«Кселл» АҚ желілерді дамыту жөніндегі жұмыстары 2015 жылы абоненттердің мобильдік интернетті тұтынуының іс жүзінде екі есе ұлғаюына алып келді. Одан басқа, компания 2 мыңнан астам тұрғыны бар қазақстандық ауылдардың 50 пайызын мобильдік интернетіне кіруін қамтамасыз етті. Жылдың осы және басқа нәтижелері туралы компанияның техникалық департамент менеджменті есепті пресс-іс-шарада республикалық БАҚ журналистеріне айтып берді.
2015 жылы компания ел көлемінде мобильдік интернетке кіруді белсенді дамытуды жалғастырды. Бұл ретте компания орталығында ірі қалалар да, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде де 3G желісін толықтыруды кеңейту орын алды. Нәтижелер ретінде, 63 млн Гб аса мобильдік интернет компания абоненттеріне өткен жылы жүргізілді, олардың үштен бірі Алматы (11,3 млн Гб) және Астана (10,6 Гб) абоненттеріне сәйкес келеді. Сондай-ақ от «Кселл»-ден мобильдік интернетті жабу аймағының кеңеюінің арқасында 2 мыңнан астам адам тұратын 50% қазақстандық ауылдар интернетпен қамтамасыз етілді.
«Өткен жылы біз желілер сапасын жақсартуға бағытталған бағдарламалар мен басталамалардың біртұтас қатарын іске асырдық. Және, біздің деректерді табыстау желілеріміз 2015 жылы мобильдік интернетті тұтынудың екі еселенген өсуіне шыдамдлық танытуы жұмыстың дер кезінде және жоғары сапада орындалғанын көрсетеді. Сондай-ақ біздің абоненттеріміздің мобильдік деретерді белсенді пайдалануы – бұл 2016 жылдың ақпан айында флагманмен – activ ТВ онлайн-телевизиясымен жаңа сервистердің тұтас желісімен кеңейтілген интернет-өнімдердің үлкен танымалдылығының нәтижесі болып табылады. Осы жылы біз Қазақстанның барлық ірі қалаларында LTE іске қосуды қоса алғанда, сондай-ақ біздің клиенттерімізге деректерді табыстауға негізделген жаңа инновациялық өнімдерді ұсына отырып, желі сапасын көтеруді дамытуды жалғастыратын боламыз», – деп атап көрсетті «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс.
Компания желісін дамыту қорытындылары бойынша өткен жылы жүз адамнан бір мың адамға дейінгі тұрғындары бар 14 ауыл «Кселл» желісі арқылы Интернетке шығу мүмкіндігін алды. Мобильдік оператор сондай-ақ Құмкөл кен орны ауданындағы Қызылорда облысындағы үш вахталық ауылдар үшін, сонымен қатар Ақтөбе облысындағы вахталық ауылдар үшін деректерді табыстауды қамтамасыз етті. Компанияның дауыстық байланысы алғашқы рет пайда болған ауылдық елді мекендердің тізімін 2015 жылы 500-ден бір мыңға дейін тұрғындары бар 21 ауыл және 50-ден 500 адамға дейін тұрғындары бар 5 ауыл толықтырды, Шығыс Қазақстан облысындағы Қарасу ауылындағы 51 тұрғынды қоса алғанда.
2015 жылы компанияның күрделі жұмсалған қаражаттары 18 миллаирд теңгеден астам соманы құрады, негізгі өндірістік құралдарды және желі сапасын кеңейтуге және жақсартуға арналған жабдықтарды сатып алуды қоса алғанда. Осының арқасында өткен жылы компания 1,5 мыңнан астам базалық станциялар орнатты, олардың үштен екісі 3G стандартын ұстанады. Осының барлығы Қазақстанның 73% тұрғыны үшін мобильдік интернетке кіруін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұл ретте компанияның дауыстық байланысты 5 114 елді мекендерде бар, бұл елдің 96% тұрғыны тұратын аумақты құрайды.
Сондай-ақ 2015 жылы компания 10 қалада кластерлік оңтайландыру жөніндегі көлемді жобаны іске асырды. Астана, Шымкент, Қарағанды қалаларындағы және Алматының 9 кластеріндегі жұмыстар толығымен аяқталды. Драйв-тесттердің нәтижелері көрсеткендей, дауыстық байланыс сигналының сапасы Алматыда 17% және Астанада 10% жақсарды. Барлығы 2015 жылы Алматы, Астана, Семей, Қарағанды, Шымкент, Қызылорда, Атырау, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында және оларға жақын жатқан трассаларда дауыстық байланыс және көшелерде және жолдарда деректерді табыстау сапасына бақылауды қамтамасыз ету үшін 64 драйв-тесттер жүргізілді.