«Digital Life» жобасының екінші маусымының үш айы ішінде 19 шеберлік сабақтары және «Апалар, аталар және смартфон» 1 курсы өткізілді. Бұл маусымда Қазақстанның 13 қалаларынан 557 адам мобильдік технологиялар туралы жаңа білімдерді және өз смартфондарының барлық мүмкіндіктерін пайдалануды меңгерді.
Шымкент қаласынан көптен күтілген «Апалар, аталар және смартфон» курсының қатысушысы Нина Александровна өзінің өткен жылдан бері жобаның жаңа маусымын күткенін айтады: «Біз достарымызбен өткен жылы «Рабат» газетінде «Апалар, аталар және смартфон» алғашқы курстары туралы оқып, сабақтардың қашан басталатынын күттік. Ұйымдастырушыларға қоңырау шалып, сұрап отырдық. Біз үшін бұл нағыз сыйлық болды. Біз мессенджерлерді пайдалануды үйрендік, Skype меңгердік, тіптен интернетте ақпаратты іздеу жеңіл болды. Біздің алдымызда тұтастай бір жаңа әлем ашылды. Біз тағы да «Білім беруге арналған мобильдік қосымшалар» шеберлік сабағынан өттік!».Жаттықтырушылар ересек қатысушыларға смартфонға бейнені түсіру немесе суретті түсіру және медиафайлдарды жаттықтырушыға What’sApp арқылы жіберу секілді үй тапсырмаларын бере отырып, оларды жүйелі түрде оқытады.


Журналистер секілді смартфондардың неғұрлым тәжірибелі пайдаланушылары мобильдік қосымшалардың жұмысының барлық егжей-тегжейін білетін секілді, алайда «Digital Life» жаттықтырушылары БАҚ өкілдерін жұмыстарында смартфондарды пайдалану бойынша пайдалы кеңестерімен қызықтыра алды. Юлия Ефремова, Өскемен қаласынан «Еуразия бірінші арнасының» журналисті өзінің «Модильдік медиа» шеберлік сабағында көптеген жаңа және қызықты ақпаратты алғаны туралы былай деп бөлісті: «Біз, журналистер, кәсіби камералармен, монтаждау бағдарламаларымен жұмыс істеуге дағдыланғанбыз, алайда біз технологияның қалай өзгеріп отыратынын көреміз, және біз бұл үдерістерден қалғымыз келмейді. Міне осы себепті де, «Мобильдік медиа» шеберлік сабағынан аса қызығушылықпен өттік. Әрине, біз смартфондарда виртуалды шынайылық немесе VR форматында көрген New York Times және Guardian виртуалды шынайылық жобаларынан үлкен әсер алдық».

Кәсіпкерлер үшін қарапайым, бірақ пайдалы мобильдік қосымшаларды пайдалану қазіргі кезде қажеттілікке айналып отыр. Ольга Пак, Астана қаласының тұрғыны, қосымшалардың бизнесті жүргізуді елеулі жеңілдетулері мүмкін екендігін мойындап отыр: «Мұндай жедел қарқында мобильдік қосымшалардың көмегімен өміріңді қалай жеңілдетуге және уақытыңды үнемдеуге болатыны туралы білу өте қызықты болды! Өзім үшін өте көп пайдалы ақпаратты білдім: тауарлар мен қызметтерді қалай сатуға немесе сатып алуға болады, авиабилеттерге қалай тез тапсырыс беруге болады, тапсырмаларды қалай жоспарлауға және тұрғын жайды қалай броньдауға болады, жеке тиімділікті қалай көтеруге болады және тиімді жұмыс үшін басқа мобильдік құралдар туралы».
«Мобильдік қауіпсіздік» шеберлік сабағын ең маңыздылардың бірі деп атауға болады. Бұл шеберлік сабағы мобильдік технологиялардың көмегімен өз балаңызды сыртқы ортадағы және виртуалды қауіптерден қалай қорғауға, қаупіті жағдайларда өзіңе қалай көмектесуге болатынына үйретеді. Алматыда ол жасөспірімдер мен олардың айналасындағыларға көмектесетін Teens қазақстандық ұйымымен бірлесіп өткізілді. Шеберлік сабағында жаттықтырушылар ересектерді «дабыл түймесі» секілді жұмыс істейтін қосымшаларды пайдалануға, және де баланы интернеттегі жағымсыз контенттен қалай қорғауға үйретті.
«Кселл» компаниясы іске асырып отырған «Digital Life» жобасының 2015 жылы маусым айында «E-event» агенттігімен бірлесіп басталғанын естеріңізге салып өтеміз. Өткен жылы Қазақстанның 16 қалаларында өткен және студенттерден бастап зейнеткерлерге дейін барлық әлеуметтік топтарды қамтыған шеберлік сабақтарына, тренингтер мен акцияларға 4 мыңнан астам адам қатысты.
«Digital Life» жобасының мақсаты – смартфондар мен мобильдік қосымшалар ашатын мүмкіндіктер мен артықшылықтар туралы халықтың ауқымды тобының хабардарлығын көтеру. Мұндай маңызды миссияны жалғастыра отырып, биылғы жылы Қазақстанның 16 қалаларында 90 оқыту семинарлары мен шеберлік сабақтарын өткізу жоспарланып отыр, оған бірнеше мыңдаған адамдар қатысатын болады.
«Біз үшін шеберлік сабақтарға қатысушыларда ілгерілеуді бақылау және олармен бірге өздері үшін мобильдік технологияларда жаңа және пайдалы қосымшаларды ашқан кездегі әсерлерін бірге бастан кешірудің өзі қуаныш. Біз үшін ұялы байланыстың пайдаланушыларының өз смартфондарының барлық мүмкіндіктерін қолдана алулары және әртүрлі мобильдік қосымшалардың көмегімен өз өмірлерін жеңілдетулері маңызды. Аталған жобаның маңызды миссиясы «сандық теңсіздікті» азайту және қазақстандықтарға жаңа технологиялардың – қол жетімді, қызықты, қолайлы және қарапайым екендігін көрсету болып табылады», – деп атап өтті Наталья Еськова, «Кселл» АҚ коммуникация бөлімінің басшысы.
Шеберлік сабақтарының маусым айындағы кестесімен мұнда танысуға болады. Жоба туралы қосымша ақпарат мұнда.

