«Кселл» АҚ (Kcell және activ брендтері) Қазақстандағы ең жылдам мобильді желісі бар оператор мәртебесін растап, Fastest Mobile Network санатында халықаралық Ookla Speedtest Awards™ марапатын тағы бір мәрте иеленді.
Ookla компаниясының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы зерттеу қорытындысы бойынша компания 72,35 Speed Score ұпайын жинап, еліміздегі мобильді операторлар арасында ең үздік нәтиже көрсетті. Зерттеуге бүкіл Қазақстан бойынша пайдаланушылар орындаған 1,3 миллионнан астам жылдамдық тесті негіз болды.
Kcell үшін бұл жетістік технологиялық көшбасшылықты мойындау ғана емес, сонымен қатар орнықты даму қағидаттарын іске асыруға қосылған маңызды үлес. Сапалы және жоғары жылдамдықты мобильді байланысты дамыту халық үшін цифрлық қолжетімділікті арттыруға септігін тигізеді, білім алу, қашықтан жұмыс істеу, кәсіпкерлік және цифрлық мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Мобильді желі жылдамдығы бойынша көшбасшылық компанияның Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуға қосқан үлесін көрсетеді. Сенімді және өнімді телекоммуникациялық инфрақұрылым цифрлық сервистерді енгізудің, кәсіпкерлікті, білім беру мен инновацияларды дамытудың негізі.
Заманауи телекоммуникациялық инфрақұрылымды қамтамасыз ету өңірлер арасындағы цифрлық теңсіздікті азайтуда және ақпарат пен технологияларға қол жеткізу үшін тең мүмкіндіктер жасауда маңызды рөл атқарады. Желінің жоғары жылдамдығы мен тұрақтылығы миллиондаған қазақстандықтарға тұрғылықты жеріне қарамастан цифрлық ортада тиімді өзара іс-қимыл жасауға, оқуға, жұмыс істеуге және өз жобаларын дамытуға көмектеседі.
Kcell үшін бұл желі сапасының көрсеткіші ғана емес, сонымен бірге қоғам мен ел алдындағы ұзақ мерзімді жауапкершіліктің бір бөлігі. Компания Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен цифрлық трансформациясы үшін жағдай жасай отырып, желіні дамытуға және қызмет көрсету сапасын арттыруға жүйелі түрде инвестиция құяды.
Алынған награда бұл жұмыстың тиімділігін және Kcell-дің өз клиенттерін бүгін де, болашақта да сенімді байланыспен және заманауи цифрлық мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге деген ұмтылысын дәлелдейді.