Табыс көлемі және абоненттік база бойынша Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші операторы болып табылатын «Кселл» компаниясы LTE стандартының ұялы байланысын ұйымдастыруға арналған радиожиіліктер үшін бірінші траншты төлеу туралы хабарлайды. Осылайша, компания 2016 жылы LTE жиіліктеріне қол жеткізу үшін мемлекет бюджетіне 14 миллиард теңге мөлшерінде төлемді жүзеге асырған Қазақстандағы алғашқы ұялы операторлардың бірі бола отырып, LTE желісін іске қосуға кезекті маңызды қадам жасады.
14 миллиард теңге мөлшерінде төленген сома «Кселл» компаниясына LTE желісін күшейту үшін 700/800 МГц ауқымында 10/10 МГц енімен радиожиіліктер жолағын және 1700/1800 МГц ауқымында 10/10 МГц енімен радиожиіліктер жолағын пайдалануға мүмкіндік береді. Компания өз желісінде LTE іске қосуға белсенді дайындық жұмыстарын бастады.
Қазақстанның Инвестициялар және даму министрлігінің (ары қарай «Министрлік») ертеректе аталып өтілген өкімі бойынша операторлар 1700/1800 МГц ауқымында 10/10 МГц енімен радиожиіліктер жолағы үшін 2016 жылдың 1 ақпанына дейін 4 миллиард теңге мөлшерінде бір жолғы төлемді және 700/800 МГц ауқымында 10/10 МГц енімен радиожиіліктер жолағын алу үшін 2016 жылдың 1 наурызына дейін 10 миллиард теңге мөлшерінде бірінші төлемді төлеулері тиіс.
Сонымен қатар, Министрлік барлық операторларға бұрын берілген жиіліктерде 2016 жылдың 1 наурызына дейін LTE іске қосу қажеттілігі туралы хабарлады.
Аталған жиіліктерді пайдалануға рұқсат операторлармен тұрғындар саны 500 және одан жоғары елді мекендерде, сонымен қатар барлық республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль және темір жолдарын ұялы байланыспен 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін қамтамасыз ету шартымен берілген.