«Кселл» Samsung Galaxy S7 және S7 Edge смартфондарын сатуды бастады

18 наурызда «Кселл» желісінің барлық дүкендері мен абоненттік кеңселерінде Samsung өнімін қастерлеушілер алғашқылардың бірі болып Samsung Galaxy S7 және S7 Edge флагмандарын сатып ала алады.

Сатылымның іске қосылуына орай Samsung компаниясы «Кселл»-мен бірлесіп Алматының Dostyk Plaza ОСО-да 18 наурызда сағат 18.00 инновациялық смартфондардың тұсаукесерін өткізеді. Тұсаукесер аясында барлық қонақтарды концерттік бағдарлама, Мұрат Мұтырғановтың жетекші іс-шараларынан сыйлықтары бар тамаша конкурстары және Samsung Galaxy S7* смартфонының ұтыс ойыны күтеді.

Сонымен бірге барлық қалаушылар мобильдік флагмандарды Kcell Store-да тестілей алады және алдын ала тапсырыс беру арқылы, толық бағасына немесе пайдалы келісім-шарттық ұсыныстармен смартофондарды сатып ала алады.

Сондай-ақ флагмандық смартфондарды тестілеумен қатар, әрбір қонақ Dostyk Plaza пилоттық аймағында LTE технологиясын байқап көре алады және инновациялық мобильдік технологияның бүкіл спектрін өзінде сезіне алады.

Келіңіздер және конкустарға қатысыңыздар, жаңа смартфондармен танысыңыздар және жай ғана концерттік бағдарламадан рақат алыңыздар!

18 наурыз, сағат 18.00, Dostyk Plaza ОСО – біз сіздерді күтеміз!

Барлық қосымша ақпарат осы жерде.

* Ұтыс ойынға компанияның әлеуметтік желілерінде қатысуға өтінім қалдырған Kcell және activ абоненттері қатыса алады.

Scroll to Top