Алматы, 2024 жылғы 4 қыркүйек «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Kcell» немесе «Қоғам») – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы ірі ұялы байланыс операторларының бірі Astana International Exchange («Астана халықаралық биржасы» АҚ) алаңында облигациялық бағдарлама шеңберінде купондық облигациялардың үшінші шығарылымының орналастырылғанын хабарлайды.
Шығарылымның негізгі параметрлері:
– Бағалы қағаздың түрі – купондық облигациялар
– Шығару көлемі – 300 (үш жүз) дана
– 1 облигацияның номиналды құны – 100 000 000 теңге
– Валюта – теңге
– Орналастыру әдісі – жеке орналастыру (private placement)
– Купондық ставка – ҚР ҰБ БС + 0,5%
– ISIN – KZX000002761
– TICKER – KCELL.0927
– Листинг күні – 04.09.2024 жыл
Облигацияларды орналастырудан түскен қаражат стратегиялық мiндеттердi одан әрi шешу және «Кселл» АҚ-ның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында кредит портфелiнiң параметрлерiн жақсартуға бағытталатын болады.
Анықтама үшін:
Kcell туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Kcell сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTE желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 82,97% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Kcell клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.