Kcell «Жас Зерде» студенттер ғылыми жұмыстарының II Халықаралық конкурсын қолдады

4 наурызда маркетингтік және социлогиялық зерттеулер саласындағы «Жас Зерде» студенттер ғылыми жұмыстарының II Халықаралық конкурсының финалы болып өтті. Компания «Kcell Академия» шеңберінде конкурстың серіктесі болды. Конкурсқа Қазақстаннан, Ресейден және Украинадан 69 студенттік командалар қатысты.

«Жас Зерде» конкурсы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең онлайн-форматта өтті, нәтижесінде үш елдің 22 командаларының зерттеулері іріктеліп алынды. Студенттер өз жұмыстарын екі секцияда – «Маркетингтік зерттеулер» және «Социологиялық зерттеулер» секцияларында қорғады.

Анық болғанындай, студенттерді қазіргі заманның маңызды мәселелері толғандырады. Олар өз зерттеулерін әртүрлі тақырыптарда ұсынды: экологияның жай-күйі және жасыл технологиялар, өткір әлеуметтік мәселелер және оларды шешу жолдарын іздестіру. Конкурсқа «Пластикалық қалдықтардың рециклинг нарығын маркетингтік зерттеу», «Маркетингтік зерттеу нысаны ретіндегі елдік бренд», «Амбулаторлық жағдайларда балаларда антибиотиктерді пайдаланудың фармакоэпидемиологиялық талдауы» сияқты және т.б. жарқын жұмыстар ұсынылды.

Тақырыптардың әртүрлілігі осы конкурсқа қатысқан университеттердің профильдерімен анықталды. Олардың ішінде С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті және басқа ЖОО болды.

Студенттерді Қазақстандағы телекоммуникация саласының дамуы қызықтыратыны қызықты дерек болды. Сонымен, «AlmaU» Алматы университетінің командасы «Тұтынушылық артықшылықтарды және Қазақстанның ұялы байланыс клиенттерінің ниеттестілігін маркетингтік зерттеу» жұмысының тұсауын кесті. Зерттеу қорытындыларын тәжірибеде толық шамада қолдануға болатынын атап өткен жөн.

Сондай-ақ конкурс мәресінде қатысушылар үшін төрт шеберлік-сыныптары ұйымдастырылды. Келешек маркетологтар «1С-СRM. Кәсіпорында ағымдық саудаларды ұйымдастыру» шеберлік-сыныбына қатысты, ал студент-социологтар «Адамдардың тұрпаттамасын білу неге маңызды?» тақырыбына шеберлік-сыныбын тыңдады.

Қазылар алқасының құрамына кәсіби маркетологтар, PR-мамандар, ірі зерттеу компаниялары мен Қазақстандағы социологтар Ассоциациясының өкілдері кірді. Конкурсты ұйымдастырушылар «Қазақстанның қоғамдықпікір меннарықты кәсіби зерттеушілердің ассоциациясы» және «AlmaU» бизнес-жоғарғы оқу орны болды.

««Жас Зерде» конкурсына қолдау көрсеткені үшін және студенттердің бастамаларына қызығушылық танытқаны үшін «Кселл» компаниясына алғысымызды білдіргіміз келеді. Осы жылы ұсынылған жұмыстардың деңгейі айтарлықтай әртүрлі болды. Бірақ шын мәнінде жоғары кәсіби орындалған жұмыстар мен ұсынылған шешімдер бар, олар әртүрлі нарықтарға – фаст-фудтан ұялы байланыс нарығына дейін – енгізуге дайын», -деп КАПИОР Президенті Александр Рузанов өз ойымен бөлісті.

«Біз екінші рет маркетингтік және социологиялық зерттеулер саласындағы «Жас Зерде» студенттер ғылыми жұмыстарының II Халықаралық конкурсының серіктесті болғанымызға өте қуаныштымыз. Білім беру саласындағы жобаларға қолдау көрсету – біздің компаниямыздың әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды бағыттарының бірі. Себебі қазіргі студенттер – бұл келешектегі маркетинг және социология салаларындағы кәсіби мамандар, бәлкім болашақтағы біздің командамыздың бір бөлігі», – деп «Кселл» АҚ коммуникация бөлімінің басшысы Наталья Еськова өз ойын айтты.

«Kcell Академия» алты жыл бойы Alma University, ҚБТУ, Халықаралық ІТ Университет, ЕҰУ сияқты және т.б. Қазақстанның әртүрлі универститеттерімен бірлесіп жұмыс істеп келеді, студенттік ортадағы әртүрлі конкурстарға, конференцияларға және зерттеулерге қолдау көрсетіп келеді.

Scroll to Top