«Кселл» абоненттері мәліметтерді тарату желісін белсенді пайдаланады

Ақпан айында «Кселл» компаниясы мобильдік интернеттің қамту аумағын кеңейту және дауысты байланыстың сапасын арттыру үшін ел аумағында өзінің желісін белсенді дамытуды жалғастырды.

Ақпан айында Kcell және activ абоненттерімен Қазақстан бойынша мәліметтерді тарату қызметін тұтыну көлемі 8,5млн гигабайттан астам құрады, бұл ретте Астана және Алматы қалаларының тұрғындарының үлесіне 3 млн гигабайт интернет-трафик сәйкес келді.

2016 жылдың ақпан айында «Кселл» компаниясы Қазақстан бойынша 26 базалық станцияларын орнатты, олардың ішінде – 15 2G және 11 3G. Олар Алматыда, Ақтауда, Ақтөбеде, Семейде, Оралда, Шарда (Шығыс Қазақстан облысы), сондай-ақ Бадамша ауылында (Ақтөбе облысы), Жәпек Батыр ауылында (Алматы облысы), Байет ауылында (Павлодар облысы), Шаховское және Красная Поляна ауылдарда (Солтұстік Қазақстан облысы), Михайловка аулында (Қостанай облысы), Самарское ауылында (Шығыс Қазақстан облысы) орнатылды.

Сонымен қатар, компания Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында орналасқан “АҚ АЛТЫНАЛМАС” АҚ алтын өндіретін кәсіпорынның аумағында өз желісінің сапасын жақсарту үшін қосымша жабдықты орнатты.

Компания ауылдық жерде мобильдік Интернетінің қамтуын кеңейтті. Мысалы, Ақтобе облысындағы Бадамша және Алматы облысындағы Жәпек батыр ауылдарында осы елді мекендердің тұрғындарының мәліметтерді тарату қызметіне өсіп отырған сұраныстарын қамтамасыз ету үшін қосымша 3G жабдығы орнатылды. Самарское ауылында (Шығыс Қазақстан облысы) «Кселл» компаниясынан 3G байланысы бірінші рет пайда болды және аталған елдің 6 000 астам тұрғындары еліміздегі жетекші ұялы байланыс операторының желісін пайдалана отырып, Интернетке шыға алады.

Сонымен қатар, 846 адам тұратын Қостанай облысының Михайловка ауылында, «Кселл» компаниясына 2G желісімен қамту пайда болды. Компания Солтүстік Қазақстан облысының Красная Поляна ауылында (696 тұрғын) және Шаховское ауылында (856 тұрғын) дауысты байланыстың сапасын жақсарту үшін өз жабдығын теңшеуді жүргізді.

Еліміздің ең ірі мегаполисі Алматы қаласында кластерлік оңтайландыру бойынша жұмыстар жалғастырылды, бұл жұмыстар қаланың басты бөлігінде басымдылықпен жүргізілді (Розыбакиев көшесінен бастап Төле би көшесінің солтүстігіне қарай).

Бұл ауданда компанияның инженерлерінің алдында тұрған негізгі міндет, – 42 Мбит/сек дейін мәліметтерді тарату жылдамдығын алуға мүмкіндік беретін желі теңшелімін жүзеге асыру, сондай-ақ дауысты байланыс сапасын жақсарту болып табылады. Аталған кластерді оңтайландыру бұрын іске қосылған базалық станцияларда да, осы ауданда орнатылатын жаңа жабдықта да белсенді режімде жүргізіледі.

Мәліметтерді тарату желісін ары қарай жетілдіру бойынша компаниямен қабылданған барлық қадамдар өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6 наурыздан 8 наурызға дейін мереке күндерінде мәліметтерді тарату көлемін 145% арттыруға әкелді, бұл «Кселл» желісі бойынша өткен 919 018 гигабайт интернет-трафикті құрады.

Сонымен қатар, ақпан айының соңында «Кселл» Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында LTE стандартының ұялы байланысының жоспарлық аймақтарын іске қосты.

Scroll to Top