Көктемнің алғашқы айында «Кселл» ұялы байланыс операторы байланыс сапасын жақсартуға және шалғай жатқан елді мекендерде «Кселл» желісінің қамтуын арттыруға бағытталған желіні кеңейту және жаңарту бойынша жұмысын жалғастырды.
«Кселл» АҚ техникалық директорының м.а. Саша Лековичтің айтуы бойынша, «Желінің сапалы қамтуын қамтамасыз ету – «Кселлдің» негізгі міндеттерінің бірі. Бұл үшін біз желіні жаңарту, жаңа базалық станцияларды орнату және қамту аймағын арттыру бойынша жоспарлы жұмыстарды жүзеге асыруды белсенді жалғастырып келеміз».
Наурыз айында компанияның инженерлік-техникалық қызметкерлері Шымкент, Тараз, Өскемен және Жаңаөзен қалаларында, сондай-ақ Жамбыл облысындағы Қарасу және Бетқайнар ауылдарында, Солтүстік Қазақстан облысында Степное ауылында және Шығыс Қазақстан облысында Предгорное ауылында 16 базалық станцияларды орнатты және жаңартты.
Сонымен қатар, «Кселлден» 3G желісі Жамбыл облысындағы 3 504 адамнан тұратын халқымен Қарасу және 4 441 тұрғындар тұратын Бетқайнар ауылдарында, және Шығыс Қазақстан облысының 3 мың адам тұратын Предгорное ауылында, сондай-ақ Қызылорда облысының «Қоныс» мұнай кен орнының аумағында және Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылсай және Қостанай облысының Амангелді ауылдарында өткен айда алғаш рет пайда болды.
Желіні кеңейтудің арқасында Шымкент, Тараз, Өскемен және Жаңаөзен қалаларының, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының 687 адам тұратын Степное ауылының тұрғындары үшін дауысты байланыстың сапасы жақсартылды.
«Кселл» байланыс сапасы бойынша желінің өнімділігінің жеке көрсеткіштері наурыз айында орташа әлемдік мәндерге жуықтады және тіптен асып түсті. Мысалы, дауысты қосылудың табыстылық пайызы орташа әлемдік 99,25% мәнімен салыстырғанда 99,53% құрады. «Кселлде» сөйлесу кезіндегі үзіліп кетулердің көрсеткіші наурыз айында орташа әлемдік 0,73% салыстырғанда 0,59% құрады. Компания желісінде мәліметтерді таратудың орташа жылдамдығы орташа әлемдік 1,2 Мбит/с салыстырғанда 1,9 Мбит/с құрады.
Сонымен қатар, «Кселл» желісі наурыз айында GSM стандартында дауысты арналардың артық жүктелуінің төмен көрсеткішімен ерекшеленді. Аталған көрсеткіш 0,039% құрады, бұл аталған параметр 1,59% құрайтын орташа әлемдік мәннен бірнеше есе аз.