Алматы, 21 қазан 2024 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Kcell» немесе «Қоғам») – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы операторлардың бірі, Директорлар кеңесінің Astana International Exchange («Астана халықаралық биржасы» АҚ) алаңындағы облигациялық бағдарламаны 100 млрд теңгеге дейін ұлғайту туралы шешімін хабарлайды. Осы облигациялық бағдарлама шеңберінде Қоғам жалпы номиналдық құны 70 млрд. теңге болатын үш транш орналастырды.
Листингтің негізгі шарттары:
• Облигациялардың түрі – купондық облигациялар;
• Валютасы – KZT;
• Бір облигацияның номиналы – 100 000 000 (жүз миллион) теңге;
• Облигациялардың айналым мерзімі – шығарылған күнінен бастап 12 (он екі) айдан 36 (отыз алты) айға дейін;
• Бағдарламаның қолданылу мерзімі – 7 жыл (2030 жылғы желтоқсанға дейін);
Облигациялық бағдарламаны ұлғайту – бұл нарықтың ағымдағы жағдайында қаржылық икемділікті және орнықтылықты қамтамасыз етудің маңызды қадамы. Тартылған қаражат компанияның қарыз капиталының құнын арзандату мақсатында борыштық міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталады. Қоғам борыштық жүктеменің мөлшерін және компанияның қаржылық тұрақтылығының деңгейін бақылайды, пайданы барынша арттыру үшін қаржылық шығыстарды азайту мақсатында қаржыландыру жағдайларын жақсарту бағытында тұрақты жұмыс жүргізеді.
Анықтама үшін:
Kcell туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Kcell сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTE желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 82,97% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Kcell клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.