Алматы, 28 мамыр 2024 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы («Кселл» немесе «Қоғам»)
(KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы ірі ұялы байланыс
операторларының бірі, 2024 жылғы 27 мамырда сағат 11.00-де Алматы қ. Әлімжанов
көш.51 мекенжайында өткен Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында («АЖЖЖ»)
Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Пиетари Кивикконың Директорлар кеңесінің
құрамынан шығарылғаны және Абдуалиев Асет Куандыковичтің Қоғамның Директорлар
кеңесінің жаңа мүшесі болып сайланғаны туралы хабарлайды.
Кселл Директорлар кеңесінің ағымдағы мүшелері:
- Буянов Алексей Николаевич – Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор;
- Кишкимбаева Алия Бахиткереевна – Директорлар кеңесінің мүшесі, акционер
«Қазақтелеком» АҚ өкілі - Калмис Джери – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Абдуалиев Асет Куандыкович – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Лезговко Александр Владимирович – Директорлар кеңесінің мүшесі, акционер
«Қазақтелеком» АҚ өкілі; - Жамалов Санжар Еркебаевич- Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Керейбаев Даурен Жумагалиевич- «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ірі
акционер Есенов Галимжан Шахмардановичтің өкілі.
Анықтама үшін:
Биржамен жұмыс жөніндегі уәкілетті тұлға
Дамир Муллашев
Investor_relations@kcell.kz
Компания туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты
байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол
жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды,
жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды
(machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер
саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф
сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка,
кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ
корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында
бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды.
Компания сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық
технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 4G/LTE
желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 72,82% -ын қамтиды және
қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Компания клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі
телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен
ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге
қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын
басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.