Алматы қаласында «activ» студенттік футбол лигасы маусымының салтанатты жабылуы мамырдың 1-ші жұлыдызында өтті. 32 команда 9 айдың барысында чемпион атағы үшін және «activ» Алматы студенттік футбол лигасының кубогы үшін күресті. Алматы энергетика және байланыс университетінің «AUPETBears» командасы Чемпион, Кубок Иегерлері атанды.
«Біз студенттік футбол лигасына қолдау көрсетуге және спортқа жастарды барынша көбірек тартуға қуаныштымыз. Жобаның барлық уақытында жас ойыншылар тамаша дене формасын және жеңіске деген дайындықтарын және көшбасшы болудың шексіз ынтасын көрсетті. Финалдық ойындар сериясы әсерлі және көріністік болғаны соншалық, ең соңғы пенальти сериясына дейін Чемпиондар Кубогының жеңімпазы кім болатыны анықталған жоқ», – деп «Кселл» АҚ коммуникация бөлімінің басқарушысы Наталья Еськова түсініктеме жасады.
Кез келген студенттік команда өзінің дене дайындығына немесе ойын тәжірибесіне тәуелсіз аctiv студенттік футбол лигасының қатысушысы бола алатын еді. Сондықтан 2015-2016 жылдар маусымында Алматының ірі университеттерінен 32 команда қатысты: : ҚазМУ, АЭБУ, ҚБТУ, СДУ, ХАТУ, Alma University, ҚазҰТУ, UIB, ҚазҰМУ, ҰЭУ, ҚНУ. Осы лиганы өткізудің барысында қарашадан бастап мамыр аралығында 240 матч ойналды, 740 гол салынды.
«AdamSky» футбол лигасының» басқарушысы Мадияр Таубаев атап өткендей: «activ» студенттік лигасы жоғары деңгейде өтті, ойыншылар мен жанкүйерлер ырза болды және маусымның барлық кезеңінде немқұрайлылық танытқан жоқ, себебі Алматы университеттерінің студенттері осындай көлемді жоба туралы бұрыннан күтіп, армандап жүрген болатын. Ең басты жетістіктердің бірі қаланың барлық университеттері командаларының ұйымшылдығы мен татулығы, спорттың қызықты да жақсы көретін түрін ойнай отырып, ойыншылардың бос уақыттарын өткізе білу мүмкіндігі. Біз «activ» Студенттік Лигасын Астанада, Қарағандыда және Шымкенте өткізу туралы пікірлер мен тілектер алдық».
Лиганы ұйымдастырушылардың пікірі бойынша, маусым ойындарына студенттік командалардың белсенді қатысуын сапалы футбол алаңдары, білікті төрелік және демеушілер мен серіктестер тарапынан көрсетілген қолдау қамтамасыз етті.