Алматы, 23 қазан 2024 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Қоғам») (KASE, KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы ірі ұялы байланыс операторларының бірі өз акционерлері мен инвесторларын 2024 жылғы 31 қазанда «Кселл» АҚ Бас техникалық директоры, Басқарма мүшесі Кирилл Вальерьевич Страшенконың өкілеттігі жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шартының бұзылуына байланысты тоқтатылатыны туралы хабардар етеді.
1 қарашадағы жағдай бойынша «Кселл» АҚ Басқармасының құрамы мынадай:
- Жамбакин Аскар Серикович – Бас атқарушы директоры, Басқарма төрағасы;
- Рахметов Сабигат Маратович – Басқарма мүшесі, Бас қаржы директоры;
- Шайхин Даурен Мухамедкалиевич- Басқарма мүшесі, корпоративтік мәселелер жөніндегі бас директор;
- Ибраев Данияр Кадылханович – Басқарма мүшесі, Қауіпсіздік жөніндегі бас директор;
- Цой Ольга Вячеславовна – Басқарма мүшесі, Бас коммерциялық директор;
- Амардинов Малик Алимжанович – Басқарма мүшесі, Цифрлық даму жөніндегі бас директор.
Анықтама үшін:
Kcell туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Kcell сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTE желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 82,97% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Kcell клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.