Балалар бақыт деген не екенін біледі!

Халықаралық балаларды қорғау күні — бұл біздің балаларымызға олардың осы өмірде бар болғандары үшін, және олардың қоршаған ортада бәрінен бақыт таба білетіндері үшін «Рахмет» айтатын мереке.

Халықаралық Балаларды қорғау күнінің құрметіне Kcell мен activ Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында бүлдіршіндер үшін мерекелік іс-шараны ұйымдастырды. Ұтыс ойындары, сайыстар, жүлделермен сыйлықтарға толы шоу-бағдарлама — балалардың шаттыққа толы күлкісі үшін, олардың қуанып, ойнап, жүгіру және өздерін бақытты сезіну үшін өткізілді.

Бұл күні «Бозторғай» балалар шығармашылығы конкурсының гала-концерті өтті, онда Қазақстанның әртүрлі қалаларынан 500 бала әділ қазылар алқасының алдында өздерінің ән салу дарындарын ашты. Жеңімпаздар activ-тен сыйлықтар алды, ал көрермендер барлық балалардың дарынды екендеріне көз жеткізді.

Алайда бұл осымен аяқталмады — мереке құрметіне Kcell мен activ балалардың телефон арқылы өздерінің сүйікті кейіпкерлерімен сөйлесіп, олармен өз армандарымен, құпияларымен және сүйікті тағамдарымен бөлісе алулары үшін, 2004 қысқа нөмірі бойынша «Ертегіге қоңырау шал» науқанын іске қосты. Тіс Перісі, Маша, Жалмауыз кемпір, Алдар Көсе, Бауырсақ және Алпамыс батыр сияқты қазақ және орыс тілдерінде сөйлейтін ертегі кейіпкерлерімен сөйлесуге болады. Науқан кеңінен танымал болып келеді, ал ата-аналар сүйікті кейіпкеріне қоңырау шалу үшін балалардың ботқаны жеуге де дайын екендіктері туралы әлеуметтік желілерде кеңестерімен бөлісуде!

Kcell және activ абоненттері бұл науқанды мүлде тегін пайдалана алады және 5-ші маусымға дейін акцияның қолданылу кезеңінде бала қанша қаласа, сонша рет қоңырау шала алады. Басқа операторлардың абоненттері үшін қоңырау шалудың құны олардың тарифтік жоспарларына байланысты. Ертегі кейіпкерлерімен сөйлесу нөмірі — 2004 немесе +7 701 200 40 00.

Kcell және activ барлық қазақстандықтарды осындай маңызды мерекемен тағы да құттықтайды. Бүкіл әлем балаларында күн сайын қуанышқа және шатттыққа толы күндер бола берсін!

Scroll to Top