Қазақстандық жастар Instagram табысын қайталау үшін күш-жігерлерін біріктіруде

Алматыда «Кселл» компаниясының қолдауымен  мобильдік қосымшаларды әзірлеу бойынша nFactorial екінші жазғы старт-ап инкубаторы  іске қосылды.  120 қатысушылар 10 апта ішінде  AppStore және Google Play-де Instagram, MSQRD және  AngryBirds табыстарын қайталау үшін 50 қазақстандық мобильдік қосымшаларды жасайды және іске қосады.

Биылғы жылы  nFactorialIncubator екінші рет өткізілуде. Инкубаторды жасаушылар – бұл қазақстандық бағдарламашылар   Арман Сулейменов, АлмасТұяқбаев және  Бахытжан Байжікенов. Ұйымдастырушылар дарынның дүние жүзі бойынша біркелкі бөлінгенін, алайда  мүмкіндіктердің барлық жерде бірдей еместігін айтады. Сол себепті олардың мақсаты   қазақстандық және батыстық жастардың ІТ-біліміндегі және озық мобильдік қосымшаларды жасау бойынша тәжірибе жинақтаудағы  мүмкіндіктерін  теңестіру, сондай-ақ  Қазақстанды әлемнің ІТ-картасында бәсекелес ойыншы ретінде таныту болып табылады.

«Қатысушылар үшін жаз аса  ыстық болмақ, себебі оларға  шетелдік В2С және отандық В2В аудиториясына арналған  өнімді жасауға тура келеді. Ұйымдастырушылар  өздеріне қазақстандық бизнестен мақсатты қосымшаларды әзірлеу туралы өтініштерімен 20 өтінім келіп түскенімен бізбен бөлісті, бұл  еліміздің жеке зияткерлік капиталының дамуын қажет ететіндігін, ал компаниялардың өзіміздің әзірлеушілерімізге салым жасауға дайын екендіктерін дәлелдейді. Мұндай компаниялардың бірі «Кселл» компаниясы болып табылады, бізге өз елімізде инновациялық өнімдерді жасау үшін дарынды жастарды ынталандырған, және ел брендін әлемдік ауқымға шығарған қызықты. Біз nfactorialIncubator серіктесі болғанымызға және жас қазақстандық әзірлеушілердің ІТ-әлеуетін дамытуға өз үлесімізді қосатынымызға қуанамыз»,- деп атап өтті Наталья Еськова, «Кселл» АҚ корпоративтік коммуникация бөлімінің басшысы.

Инкубатордың қатысушыларын, ал бұл мектеп оқушылары мен студенттер және басқа азаматтар, жоба бойына тұрақты оқытып отыратын болады. Олармен білімдерімен бөлісу үшін Princeton, CMU, LSE секілді әлемдік жетекші  университеттердің түлектері, бағдарламалау мен ақпараттану бойынша әлем чемпионаттарының финалистері,  Instagram, Facebook, Google, басқада Кремний алқабында орналасқан компаниялардын өкілдері , сондай-ақ Forbes тізімінен қазақстандық кәсіпкерлер шақырылды. Бұл ретте алғашқы ай толығымен теориялық және практикалық зерттеулерге арналатын болады, мысалы, қатысушылар   өз әзірлемелерінде олардың басым ерекшеліктерін қолдану үшін қолданыстағы танымал қосымшаларды клондайтын болады.  

Әзірлеушілерден, дизайнерлерден және маркетологтардан тұратын командалардың алдында  өршіл мақсаттар қойылатын болады.  Өнімді тек жасап қана қоймай, оны 10 мыңдаған адам өздерінің смартфондарына орнатқысы келетіндей, ал бизнестің өкілдері  оны сатып алғысы келетіндей AppStore және Google Play-ға ұсыну.

Инкубатордың  мәрелік кезеңі DemoDay болады. Бұл күні командалар  жасаған жобаларын AppStore және Google Play іске қосады, оларды пайдаланушыларға, сондай-ақ инвесторларға, қазақстандық компаниялардың топ-менеджментіне, БАҚ, рекрутерлерге  ұсынады.

2015 жылы осы жазғы бағдарламаның аясында  қатысушылары AppStore 37 мобильдік қосымшаларды іске қосқанын атап өткен жөн. Олардың бірі –  Kelin, ол Қазақстанның әйелдер қауымының арасында  танымал болып отыр, және әлеуметтік желілердегі ең жақсы талқыланатын жергілікті қосымшалардың  бірі болып табылады. Айтпақшы, өткен 2015 жылғы  инкубатордың  қатысушысы Ануар  Серіков қазір Кремний алқабында, Google  компаниясында тағылымдамадан өтуде.

«Қазақстанда дарынды жастар өте көп, сірә біздің нарыққа  кадрлардың сыни массасы мен әрекеттердің сына массасы жетіспейтін шығар. Бұл үшін өз еліміз туралы батыстық старт-аптардың  бәсекелес  әлеміне таныту үшін, бір табыс тарихы жеткілікті. Бәріміз оны бірге жазып көрейік!» – деп   үндейді Арман Сүлейменов, «ZerotoOneLabs.com» компаниясының бас атқарушы директоры, инкубатордың ұйымдастырушысы.

Инкубатор туралы толық ақпаратты  мына жерден білуге болады: www.n17r.com

Scroll to Top