Мобильдік оператордан «Bigdata» қаржы секторына көмектеседі

«Кселл»  Profit Finance Day де өзінің bigdata саласындағы сараптамасымен бөлісті. Компания  мобильдік оператор ие болатын  жинақталған мәліметтерді дұрыс қолдану банктер мен қазақстанның қаржы секторының басқа ұйымдарының жұмысының тиімділігін арттыруға  қабілетті деп сенімді.

Биылғы жылы  «Кселл» компаниясының қолдауымен өтетін ProfitFinanceDay конференциясы Қазақстанның қаржы қызметтері нарығы үшін АТ-шешімдерінің  мәселелеріне  арналған. Оған банктердің, телекоммуникациялық және қор нарығының, сақтандыру компанияларының, зейнетақылық және инвестициялық қорлардың, микрокредиттік ұйымдардың, ипотекалық компаниялардың  және мемлекеттік органдардың  өкілдері қатысты.  Оның қатысушылары клиенттерге қызмет көрсету сапасы  мен қауіпсіздікті жақсарту, бизнестің тиімділігін арттыруға себін тигізетін жаңа сервистерді ұсыну  үшін  ең озық АТ-шешімдерін ендіру тақырыбына практикалық тәжірибемен  алмасты. Қазақстанның жетекші мобильдік операторы «Кселл» конференцияда  оларды қолдану қаржы секторына операциялық қызметтен кірістерді арттыруға себін тигізетін bigdata саласындағы  инновациялар туралы атап өтті.

«Өткен жылдан бастап «Кселл» дәстүрлі мобильдік  оператордан әмбебап сервис-провайдерге  ауысу процесі арқылы біртіндеп өтеді. Нарық бизнесін дамыту бойынша команда  біз үшін стратегиялық маңызды міндетті – өз клиенттеріміз үшін бизнес-шешімдердің үздік жеткізушісі болу міндетті орындауға барынша күш-жігерін жұмсайды. Және де бүгінгі таңда біз қаржылық нарық сарапшыларына банктер мен басқа қаржы ұйымдарының табысын арттыруға бағытталған өз шешімдерімізді  қуана ұсынамыз», – деп атап өтті «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс.

Өзінің абоненттері туралы ауқымды деректер қорына ие бола отырып, мобильдік оператор әрдайым оларды өзінің меншікті өнімдері мен қызметтерін жақсарту үшін  жеке жауапкершіліксіз түрде қолданды. Алайда ақпараттық қызметтердің  нарығын дамытумен телеком-компаниялардан мәліметтердің  мол ауқымы қаржы ұйымдарына тұтынушылық әрекеттері бойынша  қосымша аналитика көзі ретінде  пайдалы болуы мүмкін, оның негізінде клиенттің кредиттік әрекетін бағалау елеулі жақсартылуы мүмкін. Мұндай ақпарат қаржы ұйымдарына  маркетингті неғұрлым сапалы деңгейге шығаруға ғана емес,оларға  өзінің тәуекелдеріне неғұрлым дәл бағалауды жасауға көмектеседі.

Қазіргі уақытта «Кселл» «Мобильдік  скоринг», «Мақсатты SMS- тарату» және «Абоненттік есеп және аналитика» өнімдері бойынша bigdata пайдаланудың коммерциялық сценарийін әзірлейді. Бірінші өнім банктерге тәуекелдерді бағалауда қолданылуы мүмкін байланыс қызметтерін пайдалану бойынша  жинақталған ақпаратты көруге мүмкіндік береді.  «SMS-таргетинг»  SMS  таратулар үшін мақсатты топты неғұрлым  дәл анықтау арқылы  клиенттің маркетингтік коммуникациясының тиімділігін елеулі көтеруге мүмкіндік береді, оның нәтижесі, ережеге сай, стандарттыдан 7 есеге тиімдірек.  «Абоненттік есеп және аналитика» қызметі  корпоративтік клиентерге операциялық қызмет үшін  әртүрлі аналитикалық кесінділерін құруға көмектеседі. Мысалы, мобильдік құрылғылардың өндірушілері  тек ҚР деңгейінде ғана емес, аймақтарда да нарықтың үлесі бойынша нақты динамиканы  қадағалаудың бірегей  мүмкіндігін алады.  Бөлшек желілер қаланың әртүрлі нүктелерінде , сондай-ақ  ірі ОСО ішінде өтімділігін бағалау мүмкіндігін алады. Дербес деректерге қатысты  барлық  ақпараттың  оператормен өзінің корпоративтік клиенттеріне тек абоненттердің  келісімімен ғана берілетіндігін атап өткен маңызды.

Scroll to Top