2015 жылы шілде айында «Кселл» мобильдік операторы нарықтың корпоративтік сегменті үшін тиянақталған интернет қызметін алғаш рет іске қосқан. Бүгін компания бұл сегменттегі өзінің жұмысының бірінші жылын атап өтеді.
Тиянақталған интернет қызметі бойынша «Кселл» компаниясының бірінші клиенті «PSI Stroy Industria» компаниясы болды, ол өз қызметін Шығыс Қазақстан облысының аумағында жүргізеді. Компания менеджменті тиянақталған интернет қызметінің жеткізушісі ретінде «Кселл» компаниясын бірнеше себептер бойынша таңдаған, олардың ішіндегі ең бастысы – интернеттің жоғары жылдамдығы және 24/7 режімінде тоқтаусыз қызмет көрсету (техникалық қолдау және мониторинг). Сонымен қатар, бұл компаниялардың объектілері облыс орталықтарынан барынша алыс қашықтықта орналасқан. Мұндай жағдайларда, тек мобильдік технологиялар ауқымды деректерді таратудың талап етілетін жылдамдығын қамтамасыз ете алмайды. Мұнда кешенді шешім талап етіледі.
«Біздің компанияның ел экономикасы үшін маңызды өнеркәсіптік объектілердің құрылысымен және пайдалануға берумен айналысатын атап өткім келеді. Сол себепті объектіде келісілген жұмыс кестесін сақтау біз үшін аса маңызды. Кейбір кездері біздің объектілер қызметкерлерге оперативті деректермен алмасу қызметтерін көрсету мүмкіндігі жоқ, жету жолы қиын жерлерде орналасады. Мұндай объектілерде «сыртқы әлеммен» байланыс бізде Интернет арқылы ұйымдастырылған: бұл телефония, электронды пошта және офистің күнделікті жұмысы үшін қажетті басқа да сервистер. Біз «Кселл» компаниясынан «Тиянақталған интернет» қызметі бойынша тиімді және сапалы ұсынысты қуана аламыз, бұл қызмет Шығыс Қазақстан облысында, облыс орталығынан 900 шақырым жерде орналасқан «Ақтоғай» кен орнында оператормен табысты іске асырылып отыр», – деп атап өтті Қанат Сарабаев, PSIStoryIndustria ЖШС Ақараттық Технологиялар бойынша директоры.
Осы қызмет бойынша нарықтағы бір жылғы жұмысы ішінде компания Қазақстанның барлық аймақтарында 95 нүктелерді қосты. Компания қоржынында бұл қызмет Қазақстанның оңтүстік, солтүстік және орталық аймақтарында неғұрлым талап етіледі. Жалпы, компанияның тиянақталған интернет бойынша компанияның желісі келесі жолмен бөлінген: 25% оңтүстік аймаққа тура келеді, 21% – солтүстік және орталық аймақтарға, 19% Астанаға, 18% Алматыға, 11% Қазақстанның шығысына және 6% елдің батысына сәйкес келеді. Аталған қызметті пайдаланатын компанияның клиенттері «Кселл» компаниясынан тиянақталған интернеттің қызмет көрсету деңгейі туралы келісімге жазылатын сервис кепілдігі, талап етілетін жылдамдықта лимитсіз симметриялық арна, көп деңгейлі қызмет көрсету және ауқымды қамту географиясы секілді басымдылықтарын атап өтеді.
«Кселл» АҚ нарықты дамыту бойынша департаменттің директоры Ольга Цойдың айтуы бойынша: «Жылдамдықты Интернет-арналар корпоративтік клиенттер нарығында жоғары деңгейде талап етіледі. Әсіресе, жоғары жылдамдық, ең аз дәрежедегі кідіртулер, арнаның сенімділігі және қалалардағы, және шалғай жатқан стратегиялық маңызды объектілерде Клиенттердің туындайтын сұраныстарына әрекет ету жылдамдығы секілді қызметтің көрсеткіштері құнды. «Тиянақталған Интернет» қызметі бойынша біздің ұсынысымыз аталған сұранысқа толығымен сәйкес келеді, бұл ретте біз, жаңа инновациялық шешімдерді ендіре отырып, ұсынылатын сервистердің тек санына ғана емес, сапасына да бағдарланамыз».
«Кселл» техникалық мүмкіндіктеріне байланысты «Тиянақталған Интернет» қызметіне қосылудың екі нұсқасын таңдауды ұсынады: талшықты-оптикалық кабель және радиорелейлік байланыс желілер арқылы соңғы миляны ұйымдастыру. Деректерді таратудың радиорелейлік арнасын ұйымдастыру жағдайында «Кселл» соңғы миля учаскелерінде магистральды өнеркәсіптік жабдықты пайдаланады, бұл байланыстың талшықты-оптикалық желілерінен кем түспейтін сенімді шешімге кепілдік береді.
Қазіргі уақытта «Кселл» өзінің корпоративтік Клиенттеріне шамамен 1,2 Гбит/с жалпы арна жолағымен «Тиянақталған Интернет» Қызметін ұсынады. Компанияның клиенттері 160 Мбит/с дейін жылдамдықпен тиянақталған интернетті сатып алады, бұл Интернет-қызметтердің осы санаты үшін жоғары көрсеткіш болып табылады.
*Тиянақталған интернет – бұл деректерді таратудың кең жолақты арналарын пайдалана отырып, Интернет желісінің ресурстарына қол жеткізуді ұсыну қызметі. Тиянақталған интернеттің басты басымдылықтары мобильдік интернетпен салыстырғанда жылдамдығы бойынша, деректерді тарату сапасы бойынша және сенімділігі бойынша неғұрлым жоғары көрсеткіштер болып табылады. Осы басымдылықтардың арқасында абоненттер жоғары жылдамдықты ауыр файлдарды тарату, бейне файлдарды қарау, файлдық серверлерге қатынау және басқа секілді ресурссыйымды қызметтер кешенін алады. Бұл сәттер кәсіпорындар, әсіресе ірі елді мекендерден қашықта орналасқан кәсіпорындар үшін интернеттің әртүрлілігін таңдау кезінде негізгі болып табылады. Сол себепті тиянақталған интернет Қазақстанда сұранысқа ие болып отыр.