Кіріс және абоненттік база көлемі жағынан Қазақстаның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания» деп аталады) (LSE, KASE: KCEL) 2016 жылдың екінші тоқсанындағы және бірінші жарты жылдығындағы қызметінің аралық нәтижелерін жариялайды.
Екінші тоқсан
- Сатылымдардың таза көлемі 15,3 пайызға төмендеп, 36 413 млн. теңгені (42 980) құрады. Қызметтерден түскен кіріс 15,1 пайызға төмендеп, 34 012 млн. теңгені (40 079) құрады.
- Бір реттік шығыстарды ескермегендегі EBITDA көрсеткіші 35,4 пайызға төмендеп, 14 338 млн. теңгені (22 184) құрады. EBITDA бойынша рентабельділік 39,4 пайызға дейін (51,6) төмендеді.
- Бір реттік шығыстарды ескермегендегі операциялық пайда 50,7 пайызға төмендеп, 7 914 млн. теңгені (16 057) құрады.
- Қаржыландыруға жұмсалған таза шығыстар 1 834 млн. теңгеге дейін ұлғайды (1 405).
- Таза пайда 4 630 млн. теңгеге дейін 59,1 пайызға төмендеді (11 319).
- Бос ақшалай қаражат ағыны 4 534 млн. теңгеге дейін қысқарды (11 221).
- Тоқсан ішінде абоненттік база 107 мың пайдаланушыға азайды.
Бірінші жарты жылдық
- Сатылымдардың таза көлемі 16,5 пайызға төмендеп, 71 883 млн. теңгені (86,064) құрады. Қызметтерден түскен кіріс 15,4 пайызға төмендеп, 67 526 млн. теңгені (79 835) құрады.
- Бір реттік шығыстарды ескермегендегі EBITDA көрсеткіші 36,0 пайызға төмендеп, 29 265 млн. теңгені (45 697) құрады. EBITDA бойынша рентабельділік 40,7 пайызды құрады (53,1).
- Бір реттік шығыстарды ескермегендегі операциялық пайда 48,2 пайызға төмендеп, 17 329 млн. теңгені (33 454) құрады.
- Қаржыландыруға жұмсалған таза шығыстар 2 584 млн. теңгеге дейін ұлғайды (1 687).
- Таза пайда 11 255 млн. теңгеге дейін 54,2 пайызға төмендеді (24 553). Бос ақшалай қаражат ағыны 8 960 млн. теңгені құрады (14 410).
- 2015 жылдың екінші тоқсанының соңынан бастап абоненттік база 999 мың пайдаланушыға қысқарды.
Екінші тоқсан мен бірінші жарты жылдықтың нәтижелеріне түсінік бере отырып, «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс: «2016 жылдың бірінші жартысындағы операциялық ортаға бұрынғыша бағалардың төмен деңгейі және макроэкономикалық белгісіздік тән. Сонда да екінші тоқсанда нарықтық бағалар мен абоненттер санының біршама тұрақтанғаны байқалады. Қазіргі уақытта ұялы байланыс нарығындағы баға қысымы төмендеп келеді, операторлар лимитсіз ұсыныстардан бас тартып, төменгі баға сегментінде пайдаланушыларға арналған ұсыныстардың бағаларын арттыруда. Мұндай баға тенденциясы бірінші тоқсанда байқалған абоненттік базаның қысқаруын тоқтатуға жәрдемдесті» деді.
Мамыр және маусым айларында компания абоненттерінің саны тұрақтанды және маусым айының басында іске қосылған жаңа тарифтік жоспарлардың, сондай-ақ белсенді маркетингтік қызметтің арқасында «Кселл» абоненттік базаның аздап ұлғаюына қол жеткізе алды. Сондай-ақ 2016 жлдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда екінші тоқсанда байланыс қызметтерінен түскен кіріс те тұрақты болды.
«Екінші тоқсанда желіге абоненттер келуінің теріс көрсеткішін меңгеру бөлшек сегменттегі біздің негізгі міндетіміз болды. Клиенттердің азаюын болдырмау үшін біз ARPU көрсеткіші төмен клиенттерді сақтауға және қарапайым ұялы телефондарды пайдаланатын немесе ұялы деректер беру қызметтерінің пайдаланушылары болып табылмайтын жаңа клиенттерді тартуға бағытталған «Әңгіме» атты қолжетімді тарифтік жоспарды енгіздік. Абоненттік базаны ұлғайту мақсатында екінші тоқсанда енгізілген бастамалардың ішінде акциялық пакеттерді тарату да бар. Қолданылған шаралар абоненттер санының қысқаруын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беріп, нарықтағы үлесімізді қалпына келтіруге, кірісті тұрақтандыруға және шығындарды азайтуға жағдай жасады», – деп баяндады Арти Отс.
Бірінші жарты жылдықта компания бизнестің барлық салаларындағы технологияларды жаңартуды және жетілдіруді жалғастырды. Солайша LTE/4G стандартындағы қызметтерді коммерциялық іске қосуға дайындық аясында желі сапасы айтарлықтай арттырылды. Сондай-ақ қызмет көрсету нәтижелілігі мен сапасын арттыру мақсатында Kcell клиенттерін жаңа биллингтік жүйеге аудару үрдісі басталды.
Мамыр айында компания «Жоғары деңгейлі ашықтыққа ұмтылу» үшін Қазақстандық қор биржасының құрметті марапатына ие болды. «Біз бұрынғыдай корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын ұстанудамыз және нарықтағы жетекшілігімізді сақтау мақсатында өнімдеріміз бен қызметтерімізді жақсартуға инвестициялар бағыттай отырып, бизнестің нәтижелілігін арттыру үшін барлық мүмкіндіктерді толық-қанды пайдалануға ұмтылудамыз», – деп атап өтті Арти Отс.
| Млн. теңге, бір акцияға шаққандағы негізгі коэффициенттерді, көрсеткіштерді және өзгерістерді қоспағанда | 2016 жылғы сәуір-маусым | 2015 жылғы сәуір-маусым | Өзгеріс(%) | 2016 жылғы қаңтар-маусым | 2015 жылғы қаңтар-маусым | Өзгеріс(%) |
| Таза түсім | 36 413 | 42 980 | -15,3 | 71 883 | 86 064 | -16,5 |
| соның шінде қызметтерден түскен кіріс | 34 012 | 40 079 | -15,1 | 67 526 | 79 835 | -15,4 |
| Бір реттік шығыстарды ескермегендегі EBITDA | 14 338 | 22 184 | -35,4 | 29 265 | 45 697 | -36,0 |
| Маржа (%) | 39,4 | 51,6 | 40,7 | 53,1 | ||
| Негізгі қызметтен түскен кіріс | 7 801 | 16 057 | -51,4 | 16 859 | 33 127 | -49,1 |
| Бір реттік шығыстарды ескермегендегі негізгі қызметтен түскен кіріс | 7 914 | 16 057 | -50,7 | 17 329 | 33 454 | -48,2 |
| Бас компанияның меншік иелеріне тиесілі таза пайда | 4 630 | 11 319 | -59,1 | 11 255 | 24 553 | -54,2 |
| Бір акцияға шаққандағы кіріс (теңге) | 23,1 | 56,6 | -59,1 | 56,3 | 122,8 | -54,2 |
| CAPEX мәнінің сатылымдарға қатынасы (%) | 8,3 | 8,9 | 44,8 | 6,9 | ||
| Бос ақша ағыны | 4 534 | 11 221 | -8 960 | 14 410 |