Алматы, 25 сәуір 2025 жыл – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») (KASE: KCEL), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші операторлардың бірі, Қоғам Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 27 мамырда сағ.11:00-де (Алматы уақыты бойынша) Қазақстан Республикасы, Алматы қ. Әлімжанов көшесі, 51-үй мекенжайында «Кселл» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы шешімін хабарлайды. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеу Алматы қ. уақыты бойынша сағат 10:00 басталады.
Компания Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы көзбе-көз тәртіпте өткізіледі. Егер жиналыс аталған күні өткізілмесе, ол 2025 жылдың 29 мамыры, Алматы уақыты бойынша. сағат 11:00-ге ауыстырылады.
Жылдық жалпы жиналысқа қатысу құқығына 2025 жылғы 28 сәуірдегі қалпында Бағалы қағаздар орталық депозитариімен бағалы қағаздарды ұстаушы тізілімінде акционер ретінде тіркелген акционерлер ие. (00:00 Алматы уақыты бойынша).
Тіркелу үшін қатысушыларға жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну қажет. Сенім білдірілген тұлғалар дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға берілген сенімхатты көрсетуі қажет.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының ұсынылатын күн тәртібі:
1) «Кселл» АҚ 2024 жылғы аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
2) «Кселл» АҚ-ның 2024 қаржы жылындағы таза табысын бөлуге қатысты.
3) «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы.
4) 2025-2027 жылдарға арналған «Кселл» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау туралы.
5) Акционерлердің «Кселл» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар
Қоғам акционерлері акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен сұраным мен акционердің мәртебесін растайтын құжаттарды materialsgm@kcell.kz электронды мекенжайына немесе «Кселл» АҚ атқарушы органының орналасқан жері бойынша: Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Әлімжанов к-сі, үй 51 мекенжайына жолдау арқылы таныса алады. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен акционерлер жиналысты өткізу күніне дейінгі 10 күннен кешіктірмей таныса алады. Акционердің сұранымы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар оған сұраным алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жолданады. Құжаттардың көшірмелерін жасау және құжаттарды жеткізу шығыстарын акционер көтереді.
Анықтама үшін:
investor_relations@kcell.kz
Kcell туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Kcell сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTE желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 67,5% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Kcell клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.