Алматы, 2024 жылғы 12 қыркүйек «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Қоғам») (KASE, KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы ірі ұялы байланыс операторларының бірі, компанияның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп пайызын иеленетін акционерлер құрамы өзгергенін хабарлайды.
Ірі акционерлер тізіміне «Кселл» АҚ акцияларын Есенов Галимжан Шахмардановичтің сату бойынша мәміле нәтижесінде «KC HOLDING LTD» жеке компаниясы кірді. Акционер ұсынған ақпаратқа сәйкес, мәміле Есенов мырзаның компаниялар тобы шеңберінде акцияларды иелену құрылымын оңтайландыру мақсатында жасалды, акциялардың түпкілікті меншік иесі сол күйінде қалды, акциялар саны өзгерген жоқ («Кселл» АҚ 29 745 215 жай акциясы).
Осылайша, компанияның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп пайызын иеленетін «Кселл» АҚ ағымдағы акционерлері 51% иелену үлесі бар «Қазақтелеком» АҚ және 14,87% иелену үлесі бар «KC HOLDING LTD» жеке компаниясы болып табылады. Аталған өзгерістер компанияның операциялық қызметіне әсер етпейді.
Анықтама үшін:
Kcell туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Kcell сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTE желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 82,97% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Kcell клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.