Алматы, 02 наурыз 2026 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Кселл» немесе «Қоғам») (KASE, KCEL) – Қазақстан телекоммуникация нарығындағы жетекші операторлардың бірі Еуразиялық даму банкімен (ЕАДБ) 49 058 миллион теңгеге дейінгі кредиттік келісімге қол қойды. Компания ағымдағы шығындарды қаржыландыру үшін қажет болған жағдайда қаражат тартуды жоспарлап отыр, бұл елдің ірі қалаларында да, ауылдық жерлерде де мобильді желінің қамтуын кеңейтуге және жоғары жылдамдықты интернет сапасын жақсартуға көмектеседі.
Кредиттік желі инфрақұрылымды жаңғыртуды жеделдетеді, желінің өнімділігін жақсартады және миллиондаған адамдар үшін цифрлық сервистерді қолжетімді етеді. Кселл Қазақстанда телекоммуникация қызметтерін жүйелі түрде дамытуда және жаңа қаржыландыру компанияның жоспарларындағы жобаларды іске асыруды жеделдетуге көмектеседі.
«Біз ЕАДБ-ға сенімі мен стратегиялық серіктестік үшін алғысымызды айтамыз. Халықаралық даму банкінен қаржыландыруды тарту Kcell бизнес моделінің тұрақтылығын және компанияның Қазақстанның цифрлық дамуы үшін стратегиялық маңыздылығын растайды. Деректерді беру жылдамдығындағы ұлттық оператор және технологиялық көшбасшы ретінде біз инфрақұрылымды дамытуға инвестиция құюды жалғастырамыз. Қол қойылған келісім негізгі жобаларды іске асыруды жеделдетеді және тұтынушыларымыз үшін цифрлық қызметтердің сапасын жақсартады», – деп атап өтті «Кселл» АҚ бас қаржы директоры Сабиғат Рахметов.
Кселл мен ЕАДБ бірлескен жұмысы жаңа цифрлық шешімдердің пайда болуына, жоғары жылдамдықты байланысты дамытуға және Қазақстанның технологиялық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік тудырады.
Анықтама үшін:
Kcell туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Компания сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 5G желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 51,29% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Компания клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.