Kcell және active абоненттері мамыр айында 10 миллион Гб астам мәліметтерді таратуды жеңіл игерді. Бұл компани

Kcell және active  абоненттері мамыр айында 10 миллион Гб астам мәліметтерді таратуды жеңіл игерді. Бұл компанияның осы қызметті 2011 жылы ендіруін бастағаннан кейінгі айына интернет-трафикті тұтынудың рекордтық саны. Қызықты өнімдер мен пайдалы тарифтік жоспарлардан басқа  екпіндеп өсіп отырған интернет-трафикті тұтынуға байланыс сапасы мен компанияның желісін тұрақты кеңейту  әсер етеді.

Өткен айда «Кселл» желісі еліміздің 10 аймағында орналастырылған 60 базалық станциялармен толықты. 2G стандартындағы 21 станция және 3G стандартымен 39 станция Қазақстанның  15 кенттері мен Астана мен Алматы қалаларын қоса алғанда, 10 ірі қалаларында орнатылды.

Астана, Алматы, Семей, Ақтау, Ақтөбе  және Орал қалаларында  3G стандартының байланысы қосымша жабдық арқылы  күшейтілді, ал Астана, Алматы, Семей және Орал қалаларының кейбір жерлерінде дауысты байланыспен және интернет-қосылумен қамту  «Кселл» байланысымен бұрын қамтылмаған аумақтарда 3G стандартының жаңа базалық станцияларын орнату есебінен кеңейтілді. Енді аталған қалаларда орналасқан компанияның абоненттері бұрын өздері қосылу кезінде қиындықтарға тап болған жерлерде бола отырып, интернетке  жоғары қолайлылықпен  кіре алады.    

Астанада мамыр айында жоспарланған драйв-тест өткізілді. Компанияның радиоинженерлері дауыс көрсеткіштері мен интернеттің жылдамдығын өлшей отырып, астананың аумағы бойынша шамамен 500 шақырымды жүріп өтті. Мәліметтерді таратудың ең жоғарғы жылдамдығы  базалық станциядан абонентке 40,1 Мбит/с  Мбит/с (Downlink) және  абоненттен базалық станцияға 3,3 Мбит/с Мбит/с  (Uplink) деңгейінде тіркелді.

Қостанай облысының Қоскөл ауылының 315 тұрғыны  өткен айдан бастап  алғаш рет «Кселл» ұялы байланысын пайдалана бастады. Осындай жаңалық Қостанай облысының Комсомол ауылының, Маңғыстау облысының  1221 адам тұрғындарымен Оңды ауылының, Атырау облысының 3062 адам тұратын Құрсай  ауылының тұрғындарының, және Павлодар облысының Баянауыл ауданының «Жасыбай» курорттық аймағының қонақтары мен тұрғындарының өміріне енді. Бұл ретте Оңды кенті мен Құрсай ауылындағы 2G станцияларымен қатар 3G стандартының базалық станциялары орнатылды, енді ауыл тұрғындары  интернет арқылы сыртқы әлеммен жеңіл қатынас жасай алады. 

Өткен айдан бастап  «Кселл» желісінде дауысты байланыс  Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аумақтарында орналасқан жеті кенттің тұрғындары үшін сапасы тұрғысынан жоғарылады. Бесағаш (Алматы облысы, жалпы 15 000 адамнан астам), Гастелло, Новокиенка және Подгорное (Ақмола облысы,әрқайсысында шамамен 700 адамнан тұратын тұрғындарымен), Новобаженово (Шығыс Қазақстан облысы, 1914 адам), Озерное (Қостанай облысы, 2044 адам), Арықбалық (Солтүстік Қазақстан облысы, 2851 адам)  ауылдарында 2G стандартының  станциялары сигналды қабылдау тұрғысынан күшейтілді.

Scroll to Top