«Кселл» компаниясы аталған құжатты әзірлеуші, BritishStandardsInstitution-нан OHSAS 18001:2007 халықаралық еңбекті қорғау стандартына сәйкестік сертификатын алды. Бұл сертификат «Кселл» АҚ жұмыскерлерімен және компанияның мердігер ұйымдарымен орындалатын жұмыстардың денсаулықты және еңбекті қорғау саласындағы жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетіндігін растайды.
OHSAS 18001:2007 кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғауды басқару бойынша халықаралық стандарт болып табылады. Компанияның аталған сертификатқа сәйкестігінің негізгі критерийі жұмыскерлердің кәсіби денсаулығы мен қауіпсіздігін бақылау және менеджмент жүйесінің болуы және тиімді жұмыс істеуі болып табылады. Сол себепті сертификатты алу үшін, «Кселл» компания ішінде бірқатар үдерістерді жақсартты, денсаулықты және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес арнайы рәсімдерді әзірледі.
Сертификатты дайындау және алу барысында «Кселл» мамандарымен «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы саясат» әзірленді және ендірілді, қауіп-қатерлерді сәйкестендіру және бағалау, сондай-ақ түзету шаралары, оның ішінде қызметкерлерді дәйекті түрде оқыту жүзеге асырылды.
«Біздің компанияда 1 800 астам адам жұмыс істейді. Сол себепті, біз өз алдымызға қызметкерлердің барлық санаттары үшін, офис қызметкерлерін, қойма жайларының жұмыскерлерін, инженерлерді, сондай-ақ компанияның көлік құралдарын жүргізуге рұқсат етілген жұмыскерлерді қоса, өмірі мен денсаулығын қорғаудың барынша тиімді жүйесін жасау міндетін қойдық. Бизнесті жауапты жүргізудің нормаларын ұстана отырып, біз өзіміздің операциялық қызметіміздің әртүрлі аспектілерінде халықаралық стандарттарға сәйкес келуге ұмтыламыз. Осы себепті біз үшін өз компаниямыздағы жұмыс жағдайының дүние жүзінде қабылданған еңбекті қорғау бойынша жоғары халықаралық нормаларға толығымен сәйкес келетіндігіне байланысты растауды алу аса маңызды», – деп атап өтті Арти Отс, «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры.
OHSAS 18000: 2007 сертификаты 3 жылға беріледі және жыл сайын аталған стандарттың талаптарымен белгіленген менеджмент жүйесіне сәйкестікті растау мақсатымен қадағалау аудиті жүргізіледі. Қайталама аудит сертификатты берген сәттен бастап 3 жылдан кейін жүргізілетін болады. Стандарт қызметкерлер құрамының кез келген санымен компанияларға қолданылады, алайда жұмыскерлерінің көп санымен және адамның денсаулығына зиян келтіруі мүмкін адам үшін қауіпті жұмыс ортасымен кәсіпорын үшін аса өзекті.
1999 жылға дейін өмірді және денсаулықты қорғау жүйесінде дүние жүзі бойынша кәсіпорындар мен компаниялар үшін сапа өлшемі болатындай біртұтас халықаралық стандарт болмаған. Осыған байланысты Британдық Стандарттар Институты OHSAS 18001 «Occupational Health and Safety Management Systems – Specifications» ерекшелігін әзірледі. OHSAS стандарты көптеген жаһандық халықаралық компанияларда ендіріледі.