«Кселл» АҚ банктік қарыз мерзімінің ұзартылғанын хабарлайды

Алматы, 25 сәуір 2016 жыл – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан былай «Kcell» немесе «Компания») (LSE, KASE: KCEL), Қазақстандағы нарық үлесі және абоненттер саны жағынан телекоммуникациялық нарықтың жетекшісі, өз акционерлері мен инвесторларының назарына «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен нысаналы мақсаты – айналым капиталын қаржыландыру болып табылатын 22 миллиард теңге сомасына банктік қарыз мерзімінің 2016 жылдың 13 сәуірінен бастап 2017 жылдың 13 сәуірін дейін 12 айға ұзартылғаны туралы ақпаратты жеткізеді.

Сұранымдар үшін:

Kcell 
Инвесторлармен байланыс 
Ирина ШольТел: +7 727 2582755, қос. 1205Investor_relations@kcell.kz
БАҚНаталья ЕськоваТел: +7 727 2582755, қос. 1902Pressa@kcell.kz
  
Халықаралық БАҚ 
Instinctif PartnersТел: +44 207 457 2020
Леонид Финк, Тони Френд, Кей Ларсен, Галина Кулачек 

Компания туралы жалпы деректер.

Kcell қосымша құны бар дауыстық байланыс қызметтерін көрсетеді, оның ішінде қысқа хабарламалар сервисі, мультимедиялық хабарламалар және мобильді контент-қызметтері сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ Интернетке қолжетізімді қосқанда деректерді беру қызметтері. Компания екі бренд ұсынады: ең алдымен, корпоративтік клиенттерге (оның ішінде мемлекеттік ұйымдарға) бағытталған Kcell бренді және, ең алдымен, жаппай нарық абоненттеріне бағытталған Activ бренді. Компания өз қызметтерін Қазақстан Республикасының халық орналасқан барлық дерлік аумағын ұялы байланыспен қамтыған.

2012 жылдың желтоқсанында Kcell Лондон қор биржасында ЖДҚ және KASE-те өзінің жай акцияларын сәтті орналастырды. Баға бір ЖДҚ үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акцияға 1,578.68 теңге көлемінде орнатылды, мұнда бір ЖДҚ бір акцияға тең. Ұсыныс Kcell жарғылық капиталының 25 пайызын құрайтын TeliaSonera-ға 50 млн. акцияны сатудан тұрды. TeliaSonera тікелей немесе жанама түрде компанияның 61,9% жай акциясына ие.

Kcell Қазақстан Республикасындағы мобильді деректерді беру өсімінің айтарлықтай әлеуетінен пайда көруді жоспарлауда. Компания қамту аймағын кеңейту мақсатында 3G желісін жаюға инвестиция құюды жалғастырмақ, сондай-ақ орнатылған тәртіпте 4G стандартындағы жоғары сапалы байланыс қызметтерін ендірмек. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге төзімді бағаларға ұсыну, желінің жоғары сапасын сақтау мен бренд құндылығын арттыру арқылы табыс көлемі мен абоненттер саны бойынша өзінің жетекшілігін сақтап қалуға талпынуда.

Scroll to Top