«Кселл» жетекші ұялы байланыс операторы кез келген уақытта және кез келген жерде ойын-сауық контентіне қол жеткізуге арналған activ music, activ TV және Bookmate by activ мультимедиялық сервистер желісінің іске қосылғаны туралы хабарлайды. Осы сәттен бастап activтен бір, екі, үш дегенде ғаламдық ойын-сауық ортасына енуге болады. Бір – бұл музыка, екі – TV көру, үш – бұл оқу.
activ-тен жаңа ойын-сауық қосымшалары – бұл Kcell және activ абоненттері үшін өз смартфондары мен планшеттерінде, кез келген жерде, кез келген уақытта сүйікті әндерімен, телебағдарламаларымен және кітаптарымен бірге болу мүмкіндігі. Бұл үш сервис те қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде берілген және әлеуметтік желілерде шэринг функциясын қолдайды.
Қазіргі таңда музыка индустриясында өзгерістер кезеңін байқауға болады, сандық музыка әр түрлі заттай тасымалдағыштардағы музыканы өткен уақытқа артта қалдырып отыр. «Кселл» компаниясының абоненттері activ music сервисімен ағындық музыканы тыңдау бойынша әлемдік қозғалыстың бір бөлшегі бола алады. Шамамен екі миллиондай жария қазақстандық және шетелдік композицияларға қол жеткізу, дербес плейлист жасау, әндерді офлайн-режімде тыңдау, өмірдегі әртүрлі жағдайларға арналған дайын музыкалық топтама, кіріктірілген радио, олармен әлуметтік желілерде бөлісу мүмкіндігі – осының бәрі activ music-те бар.
activ TV – бұл 100 астам қазақстандық және шетелдік танымдық, ойын-сауықтық, спорт, балалар телеарналарын нақты уақыт режімінде көру және сүйікті контентті басқару мүмкіндігі. Енді абоненттердің өздері сүйікті хабарлары мен телеарналарын қайда, қашан және қандай құрылғыда көре алатындықтарын таңдайтын болады. Олар эфирлер мен девайстар арасында ауыстыра алды, қайта ауыстыра алады, бағдараламарды тоқтата, оларды жаза және қызықты сәттерін қайта қарай алады. Қосымшаның қолайлылығы – бұл таңдалған бағдарламаның басталуы туралы бір күн бұрын, бір сағат бұрын немесе басталар алдында ескерту.
Bookmate by activ мобильдік кітапхана оқырмандарға 8 тілде 500 мыңнан аса кітаптарға қол жеткізу мүмкіндігін ашады. Оның ішінде арнайы қазақстандықтар үшін қазақ тілінде 3700 шығармалар берілген. Жеке кітап сөрені жасау, дәйексөздерді сақтау, қалаған кітаптардың тізімін жасау, кітаптарды офлайн-оқу үшін смартфондардың жадына жүктеу – бұл қосымшаның артықшылықтарының толық тізімі емес. Мысалы, нөмір балансынан төлеу кезінде, қосымшалар магазинінен ұялы байланыс кітапханасын жүктеген Kcell және activ абоненттері жазылу кезінде үнемдей алады. Bookmate by activ сервисінде кітаптарды жүктеу және оқу кезінде абоненттер үшін ұялы байланыс трафигі тарифтелмейді.
«Біз ғажайып уақытта өмір сүріп отырмыз: әлем өзгереді, біз де өзгереміз және нарық та өзгеріп отыр. Жақын болашақта дауысты байланыс тек жағымды естелік болып қалады. Және бұл жағдайдағы біздің компанияның философиясы қарапайым және тиімді – клиенттерге назарды шоғырландыру, желі сапасын дамыту және жетілдіру, қызықты «ауыр» контентте ауқымды тұтынуға жаңа қызметтерді шығару. Өткен жылы біз стандарты оператордан әмбебап сервистік провайдерге трансформация кезеңінің басталуы туралы көп айтқан едік. Ал бүгінгі күні біз бұл өзгерістердің алғашқы нәтижелерін қуана көрсетеміз. Біз жаңа өнімдеріміздің өз клиенттеріміздің үміттеріне толығымен сәйкес келетіндігіне сенімдіміз. Сонымен қатар, өнімдеріміздің олардың тәжірибесін өзгертетіндігіне және activтен Ғаламдық ойын-сауықпен жарқын, қанық және қызықты өмір үшін мүлде жаңа мүмкіндіктерді ашуға көмектесетіндігіне сенімдіміз», – деп атап өтті Арти Отс, «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры.
Kcell және activ абоненттері үшін activ music-ке жазылу құны тәулігіне 20 теңгені құрайды, алғашқы 30 күні сервисті тегін пайдалануға болады. Сервисті қосу үшін абонентке мобильдік қосымшаны жүктеп алу немесе music.activ.kz web-порталына тіркелу керек, сондай-ақ қызметті ұялы телефоннан *987#OK теріп, қосуға болады.
activ TV сервисін қосу үшін Kcell және activ абоненттері мобильдік қосымшада activ.tv web-порталына тіркеле алады, немесе ұялы телефоннан *757#OK теріп, қосуға болады. «Бастапқы пакетке» жазылу құны – тәулігіне 29 теңге. Алғашқы үш пайдалану күні – тегін.
Bookmate by activ Kcell және activ абоненттері үшін тәулігіне 19 теңге үшін қол жетімді. Тегін тестілеу кезеңі – 7 күні. Сервиске iOS және Android базасындағы смартфондар үшін қосымшаны жүктеп, немесе bookmate.com/activ сайтында тіркеліп, сондай-ақ *909#OK қысқа комбинациясын теру арқылы жазылуға болады.
Сервистер iOS пен смартфондар мен планшеттерге Google Play арқылы App Store және Android арқылы жүктеу үшін қол жетімді. activ music және activ TV сервистері үшін Kcell абоненттеріне кіріс және шығыс интернет-трафик тарифтелмейді, activ абоненттері үшін кіріс және шығыс интернет-трафиктері «Алло, Қазақстан» секілді кейбір тарифтік жоспарларда тарифтелмейді. Қызметтер бойынша қосымша ақпарат activ.kz. порталында орналастырылған.
Cisco компаниясы 2019 жылы мәліметтерді мобильді тарату 10 есеге* дейін өсетіндігін болжап отыр. Бұған қуатты мобильді құрылғылардың қатарының артуы, мәліметтерді тарату жылдамдығын арттыру және интернет-трафиктерді генерациялау әсер етеді. Қазіргі кездің өзінде бұл Kcell және activ желісінде байқалып отыр – абоненттермен тұтынылатын күн-трафиктің саны жыл санап артып келеді. Тек соңғы екі жылдың ішінде «Кселл» компаниясының абоненттерімен мобильді интернетті пайдалану 2 есеге дейін артты. Компания мәліметтерді таратудың ауқымды көлемдерінде өз клиенттерінің өсіп отырған қажеттіліктеріне сай келу үшін өз желісін белсенді кеңейтіп отыр.
* «Визуалды желілік технологияларды дамыту индексі: 2014-2019 кезеңіне мобильді трафик бойынша жаһандық болжам» құжатында ұсынылған Cisco компаниясының болжамына сәйкес.