«Кселл» жетілдірілген биллингтік жүйеге ауысады

2016 жылдың шілде айының 1 нен 5 дейін «Кселл» желісінде AMDOCS жетілдірілген биллинг платформасын ендіру бойынша техникалық жұмыстар жүргізілетін болады. Жаңа биллинг жүйесіне көшу қаражаттардың жеткіліксіздігі кезінде байланысты үзуді қамтамасыз ету туралы монополияға қарсы органның ұйғарымын орындау үшін жүзеге асырылады. Ұялы байланыс операторы тарифтеу мен есеп айырысулардың жаңа тәртібіне бірінші болып өтуді Kcell сауда маркасының абоненттері үшін жүзеге асырады.

Оператор 1 шілдеден 5 шілдеге дейін жаңа биллингтік платформаға көшу бойынша жұмыстар барысында «Кселл» желісінің ішіндегі (Kcell және activ нөмірлеріне қоңырау шалу) және басқа операторлардың абоненттерімен дауыстық қосылулар компанияның кез келген абоненттері үшін жұмыс режімінде қол жетімді болатындығын хабарлайды. Бұл ретте біз бұл кезең ішінде балансты толтырудың шектелетіндігіне Kcell абоненттерінің баса көңіл бөлулерін ескертеміз. Осымен байланысты оператор Kcell абоненттеріне 1-шілдеге дейін балансты толтыруды жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстаннан тысқары сапарлар көзделетін болса, роумингке күні бұрын қосылуға кеңес береді, себебі көшу кезеңінде роуминг қызметіне қосылу мүмкін болмайды.

Оператор жаңа биллингтік жүйеге ауысу кезеңінде Kcell абоненттерінің байланыс қызметтерін пайдалануға бірқатар шектеулерге тап болулары мүмкін екендігін ескертеді. Мысалы, Kcell жаңа нөмірлері,тарифтік жоспарларын және қызметтерін, интернет-қызметтерді қоса, қосымша ақпараттық-ойын сауық сервистерін (VAS) қосу, сондай-ақ абоненттік құрылғыларды сатып алу бойынша жеңілдіктер бойынша қызметтер шектелетін болады. Сонымен қатар, абоненттік нөмірді басқа тұлғаға қайта ресімдеу және жаңа абоненттік нөмірді активтендіру бойыншы қызметтер шектелетін болады. Бұл ретте барлық бұрын қосылған қызметтер, мобильдік интернетті және роумингті қоса, сондай-ақ тарифтік жоспарлар Kcell абоненттеріне стандартты режімде ұсынылатын болады.

Аталған кезеңде SIM-картаны ауыстыру немесе қалпына келтіру бойынша қызметтер, нөмірлерді «Кселл» желісінен және желісіне ауыстыру бойынша қызмет, «Конференция» қызметі, кез келген тәсілмен теңгерімді тексеру қызметі қолжетімді болмайды.

Көрсетілген қызметтерді тарифтеу көшу кезеңінде кідіртулермен жүргізілуі мүмкін. Абоненттің шотындағы қаражаттар қозғалысы бойынша толық ақпаратты 5 шілдеден кейін стандартты USSD сұранымы, жеке кабинет арқылы немесе 9090 нөмірі бойынша білуге болады.

Биллингтік жүйе оператор мен абоненттің қарым-қатынасындағы байланыстырушы тізбек болып табылады. «Кселл» биллингтік жүйесіндегі өзгерту біздің клиенттерге қызмет көрсетудің технологиялық деңгейін олардың кешенді қажеттіліктеріне сәйкес арттыру үшін жүзеге асырылады.

Біз абоненттеріміздің түсіністігіне сенім артамыз және ықтимал қолайсыздықтар үшін алдын ала кешірім сұраймыз. Қажет болған жағдайда анықтамалық-ақпараттық қызметтің телефондары бойынша хабарласуға болады: ұялы телефоннан – 9090 (қоңырау шалу тегін), қалалық телефоннан +7 727 258-83-00 (қоңырау шалу тегін), сондай-ақ әлеуметтік желілерде біздің кеңесшілерге сұрақтарыңызды қоя аласыздар.

Scroll to Top