Алматы, 02 маусым 2025 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы («Кселл» немесе «Қоғам») (KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникация нарығындағы ірі ұялы байланыс операторларының бірі, Директорлар кеңесінің үш жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, құрамына А.Н. Буянов, Джери Калмис, С.Е. Жамалов, А.Қ. Абдуалиев, Д.Ж. Керейбаев, А.Б. Индыкбаев, Е.Б. Мейрамов кірген 2025 жылғы 27 мамырда Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы, Директорлар кеңесінің мынадай құрамы үш жыл мерзімге сайланды:
- Неупокоев Артур Викторович (директорлар Кеңесінің Төрағасы, тәуелсіз директор);
- Каракулов Миржан Елдесович (тәуелсіз директор);
- Өтемұрат Берік Мұстайұлы (тәуелсіз директор);
- Ельцов Сергей Валерьевич (тәуелсіз директор);
- Керейбаев Даурен Жумагалиевич (KC Holding Ltd. акционерінің өкілі);
- Мейрамов Ержан Болатович («Қазқхтелеком» АҚ акционерінің өкілі);
- Индыкбаев Алибек Бейбитович («Қазақтелеком» АҚ акционерінің өкілі).
Директорлар Кеңесінің шешімімен Артур Викторович Неупокоев «Кселл» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Артур Викторовичтің телекоммуникация саласында көп жылдық тәжірибесі бар және салада бірқатар басшылық лауазымдарда болды. Оның еңбегі Қазақстан Республикасының «Үздік байланысшы» (Құрметті байланысшы) салалық төсбелгісімен атап өтілді.
Анықтамалар үшін:
Kcell туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді ұсыну жөніндегі қазақстандық оператор: ұялы байланыс және тіркелген байланыстың конвергенттік қызметтері (FMC), деректер беру және интернетке қол жеткізу, қаржы сервистері, цифрлық сервистер және мобильді қосымшалар, жүйелік интеграция саласындағы АТ-шешімдер, заттар интернеті, машинааралық өзара іс-қимыл (machine to machine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлтты есептеу. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы жетекші операторлардың бірі.
Компания қосымша қызметтердің кең спектрін – мобильді қаржы сервистерін, мобильді теледидарды, онлайн-фильмдерді, музыканы, кітаптар мен журналдарды, сондай-ақ корпоративтік сектор үшін мамандандырылған шешімдерді біріктіретін тұрақты цифрлық экожүйені қалыптастырды.
Kcell тік және инфрақұрылымдық шешімдердің стратегиясын іске асыру, сондай-ақ заманауи технологияларды енгізу арқылы B2B нарығындағы өз позициясын сенімді түрде нығайтады. Компанияның 5G желісі тұрақты байланыс сапасын және жоғары жылдамдықты мобильді интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасы халқының 45,78% -ын қамтиды. Kcell клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекеге қабілетті телекоммуникациялық нарықтарда өздерін жақсы танытқан Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендтік архитектураның арқасында Kcell пакеттік қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттырады.