«Кселл» АҚ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нда несиелік желісін ұзартады және көбейтеді

Алматы, 2016 жыл 15 шілде. «Кселл» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам немесе Компания) (LSE, KASE: KCEL) – пайданың көлемі мен абоненттердің саны бойынша Қазақстан нарығында мобильді телекоммуникациялық қызметтердің жетекші провайдері өзінің акционерлері мен инвесторларына келесіні хабарлайды: 2016 жылдың 13 шілдесінде Компанияның Директорлар Кеңесі «Кселл» АҚ мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арасында жасалған 2013 жылдың 24 қыркүйегіндегі Келісімнің шарттарын өзгерту туралы шешім қабылдады. Несиелік желінің сомасы 30 млрд. теңгеден 42 млрд. теңгеге дейін көбейтілді, несиелік желіні пайдалану кезеңі 2019 жылдың 02 желтоқсанына дейін ұзартылды.

Байланыс деректері 
Инвесторлармен байланыс 
Ирина ШольТел: +7 727 2582755, қос. 1002Investor_relations@kcell.kz
  
БАҚНаталья ЕськоваТел: +7 727 2582755, қос. 1902Pressa@kcell.kz
  
Халықаралық БАҚ 
Instinctif PartnersКей Ларсен, Галина Кулачек,Эдриан ДаффилдТел: +44 207 457 2020

Компания туралы

Kcell қосымша құны бар дауыстық байланыс қызметтерін көрсетеді, оның ішінде қысқа хабарламалар сервисі, мультимедиялық хабарламалар және мобильді контент-қызметтері сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ Интернетке қолжетізімді қосқанда деректерді беру қызметтері. Компания екі бренд ұсынады: ең алдымен, корпоративтік клиенттерге (оның ішінде мемлекеттік ұйымдарға) бағытталған Kcell бренді және, ең алдымен, жаппай нарық абоненттеріне бағытталған Activ бренді. Компания өз қызметтерін Қазақстан Республикасының халық орналасқан барлық дерлік аумағын ұялы байланыспен қамтыған.

2012 жылдың желтоқсанында Kcell Лондон қор биржасында ЖДҚ және KASE-те өзінің жай акцияларын сәтті орналастырды. Баға бір ЖДҚ үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акцияға 1,578.68 теңге көлемінде орнатылды, мұнда бір ЖДҚ бір акцияға тең. Ұсыныс Kcell жарғылық капиталының 25 пайызын құрайтын TeliaSonera-ға 50 млн. акцияны сатудан тұрды.

Кейіннен Kcell Қазақстандағы мобильді деректерді беру қызметтері сегментіндегі елеулі өсім әлеуетінен табыс алуды көздеуде. Kcell Қазақстан Республикасындағы мобильді деректерді беру өсімінің айтарлықтай әлеуетінен пайда көруді жоспарлауда. Компания қамту аймағын кеңейту мақсатында 3G желісін жаюғағ сондай-ақ орнатылған тәртіпте 4G стандартындағы жоғары сапалы байланысты ендіруге инвестиция құюды жалғастырмақ. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге төзімді бағаларға ұсыну, желінің жоғары сапасын сақтау мен бренд құндылығын арттыру арқылы табыс көлемі мен абоненттер саны бойынша өзінің жетекшілігін сақтап қалуға талпынуда

Scroll to Top