржасында бағаланатын инвестициялық қор - «Система» ААҚ Басқармасының құрамына кірді.
2014 жылдан 2016 жылға дейін Redline Capital Management S.A. инвестициялық комитетінің басқарушы директоры және басшысы болды. Буянов мырза Мәскеу физика-техникалық институтын (MFTI) «қолданбалы физика және математика» мамандығы бойынша аяқтаған, сондай-ақ Оксфорд университетінің Саид бизнес мектебінің (Said Business School) Oxford Fintech Programme түлегі болып табылады.