Сәуір айында Kcell және active абоненттері 9 460 793 ГБ интернет-трафигін игерген. Олардың ішінде 1,8 миллион ГБ трафиктен Алматы және Астана қалаларында өткен. Бұл ретте оператордың желісінде деректерді таратудың орташа жылдамдығы секундына 1 800 килобитті құраған, ал деректерді таратудың ең жоғарғы жылдамдығы секундына 42,2 мегабитті құраған. Алынған мәліметтер ұқсас халықаралық көрсеткіштерге теңеледі.
Мұндай жоғары нәтижелерге қол жеткізуге Қазақстанның барлық аумағында мобильдік оператормен ұсынылатын байланыстың жоғары сапасы мен ауқымды қамту мүмкіндік береді. Алайда, белгілі болып отырғандай, кемелділіктің шегі жоқ, және компания желінің сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүргізуді жалғастырып келеді.
Сәуір айында компанияның техникалық мамандары Қазақстанның 8 аймағында 11 – 2G базалық станцияларын және 20 – 3G станцияларын орнатты. Жұмыстар Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында,сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының ауылдарында жүргізілді.
Өткен айдан бастап «Кселл»-ден дауысты байланыс Жамбыл облысының Бетқайнар ауылында, Шығыс Қазақстан облысының 961 тұрғындарымен Белое ауылында және Солтүстік Қазақстан облысының 409 адам тұратын Элитное ауылында қол жетімді болды. Осы уақыт ішінде «Кселл» интернет-желісі алғаш рет Маңғыстау облысының Ракушечное кен орнында, Жамбыл облысының 1429 адам тұратын Үлкенсұлутөр ауылында және Орал қаласының маңындағы небәрі 354 тұрғындарымен Маштаково ауылында пайда болды.
Ақтөбе, Атырау және Жаңаөзен қалаларында дауысты байланыс сапасы қосымша 2G станциялары арқылы жақсартылды. Бұл қалаларда, сондай-ақ Құлсары және Ақтау қалаларында 3G стандартының жаңа базалық станциялары орнатылды.
Сонымен қатар дауысты байланыс және интернет-қосылулар Алматы облысында Қазыбек бек станциясының (4 772 адам), Ақтерек ауылының (3 122 тұрғындар) тұрғындары және Жамбыл облысының Жаңатас ауылдық округының Кесіктөбе карьерінің жұмыскерлері үшін жақсартылды. Компанияның инженерлері жоғарыда аталған елді мекендерде ұялы байланысты жақсартуға 3G базалық станцияларында қосымша жабдықтарды қосу есебінен қол жеткізді.
Оператордың байланысының жоғары сапасы туралы Алматы қаласында өткізілген драйв-тесттің нәтижелері куәландырады. Сәуір айында компанияның мамандары еліміздің ірі қаласы бойынша базалық станциядан абонентке 30,6 Мбит/с (Downlink) және абоненттен базалық станцияға 3,7 Мбит/с (Uplink) деңгейінде ең жоғарғы жылдамдықты тіркей отырып, 1 000 шақырымды өтті.
Іс жүзінде Алматы қаласының барлық жерінде «Кселл» ден дауыс» POLQA халықаралық алгоритмі бойынша 5 ең жоғарғы баллдардан 4 деңгейінде болған (бағалау 1 ден 5 дейінгі шәкіл бойынша қойылады). POLQA бағалауына сәйкес, егер дауыс 2,7 жоғары болса, дауыс қолайлы сапада деп есептеледі.