«Кселл» «Special Olympics Kazakhstan» балалардың жазғы лагерінің серіктесі болдыc

20 маусымнан 1 шілдеге дейін Алматы қаласында зияткерлік мүмкіндіктері шектелген балаларға арналған «CampShriver» жазғы спорттық-сауықтыру лагері жұмыс істеді. Лагерь «Кселл» компаниясының қолдауымен «Special Olympics Kazakhstan» Қоғамдық бірлестігімен ұйымдастырылды.

75 жас спортшыларды,10 жаттықтырушыны және 15 волонтерлерді «Haileybury Almaty». Халықаралық мектебі өзінің қонақжай шаңырағының астында қарсы алды. Лагерьдің басты міндеті – ойлау қабілеттері шектелген адамдарға әртүрлі спорт шаралары арқылы позитивті қарым-қатынас.

Биылғы жылы жас спортшылар өздерін спорттың алты түрінен көрсете алды: шағын футбол, бадминтон, баскетбол, жүзу, бочче және флорбол. Арнайы атлеттер жеке және командалық спорт жарыстарына қатысты, оларға волонтерлер мен жаттықтырушылар спорттың жаңа түрлерін меңгеруге және өздерімен ниеттестер мен достар табуға көмектесті.

«Біз 16 жылдан бері «Special Olympics Kazakhstan» серіктесі болып келеміз, өйткені біз инклюзивті қоғамның идеясын толығымен бөлісеміз және қолдаймыз, және осындай қарым-қатынас және өзара әрекеттестік форматы мүмкіндіктері шектеулі адамдарға оның толыққанды қатысушылары болуға көмектеседі деп сенеміз. Біз өз компаниямыздың қолдауымен биыл қарапайым отбасынан шыққан балалар, сондай-ақ арнайы интернаттардың тәрбиленушілері бір-бірімен араласа, қуана, дами және әлеммен және қоғаммен үйлесімді сезіне алғандарына қуанамыз», – одеп атап өтті Наталья Еськова, «Кселл» коммуникация бөлімінің басшысы.

Дүние жүзінде «CampShriver» қозғалысы 1962 жылдан бері әрекет етіп келеді, ал Алматы қаласында алғашқы лагерь алты жыл бұрын өткізілген. Осы қысқа мерзім ішінде «CampShriver» қазақстандық зияткерлік мүмкіндіктері шектелген балаларға көмек және қолдау көрсету үрдісіндегі маңызды тізбекке айналып отыр.

«Special Olympics» – бұл 1968 жылы Кеннеди (АҚШ) отбасымен құрылған, зияткерлік мүмкіндіктері шектелген адамдарға арналған спорттық жаттығулар мен жарыстардың дүние жүзіндегі ең үлкен жыл бойына жұмыс істейтін бағдарламасы. Әлемнің 170 елінде бір миллиионнан астам адам 26 жазғы және қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде жаттығады. «Special Olympics» Қазақстанда балалар мен ересектер үшін тек жаттығуларды, турнирлер мен басқа да спорт шараларын өткізіп қана қоймайды, арнайы атлеттердің халықаралық жарыстарға қатысуын да ұйымдастырады.

Scroll to Top