Kcell Store: 400 мың межесі алынды!

Kcell Store – бұл 6 қала, 8 дүкен және ендігі кезде Store-ға келген 400 мың адам. Не бары 10 айлық жұмыс ішінде ритейлдің жаңа форматы сервис пен сату арасындағы шекараны жойды. Дүкен мен клиенттерге арналған клубтың синергиялық идеясы, жылы жырайлы атмосфера, тәжірибелі қызметкерлер – табысты болған және қазақстандықтардың көңілінен шыққан формула.

«Қазақстандағы алғаш Kcell Store-дің тұсаукесерін «Кселл» компаниясы 2015-ші жылдың наурызында жүргізген болатын. Ол кезде біз қомақты сараптамалық жұмыстар жасадық: біз қазақстандық сатып алушылардың талғамдарын зерттедік және олардың сервиске «жаңартпашылық» тәсілін қажет ететінін байқадық. Нәтижесінде біз батыстағы үздік брендтердің мысалында ритейлдің жаңа форматын әзірледік. Kcell Store кеңістігінде келуші кеңес берушілерден жаңа мобильді трендтер және әртүрлі смартфондардың артықшылығы туралы білуіне, тура осы жерде оларды сатып алу алдында сынап көруге және стандартты қызметтердің толық спектрін, мысалға, нөмірді қосу, тарифті таңдау, теңгерімді толықтыруына болады. Алматы мен Астанада концепт-сторларды ашқаннан кейін біз аймақтық нарықтарға белсенді түрде экспансияны бастадық. Қазіргі кезде Kcell Store Қазақстанның алты қаласында, негізінен, қаладағы ірі сауда орталықтарында ұсынылған. Осы жылы біз мемлекетте дүкендер желісін белсенді түрде кеңейтуді және клиенттеріміздің клубтарын ұлғайтуды ары қарай жалғастыратынымызды хабарлауға қуаныштымын», – деп «Кселл» АҚ-ның бас атқарушы директоры Арти Отс түсініктеме жасады.

Дүкендер желісінде Алматыдағы дүкен бірінші болды, ол 2015-ші жылдың 14 наурызында ашылды. Одан кейін 6 маусымда Астанадағы “Mega Astana” ССО-да стор ашылды. Жазғы ашылулар сериясын 27 маусымда Алматыдағы «Dostyk Plaza» ССО-да Kcell Store-дің алғашқы таныстырылымы аяқтады. 2015-ші жылдың күзінде Ақтөбе, Шымкент пен Атырауда тағы үш дүкен ашылды. Ал ең «жас» концепт-сторлары 2015-жылдың аяғында Қарағанды мен Алматыда жұмысын бастады.

Kcell Store-дің саны бойынша Алматы көшбасшы-қала болды: мұнда бірдей үш дүкен қызмет етеді. Ал Астана тұрғындары мен меймандары ең белсенді келушілер болды – ай сайын астаналық Kcell Store-ге шамамен 35 мыңға дейін адам келеді.

Дүкенде келушілер смартфон мен аксессуарлардың кең ассортиментінен гаджеттерді таңдай алады. 2015-ші жылы тек концепт-стор желілерінде ғана сатылған смартфондардың жалпы саны 10 мың данаға жетті және осы санға Алматы, Астана мен Ақтөбедегі дүкендер қомақты үлесті қосты.

Смартфондардың ең көп сатып алынатын брендтері туралы айтатын болсақ, біріншілік үшін Apple мен Samsung-тің флагмандары сайысады. Өткен жылдың желтоқсанында қазақстандықтар арасында талғам берілетін модельдердің Үздік–3-те Samsung Galaxy S6, iPhone 6 64GB және Samsung Galaxy J5 болды.

Kcell Store клиенттері тек топтық смартфондарын ғана емес, сатып алу үшін тартымды шарттарын да таңдайды. Kcell желісінде Samsung және Apple смартфондары тиімді келісімдік ұсыныстармен сатылады. Қазіргі кезде ең танымал болып табылатыны – бұл келісім 12 айға жасалатын топтама, екінші орында – 24 айға жасалатын келісім және үшінші орында – 18 айға жасалатын келісімдік ұсыныс.

Бұл кезде, әрбір келісімдік топтама абоненттердің сапалы және қолжетімді мобильді интернетке деген қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген. Мысалға, науқандық минуттары мен барлық операторларға SMS-тан бөлек, Samsung Galaxy S6 үшін 12 айға жасалатын келісімге айына 18 мың теңге сомасына күндіз 10 Гб трафигі және түнде мүлдем тегін қызметі де ұсынылады.

Kcell Store-да барлық жаңа науқандар мен ұсыныстар туралы 60 жас және ілгері басқан кеңес берушілер айтып береді. Олар сатып алушыларға өз талғамына сәйкес гаджетті таңдауға көмектеседі. Әр дүкенде Samsung өнімінің ресми өкілімен және Apple компаниясының атынан арнайы үйретуден өткен Kcell Store қызметкерімен сөйлесуге болады.

2016-ші жылы бұрыннан да клиенттеріміз одан да жақсы тұтынушылық тәжірибені сезініп, Kcell Store-мен бірге инновациялық технологиялардың жарқын жанкүйерлеріне айналады деп сенеміз!

Scroll to Top