Алматы, 23 мамыр 2016 жыл. «Кселл» акционерлік қоғамы (LSE, KASE: KCEL) (бұдан былай «Kcell» немесе «Компания»), Қазақстандағы табыс көлемі мен абоненттер саны жағынан мобильді байланыстың жетекші операторы, Қазақстандық қор биржасынан (KASE) мөлдірлік пен ақпаратты ашудың жоғары дәрежесі үшін марапат алғандығын хабарлауға қуанышты.
KASE биржасында тіркелген 130 компания ішінен Kcell-ді қосқандағы төрт компания 2016 жылда «Мөлдірлікке талпыну» санатында марапатқа ие болған.
Арти Отс, Компанияның бас атқарушы директоры: «Біз Қазақстандық қор биржасының осы марапатын алуға өте қуаныштымыз. Біз мөлдірліктің және қызметіміздің барлық саласында ақпарат ашудың жоғары стандарттарын ұстануға талпынудамыз. Kcell басшылығы Компанияға бизнесінің тиімділігін арттыру үшін барлық мүмкіндіктерді барынша пайдалануға ықпал ететін мықты корпоративтік басқарманы түзуге тырысады» деп атап өтті.