Алматы, 20 мамыр 2016 жыл – «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан былай «Kcell» немесе «Компания») (LSE, KASE: KCEL), Қазақстандағы табыс көлемі мен абоненттер саны жағынан мобильді байланыстың жетекші операторы, 2016 жылдың 18 мамырында өткен Компания акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысының (АЖЖЖ) нәтижелерін жариялайды.
АЖЖЖ Kcell директорлар кеңесінің Компанияның 2015 жылдағы таза табысын 46 632 млн. теңге көлемінде бекіту, сондай-ақ жылдық дивиденд ретінде Компанияның 2015 жылдағы таза табысының 50% дивиденд ретінде төлеу туралы ұсынысын мақұлдады. Бір акцияға шаққандағы дивиденд көлемі салықтардың алынуына дейін 116,58 теңге құрайды (бір жай акция бір ЖДҚ-ға сәйкес келеді).
Дивидендтер қолма-қол ақшасыз формада акционерлердің банктік шоттарына аудару арқылы төленеді. 2016 жылдағы 19 мамырда Kcell акцияларына ие акционерлер (Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 1:00) дивиденд алуға құқылы болады.
Дивидендтер бір уақытта және бір төлеммен 2016 жылдың 1 тамызынан бастап (Алматы қ.уақытымен 09:00) төленеді.
Компания деректемелері: «Кселл» АҚ, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050051 Алматы қ., Самал-2 ықш., үй 100; банктік деректемелері: БСН 980540002879 БЖК KZKOKZKX IBAN KZ539261802102350000 «Казкоммерцбанк» АҚ-да, Кбе 17.
Қабылданған басқа шешімдер Компанияның 2015 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылдағы жекелей және біріктірілген қаржылық есебінің бекітілуін және Тәуелсіз аудитор есебін қамтиды. Оған қоса акционерлерге Компанияның Директорлар кеңесінің және Атқарушы органының мүшелеріне сыйақы төлеу мөлшері және құрылымы туралы, сондай-ақ акционерлер тарапынан Компания қызметкерлеріне және оның басшылығына қатысты қандай да бір сұранымдардың болмауы туралы ақпарат жеткізілді.
| Байланыс деректері | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Тел: +7 727 2582755, қос. 1002Investor_relations@kcell.kz |
| БАҚНаталья Еськова | Тел: +7 727 2582755, қос. 1902Pressa@kcell.kz |
| Халықаралық БАҚ | |
| Instinctif PartnersКей Ларсен, Галина Кулачек,Эдриан Даффилд | Тел: +44 207 457 2020 |
Компания туралы
Kcell қосымша құны бар дауыстық байланыс қызметтерін көрсетеді, оның ішінде қысқа хабарламалар сервисі, мультимедиялық хабарламалар және мобильді контент-қызметтері сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ Интернетке қолжетізімді қосқанда деректерді беру қызметтері. Компания екі бренд ұсынады: ең алдымен, корпоративтік клиенттерге (оның ішінде мемлекеттік ұйымдарға) бағытталған Kcell бренді және, ең алдымен, жаппай нарық абоненттеріне бағытталған Activ бренді. Компания өз қызметтерін Қазақстан Республикасының халық орналасқан барлық дерлік аумағын ұялы байланыспен қамтыған.
2012 жылдың желтоқсанында Kcell Лондон қор биржасында ЖДҚ және KASE-те өзінің жай акцияларын сәтті орналастырды. Баға бір ЖДҚ үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акцияға 1,578.68 теңге көлемінде орнатылды, мұнда бір ЖДҚ бір акцияға тең. Ұсыныс Kcell жарғылық капиталының 25 пайызын құрайтын TeliaSonera-ға 50 млн. акцияны сатудан тұрды.
Кейіннен Kcell Қазақстандағы мобильді деректерді беру қызметтері сегментіндегі елеулі өсім әлеуетінен табыс алуды көздеуде. Kcell Қазақстан Республикасындағы мобильді деректерді беру өсімінің айтарлықтай әлеуетінен пайда көруді жоспарлауда. Компания қамту аймағын кеңейту мақсатында 3G желісін жаюға инвестиция құюды жалғастырмақ. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге төзімді бағаларға ұсыну, желінің жоғары сапасын сақтау мен бренд құндылығын арттыру арқылы табыс көлемі мен абоненттер саны бойынша өзінің жетекшілігін сақтап қалуға талпынуда.