Алматы, 2025 жылғы 14 тамыз «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Kcell» немесе «Қоғам») (KASE, KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы ұялы байланыстың ірі операторларының бірі, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің нәтижелері туралы өз акционерлері мен инвесторларын хабардар етеді:
Kcell 2025 жылдың 1 жартыжылдығында тұрақты даму серпінін көрсететін шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынды. Компания желіні жаңғырту мен салуға айтарлықтай ресурстар бағыттай отырып, сенімді дамуын жалғастыруда. Бұл инвестициялар Kcell-ге жабынды кеңейтуге, байланыс сапасын арттыруға және озық технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл клиенттік адалдықтың өсуін қамтамасыз етеді, цифрлық сервистер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады және компанияның тұрақты ұзақ мерзімді табысы үшін берік іргетас қалайды. Салмақты қаржы саясатымен үйлестіре отырып, бұл тұрақты қаржылық жағдайды және бизнестің рентабельділігін қолдауға мүмкіндік береді.
2025 жылдың алты айының қорытындысы бойынша компанияның кірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2%-ға өсіп, 124,9 млрд теңгеге жетті. Сервистік кіріс 102,8 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы деңгейден 4,6% -ға жоғары. EBITDA 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,9%-ға өсіп, 47,7 млрд теңгені құрады. Компанияның рентабельділік деңгейі маржиналдық жобалардың дамуы мен операциялық шығындардың өсуін ұстап қалуға бағытталған шаралардың арқасында артуда – EBITDA margin көрсеткіші есепті жылдың бірінші жартыжылдығында 37,5% -дан 38,2% -ға дейін ұлғайды.
«Бірінші жартыжылдықта Кселл қарқынды дамып, озық технологияларды енгізуді жалғастырды. Басты басымдықтардың бірі – Қазақстанның цифрлық болашағы үшін берік негіз қалыптастыратын 5G стратегиялық жобасын іске асыру. 2023 жылдың басынан бері біз жаңа буын желісін кезең-кезеңмен өрістетудеміз, және бүгінгі таңда елімізде 1 846 5G базалық станция орнатылды», – деп атап өтті «Кселл» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жамбакин.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қоғамның таза табысы 5,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,5% -ға артық. Мұндай өсім компанияның сенімді стратегиясының және Kcell-дің нарықтағы позициясын нығайтып, клиенттер үшін тартымдылығын күшейткен жаңа өнімдер мен сервистерді табысты енгізудің көрінісі болды.
B2B сегменті есептік жылдың 1 жартыжылдығында түсімнің 7% -ға өскенін көрсетті. IoT саласындағы инновациялық шешімдер, Business Solutions, Big Data сараптамалық сервистері, сондай-ақ ауқымды инфрақұрылымдық жобалар өсімнің қозғаушы күшіне айналды. Бұл бағыттар Kcell-ге клиенттердің бизнес мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, саладағы сапа мен технологиялылықтың жаңа стандарттарын беруге мүмкіндік береді.
«Өткен жылмен салыстырғанда валюта бағамының ауытқуы және қаржыландыру бойынша базалық мөлшерлеменің өсуі сияқты бірқатар макроэкономикалық көрсеткіштердің нашарлауына қарамастан компания шығындарды оңтайландыру мен бақылауға бағытталған шаралар кешенін дәйекті түрде іске асыруда. Бұл қадамдар бізге бизнестің тұрақтылығын сақтауға және оң динамиканы көрсетуге мүмкіндік береді, бірінші жартыжылдықтағы таза пайда көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсті. Бұл біздің стратегиямыздың тиімділігін және сыртқы сын-қатерлерге бейімделу қабілетін растайды», – деп хабарлады «Кселл» АҚ Бас қаржы директоры Сабиғат Рахметов.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында тұтынылатын трафик көлемі 630 петабайтқа жетіп, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 32,6% артты, бұл пайдаланушылардың цифрлық белсенділігінің тұрақты өсуін көрсетеді. Мұндай нәтиже бірнеше фактормен байланысты: желі жабыны мен өткізу қабілетінің кеңейтілуі, абоненттердің пайдалануындағы 5G құрылғылар санының ұлғаюы, бейнестримингтік сервистерді, онлайн-ойындарды және трафикті көп тұтынатын басқа да қосымшалардың белсенді дамуы.
Клиенттердің көбі 5G қолдайтын смартфондарға көшуде, бұл оларға жаңа сервистер мен байланыстың жоғары сапасына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде мұндай құрылғылардың айлық белсенді базадағы үлесі 32% -дан асады және бұл көрсеткіш өсіп келеді.
Мәселен, FWA (жоғары жылдамдықты үй интернеті) кірісі 2025 жылғы 2-тоқсанда 18,6% орташа айлық өсімді көрсетті, ал белсенді пайдаланушылар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,6% өсті.
Кселл клиенттерге заманауи және сенімді цифрлық шешімдерді ұсыну, бизнесті цифрлық трансформациялауға және өңірлерді дамытуға ықпал ету үшін технологиялық дамуға және желіні кеңейтуге инвестициялауды жалғастыруда.
Анықтама үшін:
Kcell туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Kcell сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 5G желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 48,84% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Kcell клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.