«Kcell Академия»: Тамақ өндірісінен бастап ТЖ кезінде адамдарды құтқаруға дейін

Kcell әл-Фараби ат. ҚазҰУ өткен «Менеджмент», «Маркетинг», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша VIII Республикалық студенттік олимпиадасына төртінші рет қолдау көрсетті. Олимпиадаға Қазақстанның 8 қаласынан 15 жоғары оқу орындарынан 119 студенттер қатысты.

Қатысушылар әдеттегідей бұрын соңғы болмаған креативтілікті көрсетті, идеяларымен және жобаларды іске асыру қабілеттерін паш етті, олар өздерінің қабілеттерін үш бағытта қорғады – маркетинг, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару. Олимпиаданың басты талаптарының бірі – қазіргі заманғы нарық және адамдардың қажеттіліктері жағдайында іске асырылатын нақты жобаны ұсыну. Олимпиада барысында студенттердің тамақ өндірісіне, жылдам кірісті бизнеске және әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған жобаларға қызығушылық танытатындары анықталды.

Мысалы, «Менеджмент» секциясында әл-Фараби ат. ҚазҰУ «Фарабики» командасы жеңімпаз атанды. Қатысушылар велосипдедтің дөңгелегінде жарнамалық қызметтерді ұсыну бойынша өздерінің шағын агенттіктерін құрғылары келеді. Бұл ретте велосипедтердің иелері қалалардың қарапайым тұрғындары болып табылады, олар жиі осындай велосипедпен жүреді және пайдалы істі жағымды бонуспен – ақша табумен үйлестіре алады. Әрбір велосипедке мобильдік қосымшамен байланыстырылған GPS датчигі бекітілетін болады. Ол қосымша жүріп өткен шақырымдарды есептейтін және баллдарды есептеп шығаратын болады. Кейіннен велосипедтің иеленушісі баллдарды ақшаға айырбастай алады, мысалы, 1 шақырым үшін 40 теңге. Студенттердің есептеулері бойынша, орташа алғанда, бір аптада бір адам 10 мың теңге таба алады. Ал «велосипедтік» жарнама агенттігінің тапсырыс беруші-компаниялары сыртқы жарнаманың дәстүлі түріне қарағанды бағасы әлдеқайда төен жылжымалы жарнаманы алады.

Бұл секцияда тағы да бір қызықты жоба Халықаралық ІТ-Университеттің студенттерінің – «Dr.Copter медициналық ұшқышсыз ұшу аппараты» жобасы болды. «IT-Generation» атауымен команда медицина қызметкерлері жедел түрде жете алмайтын жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыру бойынша кәсіпорынды құруды ұсынды. Мысалы, егер жедел жәрдем көлігінің зардап шегушіге дейін жетуі мүмкін болмайтын болса немесе ТЖ жағдайларында тәуліктің кез келген уақытында көмекке мұқтаж адамдарға 10 шақырымға дейін қашықтыққа 7 кг дейін салмақпен дәрілермен, орағыштармен және басқа медициналық құралдармен

Dr.Copterс жіберуге болады. Түнде ұшу үшін коптеро тепловизиялық камерамен жабдықталады. Бұл жобаны іске асыру үшін команда 10 миллион теңге қажет, оның 3 миллионын олар өз жеке қаражаттары есебінен жинаған.

Маркетинг секциясында іске асыру үшін ерекше идеялар берілген. ХБА-нан «Немерешки» командасы Қазақстан нарығына желе тәріздес сорпаларды сатуға шығаруды ойлайды, ал Гумилев ат. ЕҰУ «Корпус-А» командасы құрғақтай пісірілген қазақстандық ақ сиыр етін дайындау бойынша жобаны ұсынды. Конкурста әл-Фараби ат. ҚазҰУ «DreamTeam» командасы «MegVita» жобасымен жеңімпаз атанды. Бұл конкурс барысында маркетолог-студенттердің HoReCa маркетингтік кампаниясын ұйымдастыруға қызығушылық танытатындары анықталды.

Мемлекеттік және жергілікті басқару саласының болашақ мамандары электр энергиясы, қоғамды басқару, агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы мәселелерге көңіл бөлген. Мысалы, ҚазҰАУ студенттері аталған бейіннің ұйымдарының ақпараттық хабардарлығын жақсарту мақсатымен Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені үшін кеңес беру қызметінің біртұтас жүйесін құруды ұсынды, ал ақтаулық Ш.Есенов ат. КМТИУ-нің студенттерін балалар үйлерінен шыққан балаларды әлеуметтендіру мәселесі, ал дәлірек айтқанда, олардың мұндай мекемелерден шыққаннан кейін тап болатын жағдайлар ойландырады. Бұл салада бірінші орын тағы да әл-Фараби ат. ҚазҰУ командасына зияткер қоғамды қалыптастыру бойынша және оны басқарудың тиімді тәсілдері бойынша жоба үшін берілді.

«Біздің «Kcell Академия» білім беру жобасы алты жыл бойына маркетинг, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы VIII Республикалық студенттік олимпиадасы секілді әртүрлі студенттік жобаларға қолдау көрсетіп келеді. Біз үшін студенттерді толғандыратын мәселелерді біліп отыру және жастарға өз ойларын айту, әлеуметтік мәселелерді талқылау және оларды шешу жолдарын ұсыну мүмкіндіктерін беру үшін мұндай шараларға қолдау көрсете отырып, қатысу маңызды. Біз жастардың тиімді білім алуларына сеп болуға, олардың ілгерулерінің бір бөлігі болуға ұмтыламыз, өйткені біз жаңа идеялармен және қоғам мен бизнесті жақсы жағына өзгертуге ұмтылатын дарынды студенттерді жұмысқа қабылдауға дайынбыз», – деп атап өтті «Кселл» АҚ корпоративтік коммуникациялар бойныша бөлімінің менеджері Наталья Еськова.

Scroll to Top