Алматы, 2016 жылдың 11 сәуірі – «Кселл» акционерлік қоғамы (LSE, KASE: KCEL), табыс көлемі мен абоненттік базасы бойынша Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор Директорлар кеңесінің 2016 жылдың 18 мамырында Алматы уақыты бойынша сағат 10:00-де, келесі мекенжай бойынша «Кселл» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысын («ЖЖЖ») шақыру туралы шешім қабылдағандығын хабарлайды: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 2Г. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу Алматы уақыты бойынша сағат 09:00-де басталады.
ЖЖЖ Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415 «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 35 бабы 2 тармағына сәйкес өткізіледі.
Егер бірінші ЖЖЖ өтпесе, «Кселл» АҚ екінші жиналысы 2016 жылдың 19 мамырында (Алматы уақыты бойынша сағат 10:00) өтеді.
2016 жылдың 19 мамырындағы қалпында (Алматы уақыты бойынша сағат 01:00) Бағалы қағаздардың бірегей тіркеушісімен Бағалық қағаздарды ұстаушылардың тізілімінде акционер ретінде тіркелген акционерлер жалпы жылдық жиналысқа қатысу құқығына ие.
Тіркеу үшін жеке куәлікті ұсыну қажет. Сенім білдірілген тұлғаларға дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға сенімхат ұсыну қажет.
Жалпы жылдық жиналыстың күн тәртібі:
- Акционерлердің жалпы жиналысының төрағасы мен хатшысын сайлау және дауыс беру формасын анықтау.
- Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
- Жылдық қаржылық есептілікті бекіту
- Қоғамның есептік қаржылық жылға таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу және қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд көлемі туралы шешім қабылдау.
- Акционерлердің қоғамға және оның лауазымды тұлғаларына арыз беру және оны қарастыру нәтижелері туралы мәселені қарастыру
- Акционерлерді директорлар кеңесінің және қоғамның атқарушы органының мүшелерінің сыйақы көлемі мен құрамы туралы хабардар ету.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар
«Кселл» АҚ акционерлері акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен materialsgm@kcell.kz электрондық мекенжайына немесе Компанияның атқарушы кеңсесі, Бас атқарушы директорының орналасқан жеріне: Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Самал-2 ықш., үй 100 мекенжайына сұраным мен акционер мәртебесін растайтын құжат жолдау арқылы таныса алады. Акционерлердің жалпы жиналысыны бойынша материалдар акционерлердің танысулары үшін акционерлердің жалпы жылдық жиналыстың өтетін күніне дейінгі он күннен кеш емес мерзім бұрын қолжетімді. Акционерлер материалдарды оған сұраным алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ала алады. Құжат көшірмелерін дайындау мен құжаттардың жеткізілуіне шығындарды акционер көтереді.
| Байланыс деректері | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Tel: +7 727 2582755 ішкі тел. 1002Investor_relations@kcell.kz |
| МедиаНаталья Еськова | Tel: +7 727 2582755 ішкі тел. 1902Pressa@kcell.kz |
| Халықаралық медиа | |
| College Hill | Tel: +44 207 457 2020 |
| Кэй Ларсен, Галина Кулачек |
Компания туралы жалпы деректер.
Kcell қосымша құны бар дауыстық байланыс қызметтерін көрсетеді, оның ішінде қысқа хабарламалар сервисі, мультимедиялық хабарламалар және мобильді контент-қызметтері сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ Интернетке қолжетізімді қосқанда деректерді беру қызметтері. Компания екі бренд ұсынады: ең алдымен, корпоративтік клиенттерге (оның ішінде мемлекеттік ұйымдарға) бағытталған Kcell бренді және, ең алдымен, жаппай нарық абоненттеріне бағытталған Activ бренді. Компания өз қызметтерін Қазақстан Республикасының халық орналасқан барлық дерлік аумағын ұялы байланыспен қамтыған.
2012 жылдың желтоқсанында Kcell Лондон қор биржасында ЖДҚ және KASE-те өзінің жай акцияларын сәтті орналастырды. Баға бір ЖДҚ үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акцияға 1,578.68 теңге көлемінде орнатылды, мұнда бір ЖДҚ бір акцияға тең. Ұсыныс Kcell жарғылық капиталының 25 пайызын құрайтын TeliaSonera-ға 50 млн. акцияны сатудан тұрды. TeliaSonera тікелей немесе жанама түрде компанияның 61,9% жай акциясына ие.
Kcell Қазақстан Республикасындағы мобильді деректерді беру өсімінің айтарлықтай әлеуетінен пайда көруді жоспарлауда. Компания қамту аймағын кеңейту мақсатында 3G желісін жаюға инвестиция құюды жалғастырмақ, сондай-ақ орнатылған тәртіпте 4G стандартындағы жоғары сапалы байланыс қызметтерін ендірмек. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге төзімді бағаларға ұсыну, желінің жоғары сапасын сақтау мен бренд құндылығын арттыру арқылы табыс көлемі мен абоненттер саны бойынша өзінің жетекшілігін сақтап қалуға талпынуда.