Алматы, 2026 жылғы 1 қыркүйек «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Kcell» немесе «Қоғам») (KASE, KCEL) – Қазақстанның телекоммуникация нарығындағы көшбасшы операторлардың бірі, Қоғамның Директорлар кеңесі Astana International Exchange (AIX) биржасында тіркелген қолданыстағы облигациялық бағдарлама аясында орналастырылған, жалпы сомасы 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңге болатын төртінші және бесінші транш облигацияларының шығарылым шарттарын өзгерту туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.
Қоғамның Директорлар кеңесі «Кселл» АҚ-ның ISIN KZX000003157 және ISIN KZX000004593 облигацияларының шығарылым шарттарына (Terms and Conditions/ Offer Terms) өзгерістер енгізуді бекітті. Осы өзгерістерге сәйкес 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап (Effective Date) облигациялар бойынша шығарылым валютасы, номиналды құн валютасы және төлем валютасы қазақстандық теңгеден (KZT) қытай юаніне (CNY) ауыстырылады, шығарылым көлемі мен бір облигацияның номиналды құны қайта есептеледі, сондай-ақ жылдық 4,20% мөлшерінде тіркелген купондық сыйақы мөлшерлемесі белгіленеді.
Аталған өзгерістер биржаның қолданыстағы талаптарына сәйкес Astana International Exchange (AIX) алаңында тіркелуге тиіс.
«Кселл» АҚ облигацияларының шығарылым шарттарын өзгерту Қоғамның борыштық қоржынының құрылымын оңтайландыру, қарыздық қаржыландыру құнын төмендету және борыштық міндеттемелерді басқару тиімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.
Анықтама үшін:
Kcell туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Компания сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 5G желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 64,29% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Компания клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.