Алматы, 2016 жыл 15 шілде. «Кселл» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам немесе Компания) (LSE, KASE: KCEL) – пайданың көлемі мен абоненттердің саны бойынша Қазақстан нарығында мобильді телекоммуникациялық қызметтердің жетекші провайдері 2016 жылдың 13 шілдесінде Компанияның Директорлар Кеңесі «Кселл» АҚ мен «Ситибанк Казахстан» АҚ арасында жасалған 2015 жылдың 17 қыркүйегіндегі Шартты міндеттемелер туралы бас келісім (бұдан әрі – «Келісім») аясында несиелік желінің ағымдағы сомасын 15 млн. АҚШ долларынан 65 млн. АҚШ долларына көбейту туралы шешім қабылдағаны туралы ақпаратты өзінің акционерлері мен инвесторларына хабарлайды.
| Байланыс деректері | |
| Инвесторлармен байланыс | |
| Ирина Шоль | Тел: +7 727 2582755, қос. 1002Investor_relations@kcell.kz |
| БАҚНаталья Еськова | Тел: +7 727 2582755, қос. 1902Pressa@kcell.kz |
| Халықаралық БАҚ | |
| Instinctif PartnersКей Ларсен, Галина Кулачек,Эдриан Даффилд | Тел: +44 207 457 2020 |
Компания туралы
Kcell қосымша құны бар дауыстық байланыс қызметтерін көрсетеді, оның ішінде қысқа хабарламалар сервисі, мультимедиялық хабарламалар және мобильді контент-қызметтері сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ Интернетке қолжетізімді қосқанда деректерді беру қызметтері. Компания екі бренд ұсынады: ең алдымен, корпоративтік клиенттерге (оның ішінде мемлекеттік ұйымдарға) бағытталған Kcell бренді және, ең алдымен, жаппай нарық абоненттеріне бағытталған Activ бренді. Компания өз қызметтерін Қазақстан Республикасының халық орналасқан барлық дерлік аумағын ұялы байланыспен қамтыған.
2012 жылдың желтоқсанында Kcell Лондон қор биржасында ЖДҚ және KASE-те өзінің жай акцияларын сәтті орналастырды. Баға бір ЖДҚ үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акцияға 1,578.68 теңге көлемінде орнатылды, мұнда бір ЖДҚ бір акцияға тең. Ұсыныс Kcell жарғылық капиталының 25 пайызын құрайтын TeliaSonera-ға 50 млн. акцияны сатудан тұрды.
Кейіннен Kcell Қазақстандағы мобильді деректерді беру қызметтері сегментіндегі елеулі өсім әлеуетінен табыс алуды көздеуде. Kcell Қазақстан Республикасындағы мобильді деректерді беру өсімінің айтарлықтай әлеуетінен пайда көруді жоспарлауда. Компания қамту аймағын кеңейту мақсатында 3G желісін жаюғағ сондай-ақ орнатылған тәртіпте 4G стандартындағы жоғары сапалы байланысты ендіруге инвестиция құюды жалғастырмақ. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге төзімді бағаларға ұсыну, желінің жоғары сапасын сақтау мен бренд құндылығын арттыру арқылы табыс көлемі мен абоненттер саны бойынша өзінің жетекшілігін сақтап қалуға талпынуда