Алматы, 2024 жылғы 2 қазан – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Компания») (KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші ұялы байланыс операторларының бірі, 2024 жылғы 26 қыркүйекте өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының (АКТЖЖ) нәтижелерін жариялайды.
АКТЖЖ күн тәртібінде келесі мәселелер қамтылды:
1. «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы.
АКТЖЖ қарапайым көпшілік дауыспен күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мынадай шешімдер қабылдады:
- «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің келесі мүшелері Лезговко Александр Владимирович пен Кишкимбаева Алия Бахиткиреевна өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
- «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің қазіргі құрамына Индыкбаева Алибека Бейбитовичам және Мейрамов Ержан Болатович «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері, «Қазақтелеком» АҚ акционерінің өкілдері болып сайлансын.
- «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері Индыкбаева Алибека Бейбитовичам және Мейрамов Ержан Болатович уәкілеттіктерінің мерзімдері – сайланған кезден бастап және 2022 жылғы 19 мамырда «Кселл» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында (Хаттама №21) анықталған «Кселл» АҚ қазіргі директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға – 2025 жылғы 18 мамырға дейін айқындалсын.
Кселл Директорлар кеңесінің ағымдағы мүшелері:
- Буянов Алексей Николаевич – Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор;
- Абдуалиев Асет Куандыкович – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Индыкбаев Алибек Бейбитович – Директорлар кеңесінің мүшесі, акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі
- Калмис Джери – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Мейрамов Ержан Болатович – Директорлар кеңесінің мүшесі, акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі;
- Жамалов Санжар Еркебаевич- Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Керейбаев Даурен Жумагалиевич- «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ірі акционер Есенов Галимжан Шахмардановичтің өкілі.
Анықтама үшін:
Компания туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Компания сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTE желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 82,97% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Компания клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.